Мақсаты: өкпенің тығыздалу синдромының симптомдарын және оларды физикалық зерттеу әдістері білу. Балалардағы ерекшелігі. Жоспары



Дата27.11.2023
өлшемі20,24 Kb.
#129263

Өкпенің тығыздалу синдромы. Балалардағы ерекшелігі.
Мақсаты: өкпенің тығыздалу синдромының симптомдарын және оларды физикалық зерттеу әдістері білу. Балалардағы ерекшелігі.
Жоспары
1.Синдром туралы түсінік. Әкелетін факторлары.
2.Бөліктік пневмонияның клиникалық көрінісі
- қабыну инфильрациясы синдромының 1 стадиясындағы көрінісі
- қабыну инфильрациясы синдромының 2 стадиясындағы көрінісі қабыну инфильрациясы синдромының 3 стадиясындағы көрінісі
3.Лабораторлық-құралдық зерттеу әдістері
4. Балалардағы пневмонияның ерекшелігі.
Кіріспе
Бір патогенезге негізделген, бір- бірімен байланысқан симптомдардың жиынтығы. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы өкпенің ауалық бөлігінің азаюымен немесе мүлдем жоғалуымен сипатталады.
Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы.
Бұл синдром кезінде тығыздалу белгілі бір ошақта болады, айналасында қалыпты өкпе тіні жайлайды.
Кездесетін жағдайлар:
а) Ошақты пневмонияда (бронхопневмония), альвеолалар қабынған сұйықтықпен және фибринмен толады.
б) Өкпе инфарктісінде (альвеолалар қанмен толады).
в) Пневмосклероз, карнификация (өкпеде дәнекер тінінің, ісіктің өсуі).
Өкпе тінінің бөліктік тығыздалу синдромы.
Бұл синдромда ошақты тығыздалу синдромымен салыстырғанда, өкпенің бір бөлігі немесе бірнеше бөлігі тығыздалады.
Кездесетін жағдайлар:
а) крупозды пневмония (плеврапневмония ), альвеолалар қабынған сұйықтықпен және фибринмен толады.
б) пневмосклероз, карнификация (өкпеде дәнекер тінінің, ісіктің өсуі).
Пневмония-өкпенің тыныстық бөлімдерін ошақты зақымдайтын және альвеолаларды экссудатпен толтыратын инфекциялық ауру.
Әсер ететін факторлар:

  • Темекі тарту;

  • Маскүнемдік;

  • Жұмыс істеу ортасының шаңды және газды болуы;

  • Балалық шақта ауырған аурулары қызылша, көксау,созылмалы бронхит және тыныс алу жүйесінің жеңіл аурулары өкпенің қабынуына себеп болады.

Қабыну синдромының бірінші стадиясы:
Қарау:

  • Цианоз, тыныс алу актісінде зақымдалған кеуде қуысының қозғалғыштығының төмендеуі;

  • Ауырсынуды басу үшін ауырсынуы бар бөлікке қарай жату (бүйірге қарай жату);

  • Қызбалық бет (Facies febrilis), беттің қызаруы (жиі ауырсыну болған жақта), көздері жылтыраған, еріндері кепкен. Ерін мен мұрын манайында герпестік бөртпелер кездеседі.

Пальпация: кеуде қуысының эластикалық қасиетінің төмендеуі, тығыздалу бар аймақта дауыс дірілінің жоғарлауы.
Перкуссия: перкуторлы дыбыстың тұйықталып, тимпаникалық дыбысқа ауысуы, зақымдалған бөлігінің төменгі бөлігінің қозғалғыштығының төмендеуі.
Аускультация: везикулярлы тыныстың әлсіреп, бронхтық тынысқа ауысуы. Бастапқы сықыр (crepitatio indux). Бронхофония жоғарлаған.
Екінші стадия:
Шағымдары: дымқыл жөтел, 2-3 күндері жөтелмен тот басқан какырық (қызыл бауырлану кезеңінде), кейін шырышты-іріңді (сұр бауырлану кезенінде) шығады. Тыныс алғанда кеуде қуысының ауырсынуы. Ентігудің жоғарылауы. Қызба, әлсіздік, терлеу сақталады.
Қарау: Тыныс алу актісінді кеуде клеткасының зақымдалған бөлігінің айқын қалып коюы көрінеді. Цианоз. Тыныс алуы беткей, тахипноэ.
Пальпация: Кеуде клеткасының зақымдалған бөлігінің ауырсынуы, дауыс дірілі айқын жоғарлаған.
Перкуссия: Тұйық дыбыс (тыныш, қысқа, жоғарғы), тығыз ауасыз өкпе.
Аускультация: бронхиалды тыныс, плевра үйкелісінің шуы (егер қабынулық инфильтрат плевраға жақын орналасса), бронхофония жоғарлаған.
Үшінші стадия:
Шағымдары: шырышты-іріңді қақырықты жөтел, ентігудің төмендеуі, әлсіздік, дене температурасының төмендеуі немесе мүлде болмауы.
Пальпация: бірінші стадия белгілері.
Перкуссия: бірінші стадия белгілері.
Аускультация: әлсіреген везикулярлы тыныстың пайда болуы, крепитация (crepitatio redux), ұсақ көпіршікті сырыл, бронхофония күшейген.
Лабороторлы-құралдық зерттеу:
Рентгенологиялық: өкпенің сегментін немесе бөлігін қамтыған гомогенді қараю ошағы.
Қанды зерттеу: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.
Қақырықты зерттеу: шырышты-іріңді, қан аралас (тот басқан), лейкоциттер, эритроциттер мөлшері көп.
Пневмонияның баалардағы ерекшелігі:

  • 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда үй жағдайында жиі пневмонияның қоздырғышы болып пневмококтар (Streptococcus pneumonia) және гемофильді таяқша - Haemophylus influenzae табылады.

  • Жас балаларда пневмония сыртқы қарауда анық көрінеді (естуге қарағанда) («лучше видно,чем слышно»).

  • Пневмониялық интоксикация: ерін үшбұрышының көгеруі, тыныстың жиілеуі, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы, мұрын қанаттарының ісінуі, терлеу.

  • Жас балаларда дене температурасының көтерілуі нәтижесінде тырыспа болуы мүмкін.

Иллюстративті материал: слайдтар, кодограммалар
Негізгі әдебиеттер:

  1. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней: учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 848 с.

  2. Лиссауэр Т., Клейден Г. Пропедевтика детских болезней, иллюстрированный учебник/ пер. с англ. под ред. Н.А.Геппе. – 3-е изд. – М., 2008. – 350 с.

  3. Геппе Н.А. Пропедевтика детских болезней: учебник + СД.–М., 2008.– 464 с.

Қосымша әдебиеттер: 
1. Ивашкин В.Т., Шептулин А.А. «Пропедевтика внутренних болезней». – Москва. – МЕДпрессс-информ. - 2003
2. Жмуров В.А., Малишевский «Пропедевтика внутренних болезней». – Москва. – Мед.книга. – 2001
3. Струтынский А.В, А.П.Баранов и др. «Основы семиотики заболеваний внутренних органов атлас». – Москва. - 2005
5. Шамов И.А. «Пропедевтика внутренних болезней». – Москва – ФГОУ «ВУНМЦ Росздрав»- 2005
6. Шулутко Б.И., Макаренко С.В. «Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней» - СПб - 2005 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет