Эндокринология


Медикаментозды тиреотоксикоз



бет55/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Медикаментозды тиреотоксикоз - тиреоидты гормон препараттарының артық мөлшерде берілуімен байланысты.



3.3 кесте. Қалқанша без ауруларының функциональды (синдромальды)
жіктемесі



Тиреотоксикоз синдромы
I. ҚБ гормондарының артық өндіруімен байланысты тиреотоксикоз.
1. Грейвс ауруы
2. Көп түйінді уытты жемсау
II. ҚБ тыс тиреоидты гормондардың артық өндіруімен байланысты тиреотоксикоз (хорионэпителиома, struma ovarii).
III. ҚБ гормондарының гиперпродукциясымен байланысты емес тиреотоксикоз.
1. Медикаментозды тиреотоксикоз
2. Деструктивті тиреоидиттердің тиреотоксикалық фазасы (жеделдеу, босанудан кейінгі)



Гипотиреоз синдромы
I. Біріншілік гипотиреоз
II. Орталық генезді гипотиреоз (екіншілік)
III. Тиреоидты гормондардың метаболизмі мен тасымалдануының бұзылуы.



Қызметінің бұзылуынсыз дамитын ҚБ аурулары
I. Эутиреоидты жемсау
1.Тиреоидты гормондардың синтезінің бұзылысымен байланысты жемсау
2. Зобогенді заттардың әсерінен дамыған жемсау
II. Тиреоидты неоплазия
1. Қатерсіз ісіктер
2. Қатерлі ісіктер
III. Тиреоидиттер

ҚБ гипофизге тәуелді, сондықтан оның жеткіліксізділігі біріншілік және екіншілік болып жіктеледі. Біріншлік гипотиреоз дегеніміз - ҚБ өзінде дамыған патологияға (бұзылуы, алып тастау) байланысты тиреоидты гормондардың тапшылығы, ал екіншілік гипотиреоз- қалқанша безге ТТГ гормонның трофикалық және секреторлық әсерінің төмендеуінен (не болмауынан) дамитын тиреоидты гормондардың тапшылығымен сипатталатын жағдай (гипоталамды-гипофизарлы гипотиреоз).


Жемсау (струма) дегеніміз жоғарыда айтқандай ҚБ қалыптан тыс көлемінің жоғарылауы (18мл — әйелдерде, 25мл — ер адамдарда). Жемсау макроскопиялық сипаттамасы бойынша жайылмалы (барлық ҚБ ұлғайған), түйінді, көп түйінді (бір немесе бірнеше түйінді түзілістер) және аралас (ҚБ жалпы ұлғаюымен бір немесе бірнеше түйінді түзілістердің жұптасуы) болып жіктеледі. ҚБ-дің функционалдық жағдайына байланысты жемсау эутиреоидты, уытты және без қызметі төмендеген деп бөлінеді.
ҚБ жіктемесінің қарапайымдылығы мен көңілге қонымдылығына қарамастан (3.3 кесте) бірқатар кемшіліктері бар, себебі көптеген ауруларда ҚБ қызметі тұрақты болмайды. Бұған деструктивті тиреотоксикозбен өтетін барлық сырқаттар жатады. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит кезінде эутиреоидты кезең түрлі ұзақтықта субклиникалық, кейін айқын гипотиреозбен аяқталуы мүмкін. Көп түйінді жемсауда йод тапшылығы бар аймақтарда тироциттердің функционалды автономиясының өсуіне байланысты эутиреоз біртіндеп тиреотоксикозбен ауысады. Осыған орай, қазіргі таңда ҚБ ауруларын этиологияғы тәуелді жіктеген дұрыс болар (3.4 кесте).
Бірінші топқа ҚБ аутоиммунды сырқаттары жатады. Бұл сырқаттар өздерінің жалпы популяцияда таралуына жағынан басқа адамның аутоиммунды патологияларымен салыстырғанда бірінші орынды иемденеді. ҚБ қатерлі емес гиперпластикалық үрдістері одан да жиі кездеседі, мысалы коллоидты пролиферлеуші жемсау. Жемсаудың түзілуіне зобогенді түрткілердің әсер етуінің орны ерекше, олардың ішінде кең таралғаны - ағзаға және ҚБ йод түсуінің тапшылығы. Мұнда тиреоидты патологияның жалпы теңдесі жоқ ерекшелігін ескерген жөн: ҚБ ауруларының спектрі, таралуы және ауру болжамы науқас тұратын аймақтағы қаншалықты йодты қабылдауына (тапшы, қалыпты, артық) байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет