English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы


Both.  Ағылшын тілінде both



бет27/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   176
Байланысты:
Искакова Ш. Г-emirsaba.org

Both. 
Ағылшын тілінде both есімдігі екеу, екі деп аударылады. Зат есімдер
сөйлемде the артиклімен жəне артикльсіз қолданылады. The артиклі
сөйлемде “both” есімдігінен кейін тұрады.
Мысалы: Both (the) brothers live in Moscow.
Екі ағайын Мəскеуде тұрады.
Both my daughters are married.
Менің екі қызым тұрмыста.
Each and every. 

Ағылшын тілінде each есімдігі әрбір, әркім, әрқайсысы деп


аударылады. “Each” есімдігі жекеше түрдегі саналатын зат есімнің
алдында тұрады.
Мысалы: Each student in our group has an English-Russian dictionary.
Біздің топтың əрбір студентінде ағылшын-орыс сөздігі бар.



33
Ағылшын тілінде every есімдігі әрбір, әркім деп аударлады. “Еvery”


сөйлемде жекеше түрдегі саналатын зат есімдердің алдында тұрады.
Мысалы: I see him every day.
Мен оны күнде көремін.
Every” есімдігінен туындаған есімдіктер. 
Every есімдігі body, thing, one сөздерімен тіркесіп everybody,
everything, everyone есімдіктері құрылады. Everybody, everyone әрбір, 
әрқайсысы, әркім, бүкіл, бәрі деп аударлады. everything бәрі, барлығы,
бүкіл деп аударлады.
Мысалы: Everybody (everyone) is here.
Бəрі де осында.
Everything is ready.
Барлығы дайын.

Other. 
Ағылшын тілінде “other” есімдігі басқа, басқалар деп аударылады.
Сөйлемде “other” есімдігі жекеше жəне көпше түріндегі зат есімнің
алдында тұрады.
Мысалы: Where are the other books that I gave you?
Мен сізге берген басқа кітаптар қайда?
One.
Сөйлемде “one” есімдігі бастауыштың қызметін атқарады.
Мысалы: Оne should be careful when crossing the street.
Көшеден өткенде сақ болу керек.
Сөйлемде “one” есімдігі жиі must should, ought, can, may
етістіктерімен қолданылады.
Мысалы: One must observe… Сақтау керек...
One can find…
Табуға болады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет