English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы


Арнайы сұрақтар (Special questions)



бет53/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   176
Арнайы сұрақтар (Special questions). 
Арнай сұрақтар сұраулы сөздерден басталады: who? кім? what?
which? қандай? Не?
When? Қашан? Where? Қайда? Why? Неге? How? Қалай? How much?
Неше?how long? Қандай ұзақ?
Арнайы сұрақта көмекші немесе модальдық етістіктер алдында
көмекші (what, when, where, why) сөздер тұрады.
What did she tell you? Ол сізге не айтты?



65
Бөлшек сұрақтар (Disjunctive questions).


Бұл сұрақтар жалпы сұрақтар сияқты болымды немесе болымсыз
жауапты талап етеді, яғни сұрақта берілген оймен келіседі немесе
келіспейді. Ол екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі хабарлы сөйлем
(болымды немесе болымсыз), екінші бөлігі қажетті көмекші (модальды)
етістіктен жəне атау септігіндегі жіктеу есімдігінен тұратын қысқа жалпы
сұрақ болады. Егер бірінші бөлігі болымды болса, көмекші (модальды)
етістік болымсыз түрде қолданылады, ал бірінші бөлігі болымсыз болса,
екіншісі болымды түрде болады.
You bought the tickets, didn’t you? – Сіз билеттер алдыңыз, солай емес
пе?
He hasn’t come from Moscow yet, has he? – Ол əлі Мəскеуден келген
жоқ, солай ма?

Бұйрықты сөйлем. (Imperative sentences). 
Бұйрық сөйлемдер бұйрықты, өтінішті, кеңесті білдіреді. Бұйрықты
сөйлемдер болымды жəне болымсыз болады. Бұйрық сөйлемдер
баядауыштан басталады.
Open the book. Кітапты ашыңызшы.
Өтінішті сұраулы сөйлемдер (will, would арқылы көрсетіледі.)
Will you help me? Көмектесіп жібересіз бе?
Wont you open the window? Терезені ашып жібересіз бе?
Лепті сөйлем. 
(Exclamatory sentences) 
Егер айтылатын ой таңдануды, шаттануды, наразылықты білдіретін
болса,онда хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер лепті сөйлем бола
алады.
Have you ever seen such weather! Сіз мұндай ауа райын қашан да болса
көрдіңіз бе!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет