59
Синтаксис.
1) Аяқталған ойды білдіретін сөз тіркестері сөйлем деп аталады.
The sun rises in the east. Күн шығыстан шығады.
2) Сөйлем мүшелері тұрлаулы жəне тұрлаусыз болып екіге бөлінеді.
Тұрлаулы сөйлем мүшелеріне: бастауыш (Subject) жəне
баяндауыш
(The Predicate) жатады.
Сөйлемнің
тұрлаусыз
мүшелері:
толықтауыш
(The
Object),
анықтауыш (The Attribute), пысықтауыш (the Adverbial Modifiers).
3) Сөйлем құрамына қарай жай жəне құрмалас болып екіге бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдердің өзі сабақтас жəне салалас болып екіге бөлінеді.
The agreement was signed, and the delegation left Moscow.
Келісімге қол қойылды жəне, делегация Мəскеуден кетті. (салалас
құрмалас сөйлем)
4) Айтылу мақсатына байланысты сөйлемдер 4 түрге бөлінеді:
А) Хабарлы сөйлем (Declarative Sentences).
The library is on the second floor. Кітапхана екінші қабатта.
Б) Сұраулы сөйлем (Interrogative sentences)
When did you come? Сіз қашан келдіңіз?
В) Бұйрықты сөйлем (Imperative Sentences)
Open the door, please. Есікті ашыңызшы.
Г) Лепті сөйлем (Exclamatory Sentences)
What a nice girl! Қандай сүйкімді қыз!
Достарыңызбен бөлісу: