Энергияны тасымалдау және жүйелерді біріктірген кезде пайда болатын техникалық-экономикалық есептер



бет11/13
Дата28.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#88162
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Энергияны тасымалдау ж не ж йелерді біріктірген кезде пайда бола

ӘЖ-дің тіректері
ӘЖ–нің тіректері анкерлық және аралық түрде бөлінеді. Бұл тіректер сымдардың іліну әдісі бойынша айырылады. Аралық тіректер оқшаулатқыштардың тіреу гирляндалардың көмегімен сымдарды ұстау үшін керек. Анкерлық тіректер сымдарды керу (тарту) үшін керек. Аралық арасындағы ара қашықтық аралық деп аталады, анкерлік тіректердің арасында, ара қашықтық анкерлық аралық деп аталады.
Анкерлік тіректер ӘЖ–нің ерекше жауапты нүктелерінде сымдарды қатан бекіту үшін тағайындалған. Бұл түйіндерге жататындар: маңызды инженерлік ғимараттар қиылысқан жер (мысалы: теміржол мен автомабиль жолдары т.б.б.), ӘЖ–нің соңында және желінің түзу бөліктерінде. Анкерлік тіректер аралық тіректерден күрделі және қымбат, сондықтан желіде олардың саны аз болуы керек.
Желінің бұрылған жерінде бұрыштық тіректер қойылады. Олар анкерлік немесе аралық болу мүмкін.
ӘЖ–де келесі түрлері бар, арнайы тіректер қолданады: транспозициялық – тіректердегі сымдардың ретін өзгерту үшін; тармақты–негізгі желіден тармақты орындау үшін; өтпелік - өзендерді және шатқалдарды кесіп өту үшін.
Заты бойынша тіректер ағаш, металды және темір бетонды түрде бөлінеді.
Ағаш тіректер 110 кВ кернеуді қоса, ӘЖ–лерде негізінде тоғай қорымен бай аймақтарда қолданады. Ағаш тіректердің кемшілігі–ағаш шіриді, ал сол себептен жұмыс уақыты шамалы.
Металды (болатты) тіректер 35 кВ және одан жоғары кернеуі бар ӘЖ–лерде қолданады, жоғары механикалық беріктігі бар және жұмыс уақыты жоғары (1.4 - сурет). Бірақ та олар металдың үлкен көлемін және үнемі бояуды тілейді.


1.4 Сурет -

Екі тізбекті желілердің аралық металды тіректері: а-кернеуі 220 кВ; б-кернеуі 330 кВ (мөлшері - метрлер)

Темір бетонды тіректер (2.3–сурет) 500 кВ дейінгі барлық кернеу кластарына қолданады, бөлшектер коррозияға түспейді, пайдалануда жайлы болғандықтан кең қолданады. Олардың құны аздау, бірақ та массасы үлкен және бетонның беті сынғыш болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет