English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы


Reciprocal pronouns. Ортақ есімдіктер



бет22/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   176
Байланысты:
Искакова Ш. Г-emirsaba.org

Reciprocal pronouns. Ортақ есімдіктер 
Ортақ есімдіктерге each, other, one, another деген есімдіктері
жатады.
Мысалы: They have known each other for two years.
Олар бір-бірін екі жыл біледі.
They looked at one another.
Олар бір-біріне қарады


Demonstrative pronouns. Сілтеу есімдіктер. 
Сілтеу есімдіктерге this (these) that (those) жəне it, such, same деген
есімдіктер жатады.

This (these), that (those). 

Сілтеу есімдіктерге жекеше түрінде this , that есімдіктері жатады


көпше түрінде - these, those. Егер заттар сөйлеушінге жақын жерде
орналасса, онда this, these есімдіктері қолданылады жəне сөйлемде олар
зат есімнің алдында тұрады. That, those есімдіктері заттар сөйлеушіден
алыстау тұрса қолданылады.
Мысалы: Тhis young man is my brother. Бұл жас жігіт менің ағам
Do yon know that man? Ана бір адамды білесіз бе?
These cigarettes are very good. Бұл темекі өте жақсы.
I like those flowers. Маған ана гүлдер ұнайды.
It. 
Сілтеу есімдігі it бұл деп аударылады.
Мысалы: What is this? It is a dictionary.



27
Бұл не? Бұл сөздік.


What are these? They are dictionaries.
Бұл нелер? Бұл сөздіктер.
Such, same.
Such есімдігі сөйлемде осындай, мұндай, сондай деген мағынада зат
есім алдында тұрады.
Мысалы: Тhese are such interesting books!
Бұл сондай қызықты кітаптар!
Same есімдікгі сол, ол, сонау, анау, ана бір, дәл сол деп аударылады
жəне сөйлемде “same” деген есімдігі алдында “the” белгілі артиклі
қолданылады.
Мысалы: Нe read the same story twice.
Ол сол əңгімені екі рет оқыды
Interrogative pronouns. Сұрау есімдіктер. 
Сұрау есімдіктерге who (whom) whose, what, which есімдіктері
жатады. Who есімдігі кім? деп аударлады.
Мысалы: Who is standing there? Ана жерде тұрған кім?
Who knows her address? Кім оның адресін біледі?
Whom есімдігі кімді деп аударылады.
Мысалы: Who (whom) did you see there? Сіз онда кімді көрдіңіз?
Whom
есімдігі
сөйлемде
əртүрлі
демеуліктермен
қолданылады.
Мысалы: From whom did you receive the letter?
Сіз хатты кімнен алдыңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет