Әож 338. 48 Ерсаинова Лаура Төреқұл Аяулым «Дизайн, сервис және туризм»



бет1/2
Дата27.03.2023
өлшемі355,64 Kb.
#76627
  1   2

ӘОЖ 338.48


Ерсаинова Лаура
Төреқұл Аяулым
«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының 3 курс студенттері
Ғылыми жетекші
Гиззатжанова Ажар Гиззатжановна
«Дизайн, сервис және туризм» кафедрасының аға оқытушысы
«Тұран-Астана» университеті
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы
e-mail: azhar_g78@mail.ru


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МОТЕЛЬ ЖӘНЕ КЕМПИНГ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ АРҚЫЛЫ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Аннотация. Бүгінгі таңда әлемде әртүрлі белгілері бойынша ерекшеленетін көптеген орналастыру орындары. Мотельдер автотуристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады, себебі трассада автомобильде түнеу ыңғайсыз ғана емес, сонымен қатар қауіпті. Орналастыру орындарын дамыту арқылы елімізде автотуризмді дамытуға мүмкіндік болады.
Түйінді сөздер: мотель, туризм, кемпинг, жел энергиясы
Аннотация. На сегодняшний день в мире существует множество средств размещения, отличающихся различными особенностями. Мотели могут обеспечить безопасность автомобилистов, так как ночевки на трассе не только неудобны, но и опасны. За счет развития размещения страна сможет развивать автомобильный туризм.
Ключевые слова: мотель, туризм, кемпинг, энергия ветра
Annotation. Today in the world there are many accommodation facilities that differ in various features. Motels can ensure the safety of motorists, as overnight stays on the highway are not only inconvenient, but also dangerous. Due to the development of accommodation, the country will be able to develop automobile tourism.
Key words: motel, tourism, camping, wind power

Мотельдер негізінен ірі қалалар мен курорттық орындарға таяу жолдардың бойында салынады. Мотельдің құрамына қонақ үймен қатар тынығу орындары мен бөлмелері, асхана мен мейрамхана, тұрмыстық, байланыс, т.б. қызмет көрсету түрлері, жанар май құю орындары, техникалық қызмет көрсету станциялары, көліктер тұратын алаңдар, қызметкерлерге және түрлі шаруашылыққа арналған үйлер кіреді.


Туризм индустриясы көптеген елдердің экономикасында маңызды орын алады. Демалыс орындарына адамдар түрлі тәсілдермен: көлікпен, пойызбен, ұшақпен, су көлігімен жетеді. Бірақ тартымды және романтикалық автомобиль саяхаты болып табылады. Автомобиль туризмі басқа саяхат түрлері алдында бірқатар маңызды артықшылықтарға ие. Алайда, ең бірінші және маңызды мәселе ретінде түнеу мәселесі туындайды. Машинаны жол жиегіне қойып, көлікте ұйықтау қазіргі заманда өте қауіпті және тиімді емес. Сондықтан кемпингтер мен мотельдер қала сырты жолының ерекше атрибуты болып табылады. Сол себепті, көптеген дамыған елдерде жай ғана барып, тіркеліп және терезенің астында көлікті көруге болатын бөлмені алуға болады [1].
Мотель-қонақ үйдің бір түрі. Мотель - типтік ғимараттардан тұратын жол бойындағы қонақ үй, әдетте, екі - үш қабаттан тұрады. Ең басты ерекшелігі-бөлмелер есігі тұраққа шығуы. Нөмірдегі қызмет көрсету жиынтығы және сапасы төмен, алайда туристердің тұруына өте қолайлы.
Мотельдерді стандарттық жүйелерге сәйкестендіре отырып, қазіргі таңда қолға алынып отырған балама энергия көздерін пайдалану арқылы, мысалы, қала маңында кеңінен таралған мәселелерді (су тапшылығы; энергия көзі; жылу) шешу үшін өте тиімді ұсыныс деп ойлаймыз. Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Сол себепті, осы ғылыми жобада көтерген мәселелердің бірі мотель шығынын азайту мақсатында балама энергия көзін қолдануды ұсынамыз. |Олар – күн және жел энергиясы. Бұл балама энергия түрлері жылдың төрт мезгілінде қолжетімді болғандықтан тиімді болады деп ойлаймыз. Енді соларға нақтырақ тоқталсақ [2].
Бүгінгі таңда жел энергиясы балама энергия көздерінің арасында алдыңғы қатарда, бірақ дәстүрлі энерготасымалдаушылармен бәсекеге түсетіндей, әзірше, мықты емес. Қарапайым тілмен айтқанда балама энергия көздері бізге электр қуатын не болмаса энергияның басқа түрін (механикалық, жылулық) алу үшін қажет. Жел энергиясын арнайы электр генераторлардың, диірмендердің көмегімен түрлендіру арқылы осындай қуат түрін алуға болады. Кей елдер жел энергетикасына ерекше белсенділікпен дамытуда, атап айтқанда 2017 жылы көрсеткіштеріне сүйенсек, Дания жел генераторларының көмегімен барлық электр қуатының 40%-ын өндіреді; Португалия — 23%; Испания — 16%; Ирландия — 14%; Германия — 8%. Ал Қазақстанда — 0,5%. Шотландияда жел энергетикасы үй шаруашылықтары тұтынатын электр қуатының 164%-ын қамтамасыз етті. Әлемнің 80 елі жел энергетикасын коммерциялық мақсатта қолдана бастады.
Бір де бір ғылым саласы, өндіріс, мамандық тек жағымды немесе тек қана жағымсыз факторлардан тұрмайды. Әдетте әр заттың жақсы-жаман тұстары болады. Ендеше, жел энергиясының плюс-минустарын қарастыра кетейік. Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін келесі 1 кестеден көруге болады:

Кесте 1. Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері





Артықшылықтары:

Кемшіліктері:



  • шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;

  • электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;

  • пайда болатын шу адамның және жануарлар әлемінің денсаулығына кері әсерін тигізеді;

  • ластаушы қалдықтар жоқ;

  • жұмыстың тұрақсыздығы, энергияның берілуі бір қалыпты емес;

  • табиғи ресурстар үнемделеді;

  • үлкен аумақты қажет етеді;

  • отын, электр қуатының шығындары қысқарады;

  • қымбат.

  • атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;




  • табиғаттың оттек қорын сақтайды;




  • желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.




Ескерту – авторлармен құрастырылған

Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде — бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.


Қазақстанда өте қолайлы жел дәліздері бар: жел бір бағытта соғатын аймақтар және қарама-қарсы бағыттарда алмасып отыратын аймақтар (Жоңғар қақпасы, Шелек, Қордай). Ал бұл аймақтар, Батыс Еуропа және Батыс Қытай аймақтарынан өтеді. Төмендегі суретте Қазақстанның жел энергетикасы үшін ең қолайлы жерлерінің сипаттамалық көрсеткіштері келтірілген (cурет 1):



Сурет 1. Қазақстанның жел энергетикасы үшін ең қолайлы жерлерінің сипаттамалық көрсеткіштері

Қазақстанның электр станцияларының белгіленген жалпы қуаты 18, 993 ГВт, қолданыстағы қуаты — 14, 558 ГВт.


Жел энергетикасы қуаттарының жалпы потенциалы 659 ГВт болуы мүмкін, бұл қазіргі белгіленген қуаттан 35 есе артық. Ал Қазақстанның бірнеше әлеуетті жел аумақтарының электр энергиясын өндіру көлемі жылына 2,1735 триллион кВт-сағ болуы мүмкін, бұл Қазақстанның жалпы электр энергия өндірісінен (2011 жылы — 86,2 млрд кВт-сағ) 25 есе асып түседі [3]. Осыдан-ақ қазақстандық балама энергия көздерінің, атап айтқанда жел энергиясының әлеуеті үлкен, инвестициялық сыйымдылығы мен тартымдылығы жоғары екендігін байқауға болады.
Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы – күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ [4].
Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен тұратын ток көзі.
Күн энергиясын қолданысқа енгізу оңай емес. Ол ғылыми-зерттеу мен осы бағытта ерен физикалық еңбекті талап етеді. Сондай-ақ ауқымды инвестиция да қажет. Өйткені күн энергиясын алатын тиімді қондырғылардың құны да қымбат. Күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы, оның үстіне өз құнын 100 пайыз ақтайтын тиімді қондырғы. Жұмыс істеу мерзімі шамамен 30 жыл.
Жер шарында пайдалы қазбалардың түрі өте көп. Бірақ бұл – «олар мүлдем сарқылмайды» деген сөз емес. Әсіресе, бүгінде отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе, табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлерін – атом, су, жел, күн, т.б. энергияларды пайдаланудың маңызы өте зор. Аталғандардың ішінде энергияның қосымша көзінің бірі – Күн энергетикасы.
«Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы – күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. Бір астрономиялық бірлік қашықтығында (Жер орбитасында) күн тұрақтысы шамамен 1370 Вт/м²-қа тең. Жер атмосферасынан өткен кезде Күн сәулеленуі шамамен 370 Вт/м² энергияны жоғалтады. Осыдан Жерге тек 1000 Вт/м²-қа тең энергия ғана келіп түседі. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады» [5]. Шындығында, қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергияны алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр (сурет 2) [6].



Сурет 2. Шатырда орналасқан күн батереялары

«Жер бетіне қуатты үш энергия ағыны бағытталған:



  • күн сәулесі энергиясы, тәуліктік қуатты 174000 ТВт;

  • жер астынан үстіне қарай бағытталған жылу энергиясы,тәуліктік қуатты32 ТВт;

  • теңіз тасқыны энергиясы, тәуліктік қуатты 3 ТВт;

Күн сәулеленуінен электр энергиясы мен жылу алудың бірнеше әдістері бар:

  • электр энергиясын фотоэлементтер көмегімен алу;

  • күн энергиясын жылу машиналардың көмегі арқылы электр энергиясына айналдыру;

  • гелиотермальдық энергетика – Күн сәулелерін жұтатын беттің қызуы мен жылудың таралуы және қолданылуы;

  • термоәуелік электр станциялары;

  • күн аэростаттық электр станциялары.

Күн батареялары немесе коллекторлар сіздің ыстық суға немесе жылытуға деген қажеттілігіңізді қамтамасыз ететініне үміттенбеңіз,бірақ олар сізге Электр үшін шоттарда айтарлықтай үнемдеуге көмектеседі. Сіздің жүйеңіз 10 жылдан аз өтелуі сонша. Егер сіз электр желілеріне қосылмаған болсаңыз және генераторды электрді алу үшін пайдалансаңыз, онда фотоэлектрлік жүйе отын құнына және сіздің күрделі жөндеу немесе отын генераторын ауыстыру шығындарыңызға байланысты бірнеше айдан 2-3 жылға дейінгі мерзімге өтеледі [7].
Көптеген ойлайды, бұл ыстық күн күн батареялары көп энергия шығарады, аяз күн. Бұл олай емес. Электр қуатын өндіру үшін күн батареяларына жарық қажет, ал температура керісінше олардың тиімділігін төмендетеді. Сондықтан жарқын күн мен төмен температура — күн батареялары үшін тамаша жағдай.
Қазіргі уақытта Қазақстанда автоұрлық мәселесі кең таралған. Көптеген тұрақтар видеобақылаумен жабдықтанбаған, сол себепті көптеген көлік иелері зардап шегуде. Біз соны алдын алу және сақтану мақсатында, Қазақстандағы Нұр-Сұлтан қаласында «Nomad GPS» компаниясының gps трекерді қолдануға ұсыныс береміз.
Global Positioning System жаһандық ауқымдағы позициялау жүйесі ретінде аударылатын GPS аббревиатурасы:

  • нысанның орналасқан жерін анықтау;

  • берілген нүктелер арасындағы қашықтықты өлшеу;

  • объектінің жылдамдығын анықтау.

"НОМАД" жүйесі: нақты уақыт режимінде көліктің орналасқан жерін, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бақылауға; нақты жүрісті ескеруге және жүргізушілердің тәртібін арттыруға; GPS көмегімен әлемнің кез келген нүктесінде автопаркті қадағалауға; отынның нақты шығынын есепке алуға мүмкіндік береді.
GPS-мониторинг-көлікті бақылаудың заманауи жүйесі - "NOMAD GPS" ЖШС өз әзірлемесін — сіздің көлік құралыңыздың толыққанды GPS-мониторингін қамтамасыз ететін "НОМАД" жүйесін ұсынады.
Жерсеріктік бақылау жүйелері көліктің ағымдағы орналасқан жері мен техникалық жай-күйін үздіксіз қашықтағы бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. GPS-мониторинг автомобиль қозғалысының бағыттарын бақылауға, оларды түзетуге және штаттан тыс жағдайларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Көлік мониторингі:
- нақты уақыт режимінде автокөлік пен жүргізушінің орналасқан жерін көру, сондай-ақ жүк тасымалдау режимін қадағалау;
- КҚ орналасқан жерін, оның күйі мен қозғалыс бағытын көрсету;
- жүргізушімен байланыс орнату, SOS сигналын беру.
Жерсерік жүйесі автомобильдегі датчиктерге қосылады және олардың жұмыс параметрлерін егжей-тегжейлі қадағалауға мүмкіндік береді. Тариф жоспарына тоқталсақ. Мониторингі үшін ай сайынғы абоненттік төлем барлық шығындарды қамтиды (кесте 2):

Кесте 2.



NOMAD Light GPS

NOMAD Hit GPS

NOMAD Profi GPS

Бағасы: 2000 теңге/ай- 1 объект үшін

Бағасы: 2500 теңге/ай - 1 объект үшін

Бағасы: 3000 теңге/ай - 1 объект үшін

  • GPRS-ТРАФИГІ БАР SIM картасы;

  • барлық жаңа нұсқаларды жаңартуды қоса алғанда, БҚ жалдау;

  • серверлік жабдықты жалға алу;

  • бір деңгейлі техникалық қолдау;

  • деректерді серверлерде 3 ай бойы сақтау.

  • барлық жаңа нұсқаларды жаңартуды қоса алғанда, БҚ жалдау;

  • серверлік жабдықты жалға алу;

  • екі деңгейлі техникалық қолдау;

  • мәліметтерді серверлерде 6 ай бойы сақтау.

  • барлық жаңа нұсқаларды жаңартуды қоса алғанда, БҚ жалдау;

  • серверлік жабдықты жалға алу;

  • үш деңгейлі техникалық қолдау;

  • 12 ай ішінде серверлерде деректерді сақтау.

  • барлық өтінімдерді жедел өңдеу, жабдықты диагностикалау, сертификатталған маманның шығуы;

  • қызметкерлерді оқытуды жүргізу.

Жылдық топтаманы қосып, жеңілдік ал!

5% 22 800 тг.

8% 27 600 тг.

10% 32 400 тг.

GPS-трекер дегеніміз - құрылғы нысанның нақты орналасқан жерін анықтауға және оның қозғалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Функционалдығы бойынша да, құны бойынша да ерекшеленетін көптеген модельдер шығарылады.


Автокөлік GPS трекерлері борттық желіге қосылған немесе батареядан жұмыс істейтін стационарлық бақылау құрылғылары болып табылады. Қолдану аясы:

  • жүк және жолаушылар тасымалы;

  • шұғыл қызметтер;

  • ауыл шаруашылығы;

  • өндіруші кәсіпорындар;

  • коммуналдық қызметтер және т.б.

Компания көлік жұмысын мониторингілеу үшін автокөлік GPS трекерлерін сатып алу және орнату бірнеше себептер бойынша тез өтеледі:

  • автомобиль жүрісі азаяды және жұмыс тиімділігі артады;

  • көлікті мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді;

  • клиенттерге қызмет көрсету сапасы жақсарады;

  • отын шығыны төмендейді.

Көлік мониторингі жүйесін қолданудан қорытынды нәтиже:

  • рейстердің айналымдылығын арттыру, тасымалдау және қызмет көрсету көлемін арттыру, өнімді жеткізу мерзімін төмендету;

  • ұтымсыз жүрісті және бос тұрып қалуды төмендету, көліктің қызмет ету мерзімін ұлғайту есебінен көлік құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру;

  • көлік пен жүктерді ұрлаудан болатын шығын тәуекелін төмендету;

  • қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру;

  • автопаркті кеңейту қажеттілігін төмендету;

  • штаттық емес жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігі;

  • байланысқа жұмсалатын шығындарды азайту;

  • ЖЖМ үнемдеу есебінен жеткізу шығындарын 10-30% төмендету;

  • еңбек өнімділігін арттыру;

  • жүргізушілердің тәртібін арттыру;

  • көлік құралдарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау.

Қорытындалай келе, қазіргі заманғы талаптарға сай етіп, балама көз энергиясын пайдалану арқылы шығынды азайтып қана қоймай, қонақтардың қажеттіліктерін және оларға жайлылық жағдайын үздіксіз жыл бойы тудырамыз. Мотельдер тек орналастыру орындарымен ғана шектелмей, тамақтандырумен де қамтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет