Энергетикалық кезңдердің алмасуы Орындаған: Нұрдын Өркен Тексерген: Жунусова С. М. Жоспар



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі217,93 Kb.
#137741
  1   2   3
Байланысты:
stud.kz-80284


Жаркент жоғарғы гумманитарлық колледжі
Энергетикалық кезңдердің алмасуы


Орындаған: Нұрдын Өркен
Тексерген: Жунусова С.М.

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  • Қорлық және құрылымдық липидтер

  • Энергетикалық алмасудың кезеңдері

  • Фосфолипидтер және гликолипидтер

  1. Қорытынды

  2. Қолданылған әдебиетт

  3. Кіріспе

Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ,эфир, ыстық этонол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтер де мал, адам және барлық тканьдері клеткаларының құрамыны кіреді. Липид – гректің Lipos – май деген сөзінен шыққан.


Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет — олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында). Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді.






Қорлық және құрылымдық липидтер
Липидтер (грекше lipos - май) дегеніміз – полярлы емес еріткіштерде жақсы еритін төмен молекулярлы органикалық заттар. Химиялық құрылысы бойынша липидтер әртүрлі болады, бірақ олардың барлығы дерлік кез-келген спирттер мен май қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады. Сонымен қатар липид молекулаларының құрамына азотты қосылыстар, фосфор қышқылы және көмірсулар енуі мүмкін. Құрамы бойынша липидтердің барлығы жай, күрделі липидтер (липоидтер) және стеридтер болып жіктеледі. Адам мен жануарлар ағзасында жай липидтерден – үшацилглицериндер (бейтарап майлар) , липоидтардан – фосфоглицериндер (лецитиндер, кефалиндер, ацетальфосфатиттер, серинфосфатиттер және т.б.) және сфингофосфатидтер (сфинглмиелиндер), ал гликолипидтерден – цереброзидтер мен ганглиозидтер, стеридтерден – холестеридтер болады.
Әртүрлі тканьдерде липидтердің болуы да әртүрлі болады. Сау адамның плазмасында липидтер мынадай мөлшерде болады.
жалпы липидтер – 4 – 7 г/л.
үшацилгицериндер – 0.55 – 1.650 ммоль/л
фосфолипидтер – 2 – 4,4 ммоль/л
холестеридтер – 3.9 – 6.5 ммоль/л
Липидтердің биологиялық мәні мынада: олар энергетикалық материал болып табылады және қорғаныс, пластикалық, тасымалдау және реттеу қызметтерін атқарады.
Физиологиялық қызметтері бойынша ағза липидтері 3 топқа бөлінеді:
қорлық липидтер;
протоплазматикалық немесе құрылымдық липидтер;
тасымалдаушы липидтер (липопротеиндер).
Қорлық липидтер негізінен үшацилглицериндер түрінде болады. Олар көп мөлшерде май депосында жинақталады да, қажет болған жағдайда оңай ыдырап, энергетикалық материал ретінде жұмсалады. 1 грамм май толығымен тотыққан жағдайда 9.3 ккал энергия (38.9 кдж) бөлінеді. Протоплазматикалық липидтер болса фосфолипидтер глицеридтер және глицерид еместер (сфингофосфатидтер), гликолипидтер және холестеридтер түрінде болады. Бұлар клеткалық мембраналардың құрылымдық компоненттері болып табылады және ағзадағы олардың деңгейі тұрақты болады.
Май тәріздес заттарды кейде күрделі липидтер деп атайды. Олар төрт топқа бөлінеді: 1) фосфолипидтер (фосфатидтер), 2) балауыз, 3) сфинголипидтер, 4) стеролдар (стериндер) мен стеридтер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет