3.4. ГРЕЙВС АУРУЫ
Грейвс ауруы (ГА, Базедов ауруы, жайылмалы уытты жемсау) — тиреотропты гормон (ТТГ) рецепторларына қарсы антиденелердің өндірілуінен дамитын, клиникалық ҚБ зақымданғаннан тиреотоксикоз синдромының дамып, экстратиреоидты патологиямен (эндокринді офтальмопатия, перитибиальды микседема, акропатия) бірге көрінетін жүйелік аутоиммунды ауру (3.5 кесте). Ауру алғаш рет 1825 ж. Калеб Парримен, 1835 ж. — Роберт Грейвспен, 1840 ж. — Карл фон Базедовпен суреттелген болатын.
3.5 кесте. Грейвс ауруы
Этиологиясы
|
Белгісіз; HLA-DR3, HLA- DQA1*0501 гаплотиптерімен ассоциация, протективті гаплотип: HLA-DQA1*0701.
|
Патогенезі
|
Тиреотоксикоз синдромы мен ретробульбарлы шелмайда қабынулық өзгерістердің дамуымен сипатталатын ТТГ рецепторларына ынталандырушы антиденелердің өндірілуі.
|
Эпидемиологиясы
|
Әйелдер 10 есе жиі ауырады, әсіресе 20 мен 50 жас аралығында. Қалыпты йод қабылдайтын аймақтарда тиреотоксикоздың таралуы-әйелдердің 2%-да, ГА жаңа жағдайларының жиілігі- жылына 1000 әйелдердің 3-де.
|
Басты клиникалық көріністері
|
Тахикардия, суправентрикулярлы аритмия, жүрек жеткіліксіздігі, тәбеті жоғары бола тұра дене салмағының төмендеуі, бұлшықеттік әлсіздік, тремор, тершеңдік, қозғыштық, жылауықтық, тиреотоксикоздың көздік симптомдары, эндокринді офтальмопатия.
|
Диагностикасы
|
ТТГ↓, Т4 және Т3↑, эндокринді офтальмопатия, ҚБ көлемінің жайылмалы ұлғаюы, ҚБ сцинтиграфиясы бойынша 99mТс сіңірілуінің жайылып күшеюі, ТТГ рецепторларына қарсы антиденелер.
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
Тиреотоксикозбен дамитын басқа аурулар.
|
Емі
|
Тиреостатикалық терапия (тиамазол, пропилтиоурацил), тиреоидэктомия (ҚБ субтотальды резекциясы), 131I-пен терапия.
|
Болжамы
|
Тұрақты эутиреозға қол жеткізгенде болжамы жақсы. Тиреостатикалық терапиядан кейін сауығып кету мүмкіндігі — 25–50 %. Радикалды әдістерді қолданғаннан кейін тұрақты тиреоидты гормондар препараттарымен орынбасушы терапия.
|
Қазіргі таңда ГА терминінің орнына дәстүрлі түрде жайылмалы уытты жемсау термині қолданылады, дегенмен оның да бірқатар кемшіліктері бар. Біріншіден, ол қалқанша бездің макроскопиялық (жайылмалы жемсау) және қызметінің (уытты) өзгерісін ғана сипаттайды, ал бұл ГА үшін міндетті болып табылмайды: бір жағынан, без ұлғаюы дамымауы мүмкін, екінші жағынан жайылмалы да болмауы мүмкін. Сонымен қатар, тиреотоксикозбен сипатталатын ҚБ жайылмалы ұлғаюы басқа ауруларда да дамуы мүмкін. Жай уытты жемсау терминінің орнына «ауру» терминін қолдану дұрыс, себебі бұл үрдістің жүйелі аутоиммунды екенін айқындап көрсетеді. Дегенмен, бүкіл әлемде дәстүрлі түрде қолданатын, бәріне түсінікті және танымал термин - «Грейвс ауруы», ал неміс тілінде сөйлейтін халықтарда «Базедов ауруы» деген термин кең қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |