English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы



бет24/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   176
Байланысты:
Искакова Ш. Г-emirsaba.org

Who (whom). 
Ағылшын тілінде адам туралы айтылғанда who (whom) қай, қайсысы
есімдіктері қолданылады.
Мысалы: This is the man who wanted to speak to you.
Бұл сізбен сөйлескісі келген адам.

Which.
Ағылшын тілінде жансыз зат туралы немесе жануар туралы
айтылғанда which есімдігі қолданылады.
Мысалы: He showed me the letter which he had received from his brother
Ағасынан алған хатты, ол маған көрсетті
He showed me the skin of the wolf which he had killed.
Ол маған өзі өлтірген қасқырдың терісін көрсетті.

Whose. 
Ағылшын тілінде whose есімдігі жанды зат есімдерге қатысты
қолданылады жəне сөйлемде зат есімнің алдында тұрады.
Мысалы: That is the girl whose brother came to see us the other day.
Мынау жуықта бізге келген қыздын ағасы.
That. 
Ағылшын тілінде that есімдігі сөйлемде жанды жəне жансыз
заттармен қолданылады жəне сөйлемде that есімдігінің орнына whose,
whom есімдіктерін қолдануға болады.
Мысалы: Take the book that is lying on the table. (Which)
Үстелдің үстінде жатырған кітапты ал.
Whom, which есімдіктері сөйлемде демеуліктермен қолданылады.
Мысалы: He is the student to whom I gave my dictionary.
Ол мен сөздігімді берген студент.

Indefinite pronouns. Белгісіз есімдіктер. 
Ағылшын тілінде белгісіз есімдіктерге some, any, no, much, little, 
few, all, both, each, other, one есімдіктері жатады
Some, any. 
Ағылшын тілінде some есімдігі болымды сөйлемдерде қолданылады,
any есімдігі сұраулы жəне болымсыз сөйлемдерде қолданылады.
1. Сөйлемдерде some, any есімдіктері көпше түрдегі зат есімнің
алдында тұрады жəне ол бірнеше, ешқандай, қандай болмасын, қандай
болсада, деп аударылады.
Мысалы: He asked me some questions.



30
Ол маған бірнеше сұрақ қойды.


He did not make any mistakes in his dictation.
Ол диктанта ешқандай қате жіберген жоқ.
2. Some, any есімдіктері сөйлемде саналмайтын зат есімнің алдында
қолданылады жəне олар біразы, аздап, азғана, қанша болса да деп
аударылады.
Мысалы: Bring me some milk, please.
Маған аздап сүт алып келіңізші.
Is there any butter on the table?
Үстелдің үстінде май бар ма?
Some есімдігі кейбір деген мағынада көпше түрдегі зат есімнің
алдында қолданылады.
Мысалы: Some trees remain green all the year round.
Кейбір ағаштар жыл бойы жасыл болады.
Some есімдігі сөйлемде сан есімнің алдында тұрады жəне шамамен 
деп аударлады.
Мысалы: There were some fifty people there.
Онда шамамен 50 адам болды.
Ағылшын тілінде any есімдігі жекеше түрдегі саналатын жəне
саналмайтын зат есімнің алдында тұрады. Аny кез-келген деп аударылады.
Мысалы: You may come here at any time.
Сенің осында кез-келген уақытта келуіңе болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет