Ядролық моменттердiң өлшем бiрлiгi-ядролық магнетон:

я ядролық магнетон Б Бор магнетонынан mp/m=1836 есе кiшi. Атомда электрондардың магниттiк моменттерiмен салыстырғанда ядролардың магниттiк моменттерiнiң кiшi шама болуы (1836 есе) спектрлiк сызықтардың аса нәзiк түзілiсiнiң мультиплеттiк жiктелу шамасының 10-3 мөлшерiн құрайтындай кiшi болатындығын түсіндiредi.
1928 ж. Паули спектрлiк сызықтардың АНТ-i, демек энергетикалық деңгейлердiң АН жiктелуi, ядроның магниттiк моментiмен электрондардың магниттiк моментiнiң (бұлардың жасайтын магнит өрiсiнiң) әсерлесуiмен байланысты болуға тиiс деген жорамал ұсынды. Спектрлiк сызықтардың АНТ-н зерттеу осы жорамалдың дұрыстығын көрсеттi және ядроның магниттiк моментiн анықтауға мүмкіндiк бердi.

Сонымен, атомдық ядроның I магниттiк моментi атомның электрондық қабықшасы жасайтын магнит өрiсiмен әсерлеседi, соның нәтижесiнде атом ЕI қосымша магниттiк әсерлесу энергияға ие болады.

Электрондық қабықшадағы электрондардың магниттiк моменттерiнiң әсерлесуi спектрлiк сызықтардың мультиплеттiк түзілiсiн туғызатыны сияқты, ядро мен атомның электрондық қабықшасы арасындағы магниттiк сипаттағы әсерлесуi нәтижесiнде қосымша энергия деңгейлерi пайда болады.
Осының нәтижесiнде «электрондық» мультиплеттiң әрбiр құраушысы өз кезегiнде, бұдан да нәзiк құраушыларға жiктеледi. mp/mе=1836 қатынасына сәйкес, ядролардың I магниттiк моменттерi Б Бор магнетонынан шамамен сонша есе кiшi. Сондықтан деңгейлердiң «ядролық» (АН) жiктелуi мультиплеттiк жiктелуден 103 есе кiшi болады. Бұл спектрлiк сызықтардың аса нәзiк (АН) жiктелуi.