English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы



бет26/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   176
Байланысты:
Искакова Ш. Г-emirsaba.org

Many, much. 
Many мен much есімдіктері көп деген мағынада қолданылады.
Many есімдігі ағылшын тілінде саналатын зат есімнің алдында тұрады,
much есімдігі саналмайтын зат есімдердің алдында тұрады.
Мысалы: Has he many friends in Moscow?
Оның Мəскеуде көп досы бар ма?
Do you spend much time on your homework?
Сіз үй тапсырмаңызға көп уақытыңызды жібересіз бе?
Ағылшын тілінде much, many есімдіктері негізінен сұраулы жəне
болымсыз сөйлемдерде пайдаланылады. Егер есімдіктер алдында very, too, 
so, as, how сөздері тұрған жағдайда much, many есімдіктері болымды
сөйлемдерде қолданылады.



32
Мысалы: He has very many friends in Moscow.


Оның Мəскеуде өте көп достары бар.
Few, little. 
Ағылшын тілінде few, little есімдіктері аз деп аударылады.
Few есімдігі саналатын зат есімдермен қолданылады. Little есімдігі
саналмайтын зат есімдермен қолданылады.
Егер есімдіктер алдында verу, too, so, as, how сөздері тұрса few, 
little есімдіктері болымды сөйлемдерде қолданылады,.
Мысалы: There were very few people there.
Онда өте аз адам болды.
I have so little time.
Менің уақытым сондай аз.
Few жəне little есімдіктерімен “а” артиклін қолдануға болады:
а few, а little аздап, бірнеше 
Мысалы: Please give me а little water.
Маған аздап су беріңізші.

All. 
Ағылшын тілінде all есімдігі бүкіл, жалпы, барлық, бәрі деген
мағынада көпше түрдегі саналатын зат есімдермен қолданылады.
All есімдігі бәрі, барлығы, бар, бүкіл деп аударылады жəне
саналмайтын зат есімдермен қолданылады.
Мысалы: Нe spends all his free time in the reading-room.
Ол бүкіл бос уақытын оқу залында өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет