English grammar and exercises ағылшын тілі грамматикасы



бет48/176
Дата02.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#121439
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   176
Till (Until). 
29) Көмекші сөз till (until) дейін, шейін деп аударылады.
I′ll stay here till (until) Monday. Мен дүйсенбіге дейін осында қаламын.
I shall work from nine to (till) three. Мен сағат тоғыздан үшке дейін
жұмыс
істеймін.
To. 
30) Егер де сөйлемде бағыт көрсетілсе,онда көмекші сөз to 
қолданылады.
They went to the Crimea. Олар Қырымға кетті.
He came to the meeting at 5 o′clock.Ол жиналысқа сағат бесте келді.
Towards. 
31) Көмекші сөз towards қарай, бағытында деп аударылады.
He was walking towards the sea. Ол теңізге қарай бара жатырды.
The ship sailed towards the south. Кеме оңтүстікке қарай жүзіп бара
жатырды.
Under. 
32) Көмекші сөз under астында деп аударылады.
He was lying under a tree.Ол ағаштың астында жатырды.
He put the basket under the table.Ол кəрзеңкені үстелдің астына қойды.


Up. 
33) Көмекші сөз uжоғары, өрге деп аударылады
He went up the stairs.Ол баспалдақпен жоғары көтеріліп кетті.
The steamer sailed up the river. Параход өзенмен жоғары қарай жүзді.
Одағай. (The Interjection). 
Одағайлар адамның көңіл күйін, ішкі сезімін білдіру үшін
қолданылатын сөздер. His father, alas, is no better. Әттең, оның əкесі əлі
жақсы сезінбейді.
Oh! How you frightened me. Аh, мені сондай қорқытып жібердің.


59
Синтаксис. 


1) Аяқталған ойды білдіретін сөз тіркестері сөйлем деп аталады.
The sun rises in the east. Күн шығыстан шығады.
2) Сөйлем мүшелері тұрлаулы жəне тұрлаусыз болып екіге бөлінеді.
Тұрлаулы сөйлем мүшелеріне: бастауыш (Subject) жəне баяндауыш
(The Predicate) жатады.
Сөйлемнің
тұрлаусыз
мүшелері:
толықтауыш
(The
Object),
анықтауыш (The Attribute), пысықтауыш (the Adverbial Modifiers).
3) Сөйлем құрамына қарай жай жəне құрмалас болып екіге бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдердің өзі сабақтас жəне салалас болып екіге бөлінеді.
The agreement was signed, and the delegation left Moscow.
Келісімге қол қойылды жəне, делегация Мəскеуден кетті. (салалас
құрмалас сөйлем)
4) Айтылу мақсатына байланысты сөйлемдер 4 түрге бөлінеді:
А) Хабарлы сөйлем (Declarative Sentences).
The library is on the second floor. Кітапхана екінші қабатта.
Б) Сұраулы сөйлем (Interrogative sentences)
When did you come? Сіз қашан келдіңіз?
В) Бұйрықты сөйлем (Imperative Sentences)
Open the door, please. Есікті ашыңызшы.
Г) Лепті сөйлем (Exclamatory Sentences)
What a nice girl! Қандай сүйкімді қыз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет