Эндокринология



бет92/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Тиреоидиттер

Клиникалық көріністерінің, диагностикасының және емінің ерекшеліктері

Жедел іріңді тиреоидит

Себебі басқа инфекция ошақтарынан гематогенді немесе лимфогенді жолмен (жақ-бет аймағы, өкпе) немесе операциядан кейінгі жарадан инфицирлену болып табылады. Жиі алтынды стафилококк және ішек инфекциясы қоздырады. Клиникалық көрінісі: локальді көріністермен (ҚБ аймағындағы ауыру сезімі, абсцесстің түзілуі) жедел бактериялы инфекция симптомдарымен (қызба, ЭТЖ мен лейкоциттер жоғаралауы) ұштасады. Ауыр асқынуларына іріңді медиастенит жатады. Емі: антибиотикотерапия, абсцессті дренаждау

Фиброздаушы Ридель тиреоидиті

Себебі белгісіз, бұрын оны АИТ немесе фиброздаушы аурудың (Ормонд синдромы) түрі ретінде қарастырған, өйткені оның медиастенальды және ретроперитонеальды фиброзбен тіркескен жағдайлары сипатталған. Морфологиялық ірі талшықты дәнекер тінінің без капсуласынан мойын бұлшықеттеріне дейін өтуімен сипатталатын ҚБ-дің жайылмалы фиброзы анықталады. Пальпациялағанда- ҚБ ағаш сияқты қатты, көрші ағза мен тіндерді жаншуы мүмкін. Емі: компрессионды синдром кезінде- хирургиялық (жиі ҚБ қатерлі ісігіне күмән туғанда орындалады; хиругиялық емнен кейін ремиссия дамуы мүмкін

Спецификалық тиреоидиттер (туберкулезді, сифилисті, саңырауқұлақты, актиномикозды және т.б.)

Диагноз негізгі ауру белгілері мен пункциялы биопсия мәліметтеріне негізделіп қойылады. Әдетте, басты сырқатты емдеу спецификалық тиреоидитті жоюға әкеледі. Гумма, туберкулома, актиномикотикалық жыланкөздер дамығанда зақымданған ҚБ бөлігін алып тастау жөніндегі сұрақ қойылады


3.8. ТҮЙІНДІ ЖӘНЕ КӨПТҮЙІНДІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет