Энергетикасы



бет10/12
Дата15.11.2023
өлшемі0,58 Mb.
#123922
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дәріс №6

Жылулық екіншілік энергетикалық ресурстар – технологиялық агрегаттардан шығарылатын газдардың, негізгі өндірістің басты, қосымша, аралық өнімдердің жəне қалдықтардың, технологиялық, күштік қондырғыларда жұмыс істеген ыстық су жəне будың физикалық жылуы. Оны сəйкес жылу тасымалдағыштарға (ағысты қыздыру, бу жасап шығару) беру арқылы тікелей жылу алу үшін қолданады. Оларды температураға байланысты жоғарғы жəне төменгі потенциалды деп бөледі.
Жоғарғы потенциалды ЕЭР – (температурасы 1200С-тан жоғары) қазандық-утилизаторда бу жасап шығару үшін қолданылады.
Төменпотенциалды ЕЭР – (температурасы 50-1200С) негізінен энергетикалық қондырғылардың (қазандық қондырғыда суды жылыту үшін) жұмысында пайдаланылады. Оларды пайдаланудың негізгі қиыншылығы – жылуды беруде қозғаушы күштің аздығынан жəне ластаушы бөгде заттардың болуынан көп капиталды шығынның жұмсалуы. Тиімділігі – төменгі потенциалды ЕЭР-ды абсорбционды салқындатқыш машиналарда қолданып жасанды төмен температура (суық) алу.
Артық қысымды екіншілік энергетикалық ресурстар – технологиялық агрегаттардан артық қысыммен шығатын газдар мен сұйықтардың потенциалды энергиясы. Олар турбиналарда жұмысшы машиналарын іске қосу жəне электр энергиясын жасап шығару үшін қолданылады.
Жұмысшы дененің түрлері мен параметрлеріне байланысты екіншілік энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы: отындық (жанатын компоненттерді тікелей отын ретінде қолдану), жылулық (утилизациялық, абсорбционды салқындатқыш қондырғыларда екіншілік энергетикалық ресурстар есебінен бөлінетін жылу мен суықты тікелей жылу ретінде қолдану), күштік (утилизациондық қондырғыда екіншілік энергетикалық ресурстар есебінен бөлінетін механикалық немесе электр энергиясын пайдалану), комбинирленген (екіншілік энергетикалық ресурстар есебінен бір мезетте бөлінетін электр немесе механикалық энергияның жылуын пайдалану) төрт негізгі бағытта жүреді.
Қазақстанның отын-энергетикалық комплексі. Құрлықтың барлық территориясының 1,8%-ын алатын Қазақстанда минералды отынның əлемдік баланстық қорының 0,5%-ы (30 млрд.т. шартты отын) шоғырланған. Оның ішінде көмір – 80%, мұнай жəне газ-конденсаты – 13%, табиғи жəне ілеспе газдар – 7%. Бұл шикізат базасының күйі – Қазақстанның отын-энергетикалық комплексінің дамуының потенциалы мен болашағын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Отын-энергетикалық комплекстің потенциалды мүмкіндігі толық жетілмеген. Мысалы, 1993 жылы өзінің өндірісі есебінен Қазақстан электр энергиясымен – 90%, мазутпен – 87%, бензинмен – 86%, дизель отынымен – 74%, табиғи газбен – 42% қамтамасыз етілген. Бұл бұрынғы Кеңес Одағының құрамында жоспарлы даму салдарынан қалыптасқан отын-энергетикалық комплекстің жетістігі болып табылады. Қазақстан территориясында отын-энергетикалық ресурстар біркелкі таралмаған: көмірдің негізгі қоры солтүстік жəне орталық, мұнай мен газдың қоры батыс аймақтарда шоғырланған. Негізгі гидроэнергетикалық ресурстар шығыс жəне оңтүстік-шығыс аймақта орналасқан. Қазақстанның отын-энергетикалық балансы көмірсутекті шикізат базасына негізделген (1-кесте).
Отын-энергетикалық ресурстарға бай болса да, Қазақстанда көмір мен мұнайдың энергетикалық қоры артық, ал газ жəне электр энергиясы тапшы. Қазақстанның көмір өңдіретін өнеркəсібінің қазіргі уақытта Кузнецкий жəне Орта Азия көмірлерінің импортынан бас тартып, Шығыс жəне Оңтүстік Қазақстан аймақтарын отандық көмірлермен қамтамасыз етуге толық мүмкіндігі бар. ТМД елдеріне жəне сыртқы рынокқа сортты, күлділігі төмен көмірлерді экспорттау мүмкіндігі 40-50 млн.т.-ға болжанған. Қазақстанда мұнай мен конденсаттың үлкен қоры бар. Бірақ мұнай тасымалдайтын жүйе Қазақстанның Ресейге мұнай экспорттауын міндеттейді жəне бір мезетте өзінің мұнай өндейтін зауыттары үшін ресейлік шикізатты алады, яғни бұл Қазақстанның Ресейге инфрақұрылымдық тəуелділігін көрсетеді.


1-кесте
Қазақстанның отын-энергетикалық балансы

Отын түрлері өлшем бірлік




1990

1995

2000

2010

мин.

макс

мин.

макс.

1

2

3

4

5

6

7

8




Өндіріс







Көмір

млн.т

131

83

85

97

120

145

Мұнай жəне конденсат

млн.т

26

21

24

30

35

55

Газ (табиғи жəне ілеспе)

млрд.м3

7

5

5

18

17

31

Электрэнергиясы

млрд. кВт.сағ

87

67

76

84

96

112




Тұтыну







Көмір

млн.т

82

55

57

69

80

95

Оның ішінде энергетикада

-¨-

45,7

41,6

40,0

45,0

47,0

54,0

Мұнай жəне конденсат

млн.т

18

19

16

28

16

40

Оның ішінде энергетикада

-¨-

4,3

1,8

2,8

3,0

3,1

3,5

Газ

млрд.м3

15

9

7

13

13

26

Оның ішінде энергетикада

-¨-

8,3

2,9

5,0

7,7

10,7

15,3

Электрэнергия

млрд. кВт.сағ

105

74

75

80

95

105




Экспорт







Көмір

млн.т

32

23

28

28

40

50

Мұнай жəне конденсат

млн.т

22

9

15

8

25

21

























Газ (табиғи жəне ілеспе)

млрд.м3

3

3

6

8

13

16

Электрэнергиясы

млрд. кВт.сағ

11

7

1

4

1

7




Импорт







Көмір

млн.т

14

1

-

-

-

-

Мұнай жəне конденсат

млн.т

14

7

7

6

6

6

Газ (табиғи жəне жолай)

млрд.м3

9

7

7

7

9

11

Электрэнергиясы

млрд. кВт.сағ

29

14

-

-

-

-

Қазіргі кезде Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі шикізат базасының потенциалымен емес, отандық шикізатты тасымалдауды қамтамасыз ететін мұнай құбырларының болуымен анықталады. Мұнайды басты тұтынушылар өнеркəсібі дамыған Еуропа жəне Солтүстік Америка елдері болып табылады. Олардың үлесіне əлемдік мұнай тұтынудың 48%, ал Таяу Шығыс елдерінің үлесі 6%. Сондықтан Қазақстанның мұнай индустриясының негізгі мақсаты − мұнай өндіруші елдерден мұнай тұтынушы елдерге мұнайды тасымалдау. Құрылысы жоспараланған Теңіз-Новороссийск, Ақтау-Тегеран, Батыс ҚазақстанҚұмкөл мұнай құбырлары салынса, Қазақстан мұнайдың əлемдік рыногына шығуына жəне Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын Сібір мұнайынан Жаңажол-Кеңқияқ мұнайына толық алмастыруға мүмкіндік болады. Осыдан аталған зауыттар толық қуатында жұмыс істесе, 4040,5 млн.т-ға дейін мұнай өңделсе, Қазақстан мұнай өнімдеріне деген импортты қысқартып, өзін автобензин, авиакеросин, мазутпен қамтамасыз ете алар еді.


Көмір мен мұнай қоры мол болса да, газдың қоры бойынша тапшылық бар. Республикада газ өндіру артса да, ішкі талапты қанағаттандыру үшін газдың біраз бөлігін (1 млрд. м3 дейін) Ресей, Өзбекстан, Түркменстаннан импорттайды. Газ өндірудің мөлшерін 4-5 млрд.м3 арттырғанда, республиканың солтүстік жəне шығыс аймақтарын газбен қамтамасыз етуге, сонымен бірге шетелге сатуға мүмкіндік болар еді.
Қазақстанның табиғи отын-энергетикалық ресурстарының мүмкіншілігі − қуатты отын-энергетикалық комплексті дамытуға, республиканың біріншілік энергетикалық ресурстармен ғана емес, олардың өңделген өнімдерімен жəне шикізатпен соңғы өнімдердің экспортына жағдай жасауға толық жетеді.

Өндірісте энергияны ұтымды пайдалану

Химия өнеркəсібі өте көп мөлшерде энергия қолданылатындықтан, алынған өнімдердің құнына ерекше əсер етеді. Энергияны экономикалық тиімді пайдалану − маңызды проблемалардың бірі. Энергияның барлық түрлерін ұтымды пайдаланудың критерийі энергияны пайдалану коэффициенті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет