English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы


Case  Ағылшын тілінде зат есімнің септелуі қазақ тіліндегі зат есімнің



бет14/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   176
Case 
Ағылшын тілінде зат есімнің септелуі қазақ тіліндегі зат есімнің 
септелуінен сан жағынан өзгеше. Қазақ тілінде жеті септік болса, ал
ағылшын тілінде зат есім екі септікке түрленеді: Common case (қазақ
тіліндегі Атау септігіне сəйкес) жəне Possessive Case (қазақ тіліндегі Ілік
септігіне сəйкес келеді). Сонымен, ағылшын тіліндегі Common case-ті
шартты түрде «Атау септік» деп аламыз, ал Possessive Case -ті «Ілік
септік» деп аламыз. Common case - жалғаусыз септік. Мысалы: a manager 
- басшы, басқарушы.
Ескерту. Ағылшын тілінде Common case (атау септік) зат есімдер of/ 
to/by/with предлогтарымен тіркесе келіп, қазақ тіліндегі кейбір септіктерге
сəйкес келеді.
1. 
Ағылшын тіліндегі of предлогымен тіркескен зат есімдер қазақ тілін 
де ілік септігіне сәйкес келеді. Мысалы: The house of my friend. - Менің
досымның үйі. (кімнің үйі?) The leg of the table. - Үстелдің аяғы. (Ненің
аягы?)
2. 
То предлогымен тіркесе келген зат есім қазақ тіліндегі барыс
септігіне сəйкес келеді. Мысалы, She showed the composition to the teacher. - 
Oл шыгарманы оқытушыға (кімге?) көрсетті.
Сонымен қатар ағылшын тілінде зат есім етістік пен тура 
толықтауыштың ортасында келсе, онда ол қазақ тілінде барыс септігіне 
сəйкес келеді.
Мысалы: She showed the teacher the composition. - Ол шыгармасын
оқытушыга (кімге?) көрсетті.



17
3. 


By предлогымен қолданылган зат есім қазақ тіліндегі комектес 
септікке сəйкес келеді. Мысалы: She usually washes children's clothes by 
hand.
-
Oл əдemme балалардың киімін қолмен жуады. (Немен?)
4. 
Ағылшын тіліндегі зат есім with предлогымен қолданылғанда, қазақ
тілінде көмектес септікке сəйкес келеді. Мысалы: I opened the door with a 
key.
-
Meн есікті кілтпен аштым. (Немен?)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет