Клиникалық көріністері
Парциальды гипопитуитаризм клиникалық түрлі үйлесімде
екіншілік гипотиреозбен, гипогонадизммен, гипокортицизммен және ӨГ тапшылығының бейспецификалық симптоматикасымен көрінеді (2.7кесте).
Пангипопитуитаризм Шиен-Симмондс (ШСС) синдромының
классикалық ағымында бірнеше жылдарда дамиды. Ауыр жағдайларда науқастың дене массасы 25–30 кг-ға дейін үдемелі төмендейді.Науқас біркелкі арықтайды, бұлшықеттері атрофияланады, ішкі ағзаларының көлемі кішірейеді. Тері жабындыларына арнайы өзгерістер тән: терінің жұқарып, құрғауы оған папирус қағазына ұқсас сипат береді, терісі әжімденіп, қабыршақтанып, балауыз секілді ақшыл-сары реңге ие болады.
2.7 кесте. Гипопитуитаризмнің клиникалық көріністері
Тапшылықты гормон атауы
|
Клиникалық көріністері
|
ӨГ
|
Еңбекке қабілетінің және физикалық жүктемелерге толеранттылығының төмендеуі, дене массасының төмендеуі, семіздік, атеросклероз, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қаупінің артуы, депрессивті бұзылыстар
|
ЛГ/ФСГ
|
Әйелдерде: ановуляция, аменорея, диспареуния.
Ер адамдарда: эректильді дисфункция, аталық без атрофиясы.
Екі жыныста да: либидоның төмендеуі, жыныстық түктенудің жоғалуы, бедеулік
|
АКТГ
|
Біріншілік гипокортицизм секілді (4.5 бөлімді қараңыз), тек гиперпигментация және альдостерон тапшылығының көріністері (гиперкалиемия, гипотония) дамымайды
|
ТТГ
|
Біріншілік гипотиреоз секілді (3.6. бөлімді қараңыз)
|
Пролактин
|
Агалактия
|
Қолтық астындағы және қасағадағы түктену жоғалады, ареолалар және шат аймағы депигментацияланады. Аменорея, либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция, жыныс мүшелері мен сүт бездерінің баяу атрофиясы көрініс береді. Босанудан кейін дамыған ауруға агалактия тән. Тән жағдайда «7А» синдромы анықталады (Аменорея, Агалактия, Аксиллярлы түктенудің жоғалуы, Ареола депигментациясы, «Алебастрлі» тері бозғылттығы мен гипотрофиясы, Апатия, Адинамия). Кеш сатыларына кенет дамитын жалпы әлсіздік, апатия, адинамия, тіпті толық қимылдың болмауына дейін, гипотермия, ортостатикалық коллапс, коматозды жағдай тән, егер емдік шараларды дер кезінде қолданбаса өліммен аяқталады. Жедел аденогипофизарлы жеткіліксіздік (гипофизарлы кома)- жедел бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі мен гипотиреоидты команың ұштасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |