Әож 37. 031. 2 Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету жолдары



Pdf көрінісі
Дата27.12.2016
өлшемі150,87 Kb.
#589

ӘОЖ 37.031.2

     ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

           Қ.Қ. Тұрсымбаева 



Б.А Алмағамбетова 

қазақ тілі пәні мұғалімдері

                      (Жезқазған қ., №13 жалпыбілім 

беретін орта мектеп)

Аңдатпа: Бұл мақалада орыс мектебінде қазақ тілі сабағында оқушылардың қазақша 

сауатты   жаза   және   өз   ойын   жеткізе   білуге   бағытталған   жұмыс   түрлері   көрсетілген.   Осы 

мақсатта   өзге   тілді   мектептерде   мәтінмен   жұмыстың   әдіс-тәсілдерін   қолдануға   көп   көңіл 

бөлінеді.   Қазақ   тілінің   төл   дыбыстарын   дұрыс   айту   дағдыларын   қалыптастыру   жолдары 

ұсынылған.

Түйін   сөздер:  пәндік   құзіреттіліктер,   қалыптастыру,   сөйлеу   әрекеті,   мәтіналды, 

ізденіс.


Оқушы   тұлғасына   бағытталған   білім   беру   оның   белсенділігін,   шығармашылық 

қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға, 

функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызады. Қазақ тілі пәні 

арқылы   қалыптастыруға   бағытталған   пәндік   құзіреттіліктер   оқушылардың   қоғам 

қажеттілігіне сай мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасуға ынталы болуын, жаңа ақпараттық 

және коммуникациялық технологияларды қолдана алуын, халқының өткен тарихын білуін, 

отбасында,   қоғамда   және   адамдармен   қарым-қатынаста   өз   көзқарасын   білдіре   алуын 

қамтамасыз етуге бағытталуы қажет (1). 

Демек,   оқушы   өз   ойын   ауызша   да,   жазбаша   да   қазақ   тілінде   сауатты   білдіру   тіл 

дамыту  жұмыстарын   тиімді     ұйымдастыруға   тікелей   байланысты.   Олай   болса,   оқушы   әр 

сабақта бірнеше жаңа сөз үйрену керек деген ұстаным басшылыққа алынуы тиіс. Осы орайда 

оқушылардың түсініп тыңдау дағдыларын дамыту басты мәселе болып табылады. Сөздерді, 

сөз   тіркестерін   түсіне   білу,   дыбыстарды,   дауыс   ырғағын   ажырата   білу   қабілетін 

қалыптастыру   мақсатында   сөздік   жұмысы   жүргізіледі.   Мысалы:   5   сыныпта   «Отбасы» 

тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту кезеңінде мынандай жұмыс түрлерін алуға 

болады:


1.Жаңа   сөздер   интерактивті   тақтада   көрсетіледі:   отбасылық,   құрметтеу,   ізеттілік,   қамқор 

болу,   сыйлау,   ардақтау,   отбасылық   дәстүрлер,   жас,   кәрі,   зейнеткер,   көмектеседі.   Мұғалім 

дауыс ырғағын дұрыс қойып, қазақ тіліне тән дыбыстарға екпін түсіре отырып, оқушыларды 

жаңа   сөздермен   таныстырады.   Келесі   кезеңде   оқушыларға   сөздерді   қайталата   отырып, 

сөздерді   дұрыс   айту   дағдыларына   көңіл   бөлінеді.   Дыбыстарды   ажыратуға   арналған 

жаттығулар жүргізіледі. Мысалы: жуан және жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді тап: 

ізеттілік, кәрі, зейнеткер, көмектеседі-жіңішке түбірлі сөздер, ардақтау, сыйлау, отбасылық-

жуан түбірлі сөздер. Осыдан кейін түсіну қабілетін арттыру мақсатында аударма жұмыстары 

жүргізіледі.   Сөздердің   грамматикалық   және   морфологиялық   формалары   түсіндіріледі   (2). 

Оқушылардың жаңа сөздерді түсініп тыңдау дағдыларын қалыптастыру жұмыстарынан кейін 

тіл дамыту жұмыстарына көшеміз, яғни сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыруға 

үйретеміз. Бірінші сөз тіркестерін құрастырады. Мысалы: Атам кәрі. Әжем-зейнеткер. Содан 

кейін сөйлемдер құрастыруға болады. Осылайша сөйлеуге қажет фонетикалық, лексикалық, 

грамматикалық білім мен дағды тіл дамыту негіздерін құрайды. Осы білім аясында сөйлеу 

әрекеті дамиды. Мұндай тіл дамыту шын мәніндегі тілдік коммуникацияны жаңа мазмұндағы 

жаттығулар ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.



Мәтіналды дайындық жұмыстары:

1.Отбасы мүшелерін сипатта.



Атам мен әжем – зейнеткер, жас, кәрі, жұмыс істейді, еңбекқор, мейірімді, қатал, әділ.  Әкем 

мен   шешем   –   жас,   кәрі,   ақылды,   қамқоршы,   ақыл   айтады,   үйретеді,   көмектеседі,   жақсы 

көреді. Өзім – оқушымын, тәртіптімін, әдептімін, жақсы оқимын, жақсы көремін.

2. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрастыру

                                                          үлкен, шағын

                                                          атам мен әжем ( әкем мен шешем ) бар

Менің отбасым (да)                        атамды, ...., ..., ... сыйлаймын.(ардақтаймын,                            

құрметтеймін)

                          (ның)                       бізге қамқор болады

                            (ды)                       дәстүрі бар

                                                          дәстүрі – үлкенді сыйлау

                                                          жақсы көремін.

Мәтіналды  дайындық сатысынан өткеннен кейін, мәтінде кездесетін тірек сөздерді 

қолдану, оның мазмұнын анықтайтын сұрақ-жауап арқылы мәтіндегі негізгі ойды түсінуге 

жағдай туғызамыз. Ол үшін төмендегідей сұрақ түрлерін ұсынуға болады:

-

Сенің отбасың үлкен бе?



-

Ата анаңның мамандықтары не?

-

Сен кімдерді құрметтейсің?



-

Отбасыңда қандай жақсы дәстүр бар?

Мәтінде   кездесетін   сөздердің   грамматикалық   құрылымына   тоқталатын   болсақ, 

мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

Екі бағандағы сөздерді салыстыр, оларға сұрақ қой, қай сөз табына жататынын және 

жасалу жолын анықта. Мысалы: ақыл не? – зат есім,  ақылды қандай?  - сын есім.

Ақыл     - ақылды

Әдеп     -   әдепті

Тәртіп    -  тәртіпті

Мейірім    -  мейірімді

     Отбасы    -  отбасылық 

Ізет    -  ізеттілік

Мәтінмен   жұмыс   кезінде   орындалатын   тапсырмалар   оқушылардың   жас 

ерекшеліктеріне,   дайындық   деңгейлеріне   байланысты   болады.   Тапсырмалар   мұғалімнің 

ұсынысы бойынша  ауызша немесе жазбаша орындалады. Мәтін балаға білім береді, баланы 

оқуға үйретеді, баланың ойын дамытады. Өз-өзіне сұрақ қою, басқаға сұрақ қою, кез келген 

нақты дайын жауап алудан гөрі терең ойлантатын сұрақ тауып қою- осының бәрі ойлауға 

әкеледі, қызығушылықты арттырады, іздендіреді, жетелейді, дамытады (1).

Сабақтың келесі кезеңінде мұғалім оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстырады, 

оқушылар мәтіннің мазмұнын ой елегінен өткізіп, негізгі ойды анықтайды.     

                                     Менің отбасым

 Менің  отбасым үлкен емес. Отбасымда бес адам бар. Атам мен әжем –зейнеткерлер. 

Біз оларды құрметтейміз. Менің  әжем- мейірімді адам. Ал атам-ақылды. Олар бізді тәртіпті, 

ізетті болуға үйретеді.

Әкем зауытта жұмыс істейді. Анам –дәрігер. Олар еңбекқор адамдар. Әкем мен анам 

бізге қамқор болады. Біздің  отбасылық дәстүр-үлкенді сыйлау.

      

  Мәтіннің   тақырыбына   қарай,   оқушылар   мағынасын   пайымдайды,   оны   өз   өмір 



тәжірибесімен салыстырады.

«Түртіп алу» стратегиясы

Білемін 


Жаңалық 

Ойлағаныма кері

Білгім келеді

Атам   –зейнеткер, 

ақылды

әскери   адам   болып 



жұмыс істеген

кейде қатал болады

атамның   әке-шешесі 

туралы т.б.

Әжем мейірімді

бимен айналысқан

өзенге   шомылудан 

қорқады


балалық

 

шағы 



туралы

Бұл жұмыс түрі оқушының өз отбасы туралы ауызша да, жазбаша да әңгімелей алуына 

жетелейді.   Мәтін   мазмұны   бойынша   сурет   салдыртуға,   мәтінді   өздігінен   аяқтап   жазуға, 

мәтіннің мазмұнын ашатын мақал-мәтелдерді қолдана отырып өз отбасы туралы  монолог 

дайындатуға болады. Сонымен қатар мәтін мазмұнын меңгерту барысында диалог түрлерін 

қолдануға болады: сұрап-білу диалогі, әдепке байланысты диалог, ой-пікір алмасу диалогі. 

Сұрақ-диалог  барысында қарым-қатынастық біліктіліктерге оқушының өзіне қажетті 

ақпаратты кім? не? қашан? қандай? қайда? деген сұрақтарды қою арқылы қол жеткізіледі (3). 

Мысалы:

-Сенің отбасың үлкен бе?



-.....

-Отбасыңда қанша адам бар?

-...

- Атаң мен әжең кімдер?



- ...

- Олар қандай адамдар?

-  ...

- Әкең қайда жұмыс істейді?



- ...

- Анаң кім?

- ...

- Бізге кім қамқор болады?



- ...

- Біздің отбасымызда қандай жақсы дәстүр бар? 

- ...

Пікір   алмасу   диалогі  өз   ойын,   көзқарасын   білдіру,   басқа   біреудің   ойымен   келісу 

немесе келіспеу, күмәндануын білдіру сияқты біліктіліктерді қажет етеді. Мысалы:

-

Мараттың отбасы шағын ба?



-

Жоқ, шағын емес,үлкен.

-

Атасы мен әжесі жұмыс істей ме?



-

Жоқ, зейнеткерлер.

-

Мараттың әкесі мен анасы еңбекқор адамдар.



-

Иә, олар еңбекқор адамдар.

Оқушылардың   ынтасы   және   таным   әрекеттерін   дамыту,   белсенді   ізденуші,   пікір 

айтушы,   ой   бөлісуші   деңгейіне   жеткізу   мақсатында   шығармашылық   жұмыс   түрлері 

жүргізіледі. Бұл жұмыс түрлері баланы өз бетінше ізденіске бағыттайды, ынталандыратын 

мүмкіндіктер   туғызады,   оқушының   еркін   шығармашылығын   қамтамасыз   етеді.   Осыған 

байланысты төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

Болаттың әкесі банкте жұмыс істейді. Ол бүгін әкесімен банкке барды. Олар үйден 

шықты. Автобус аялдамасына келді. №6 автобусқа отырды. Үш аялдамадан кейін автобустан 

түсті. Банк ғимараты Абай көшесінде орналасқан.

   Үй           көше                  аялдама                 автобус             Абай көшесі

       банк. Осы үлгі бойынша ата-анасының жұмыс орнына барғаны туралы мәтін құрап, 

сызбасын сызады.

Топтық   жұмыс  ұйымдастыруда     ойындар   орындалатын     іс-әрекеттер   арқылы   тіл 

үйренуге   сенімін   қалыптастырады.   «Әңгіме   құрастыру»   ойыны   барысында     әр   топқа 

тапсырма беріледі. Мысалы:  «Сен атаңа көмектес», «Біз анама көмектесеміз», «Ініңді циркке 

апар»,   топ   басшысы   жұмыстарын   қорғайды.   Сондай-ақ   сын   тұрғысынан   ойлау 

стратегияларының да  тіл үйретуде маңызы зор.

«Бес жолды өлең»  стратегиясы

                                                Отбасы 

                                       Үлкен             тату


                  Қамқор болады      құрметтейді     жақсы көреді

                               Біздің жақсы отбасылық дәстүр

                                             Жанұя       

Сонымен   жаттығулардың   түрлерін   әр   сабақта   тақырыпқа   байланысты   түрлендіру- 

мұғалімнің   тіл   үйретудегі   басты   шеберлігі.   Оқытудың   басты   міндеті   -   ең   тиімді   әдіс-

тәсілдерді орынды қолданып, нәтижеге қол жеткізу.

                                         

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Тұрсынғалиева   С.Ч.,   Берекенова   Ә.С.   Қазақ   әдебиеті.   Әдістемелік   құрал.   «Арман-ПВ» 

баспасы, 2013

2.Хабаршы. ҚазМҚПИ  ғылыми журнал. Филология сериясы. №5 (2). 2007. 38 бет.

3.Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. Ғылыми – әдістемелік журнал. №4, 2003.

                             



РЕЗЮМЕ

Турсымбаева К.К., Алмагамбетова Б.А- преподаватели казахского языка

(г. Жезказган, №13 общеобразовательная  школа)

МЕТОДЫ ОБУЧЕНИЯ КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ В РУССКИХ ШКОЛАХ

В статье рассматриваются пути развития устной и письменной речи учащихся русских 

школ на уроках казахского языка. В школах с нерусским языком обучения особое внимание 

уделяется  видам работ по тексту. Фонетические упражнения разработаны и описаны с целью 

совершенствования   навыков   произношения   специфических   звуков   казахского   языка. 

Предложенные методы и формы работы рекомендуется использовать на уроках, а также на 

внеурочных занятиях для развития навыков устной речи. 

Ключевые   слова:  предметная   компетентность,   формирование,   устная   речь,   дотекстовый, 

поиск.


                                                 

SUMMARY

Tursymbaeva K.K., Almagambetova B.A. Kazakh language teachers

(city Zhezkazgan, secondary school №13)

WAYS OF TEACHING THE KAZAKH LANGUAGE AT RUSSIAN SCHOOLS

The article deals with the ways of developing students’ speaking and writing skills at the 

lessons of the Kazakh language. At schools with non-Russian language training focuses on types of 

working on the text. Phonetic exercises are designed and described in order to improve the skills of 

pronunciation of specific sounds of the Kazakh language. The proposed methods and forms are 

recommended for use in the classroom, as well as extra-curricular activities for the development of 

oral communication skills.

 

Keywords: subject competence, formation, speaking, post reading, search.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет