Part 1.Морфология(грекше: morphe - форма; тұлға жəне logos - ілім)
- сөз туралы грамматикалық ілім. Морфология сөздің грамматикалық
мағынасын қарастырады, ол сөздердің қай сөз табына жататынын , сөз
таптарының жасалу жолдары мен түрленуін сөз етеді. Сөздердің қай сөз
табына жататыны төмендегі белгілері бойынша ажыратылады:
а)
жалпы мағынасы;
ə) мағына тудырушы қасиеті (префикстер мен жұрнақтар);
б)
грамматикалық
көрсеткіштері
(артикль,
предлог
жəне
жалғаулар);
в)
сөйлемдегі атқаратын қызметіне байланысты.
Ағылшын тілінде сөз таптарын жүйелегенде, қазақ тіліндегідей үш
топқа бөлуге болады:
а)
Notional words - Атау сөздер (толық мағыналы сөздер);
ə) Auxiliary words - Көмекші сөздер (толық магынасы жоқ сөздер);
б)
Interjection - Одағай сөздер.
Ағылшын жəне қазақ тілдерінде атау сөздерге зат есім, сын есім, сан
есім, есімдік, етістік, үстеу жатады. Атау сөздер айналадағы шындыкты
(зат, белгі, сан, үдеріс т. б.) бейнелеп, олардың атауы ретінде колданылады
жəне олар толық сөйлем мүшесі бола алады.
Көмекші сөздер атауыш сөздермен себелесіп келіп қана жұмсалады.
Көмекші сөздерге ағылшын тілінде көмекші есімдер, шылаулар (септеулік,
жалғаулық, демеулік), көмекші етістіктер, предлогтар, сол сияқты зат
есімнің көрсеткіші болып табылатын артикльдер жатады. Қазақ тілінде
көмекші сездерге шылау сөздер, көмекші есім, көмекші етістіктер жатады.
Одағай сөздер сөйлемдегі қолданылуымен де, берер мағынасымен де
барлық сөз таптарына ұқсамайтын ерекшелікке ие. Бұлар белгілі бір
ұғымды білдіре алмайтын, сөйлемде ешқандай сөйлем мүшесі қызметін
атқармайтын, тек адамның көңіл күйі, ішкі сезімін ғана білдіретін сөздер.
Сонымен, сөз таптары дегеніміз - грамматикалық жағынан ыңғайлас
келетін сөздердің тобы. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөз таптары (Parts of
speech) төмендегідей.
Ағылшын тілі: The Noun - Зат есім / The Adjective - Сын есім / The
Numeral - Сан есім / The Pronoun - Есімдік / The Verb - Етістік / The Adverb
-
Үстеу / The Conjunction - Шылау / The Interjection - Одағай / The
Preposition
-
Предлог.
Қазақ тілі: Зат есім / Сын есім / Сан есім / Есімдік / Етістік / Үстеу /
Шылау / Одағай / Модаль сөздер / Еліктеуіш сөздер. Екі тілдегі
айырмашылық сол - қазақ тілінде Предлог, Артикль жоқ, ағылшын тілінде
Модаль сөздері мен Еліктеуіш сөздер болмайды. Енді əр сөз табын жеке-
жеке қарастырайық.