20
а) көл, өзен, мұхит, тау жотасы, арал топтары атауларымен белгілі
артикль қолданылады:
the Pacific Ocean, the Black Sea, the Thames, the
British Isles.
б) белгілі артикль кейбір ел, облыс жəне қала атауларымен
қолданылады:
the Ukraine, the Crimea, the Caucasus, the Netherlands, the
Hague, the Riviera, the Congo, the West Indies
в) жанұяның жинақтау атауымен:
The Petrovs – Петровы.
Сын есім. (The Adjective)
Сын есім
қандай деген сұраққа жауап береді.
Мысалы: red қызыл, good жақсы, interesting қызықты, Russian орысша.
Өзінің құрылысы бойынша сын есімдер жай (
big үлкен,
small
кішкентай, short қысқа), туынды (
cultural мәдениетті, hopeless үмітсіз,
doubtful күдікті) жəне күрделі болады (
dark-blue қара-көк, red- hot
қыздырылған).
Ағылшын тілінде сын есімдер жақ түрінде, көпше түрінде,
септеу
түрінде өзгермейді.
Мысалы: a young man жас жігіт, a young woman жас əйел, young people жас
адамдар, with a young man жас жігітпен.
Шырайлар (Degrees of Comparison)
Ағылшын тілінде сын есімдердің үш шырайы бар: жай шырай (The
Positive Degree), салыстырмалы шырай (The Comparative Degree) жəне
күшейтпелі шырай (The Superlative Degree).
Сын есімдер жай шырайда заттың сапасын ешбір сөзбен
салыстырмай көрсетеді : Long –ұзын( жай шырай)
Longer -ұзындау (салыстырмалы шырай)
The longest- ең ұзын (күшейтпелі шырай)
Бір буыннан тұратын сын есімдер cалыстырма шырайды сын есімнің
жай шырай формасына
er [ə], күшейтпелі шырайдs
est [ist] жалғау арқылы
жасайды. Сын есімнің алдында күшейтпелі
шырайда the деген артикль
қолданылады.
Мысалы: Cold-colder-the coldest
Large-large-the largest
Hot-hotter-the hottest
Екі жəне көп буынды сын есімдердің
салыстырмалы шырайы more,
күшейтпелі шырайы most сөздері арқылы жасалады. Бұл сөздер (more
жəне most) сын есімнің алдында тұрады.
Мысалы: Active-more active-the most active
Difficult-more difficult-the most difficult
21
Ағылшын тілінде кейбір сын есімнің шырайлары ережеге бағынбай
жасалады.
Мысалы: good-better-the best
Жақсы-жақсырақ-ең жақсы
Bad-worse-the worst
Жаман-жаманырақ-ең жаман
Little-less-the least.
Аз-азырақ-ең аз
Many, much-more-the most
Көп-көбірек-ең көп
Far-farther, further-the farthest, the furthest
Алыс, қашығырақ, тым қашық, ең қашық
Салыстырмалы шырайда сын есімдерден
кейін than деген шылау
қолданылады.
Мысалы: Moscow is larger than Leningrad.
Мəскеу Ленинградтан үлкендеу.
Сөйлемде күшейтпелі шырайдағы сын есімдерден кейін зат есім
демеулікпен жиі кездеседі.
Мысалы: The Volga is the longest river in Europe.
Волга Европадағы ең ұзын өзен.
Достарыңызбен бөлісу: