Генетикалық бейміділік, тұлғаның преморбидті ерекшеліктері, эмоционалды лабильділік, психопатизация, «мінсіз дене пішіні» жөніндегі қоғамда қалыптасқан пікір.
16–18 жас аралығындағы жас қыздардың 1 %-да көрініс береді; жасөсіпірім қыздар мен қыздардағы дене салмағын жоғалтудың басты себебі.
Басты клиникалық көріністері
Науқастың тамақтан бас тартуын жасыруы,тағам қабылдаудан кейін жасанды түрде құсу рефлексін шақыру, булимия ұстамалары, аменорея, брадикар-
дия, артериальді гипотензия, ұзақ уақыт бойы қыимыл және интелектуальді белсенділігінің сақталуы, кахексиялық сатыда терім асты шел май қабатының болмауы, ақуызсыз ісінулер, электролит алмасуының айқын бұзылысы.
Диагностикасы
Жүйкелік анорексия диагнозының қағидалары:
— салмағының төмендеуіне қарамастан, дене салмағын қосу жөніндегі ойға үрейлі қорқыныш.
— жағдайының ауырлауына қарамастан, сырт-әлпеті жөніндегі уайым.
— минимальды қалыпты деңгейден дене массасын сақтаудан бас тарту.
— аменорея
Жүйкелік булемияның даигностикалау қағидалары:
— тағам қабылдау эпизодтарының жиіленуі
— жоғары құндылықты, тез сіңірілілетін тағамдарды ұстама кезінде қабылдау
— тағам қабылдау реттелігін сақтай алмау
1. Эндокринді аурулар: гипофизарлы шамасыздық, бүйрек үсті безі шамасыздығы.
2. Ауыр соматикалық аурулар: туберкулез, қатерлі ісіктер, мальабсорбция және т.б.
3. Психикалық аурулар (анорексиялық синдроммен шизофрения және т.б.)
Емі
Психиатрмен жүргізіледі.
Болжамы
Өлім жітім көрсеткіші 5–10 %; тек науқастардың 65 %-ын толығымен сырқатынан айырылған деп есептеуге болады