Әож 374. 02 Қолжазба құқығында бекжанова бахытжамал жорабекқызы



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата31.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#10680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Ӛнімділік 
немесе "ой 
жҥгірте алу"
Ойлау 
икемділігі
Идеяларды 
генерациялау
Ойлаудың 
сонылығы

48 
 
 
жacaуын қaлыптacтыpу; жaңa тexнoлoгиялapды пaйдaлaну cтудeнттiң дaғдылы 
ic-әpeкeтi  бoлуы  қaжeт;  cтудeнттiң  тaпcыpмaлapды  мұқият  opындaуын 
бaқылaуды  бipтiндeп  күpдeлeндipу,  cтудeнттiң  ӛзiн-ӛзi  бaғaлaуынa  жaғдaй 
жacaу;  әpбip  cтудeнттiң  ӛз  бeтiмeн  opындaғaн  жұмыcтapын  ұжымдық 
жұмыcтың  құpaмдac  бӛлiгi  peтiндe  қapaудaн  бұpын  шaғын  тoптapдa  тaлқылaп 
бaғaлaу жұмыcын жүpгiзу [191]. Iс-әрекет тиімділігі мәселесінің ӛзі де адамның 
кәсіптік  маңызы  бар  қасиеттерінің  айқын  білінетін  немесе  жетіспеушілігі 
ракурсінде  зерттелгені  түсінікті.  Зерттеулердің  осы  арнасында  жүргізілген 
талдау кәсіптік маңызды сапалардың әртүрлі кешендері бола тұра, тұлғаның бір 
қатар қасиеттері болады деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді, олар басқа 
да  жағдайлармен  бірге  кез  келген  іс-әрекетті  орындаудың  тиімділігі  үшін 
маңызды  болып  табылады.  Оларға,  Г.С.  Никифиров  атап  кӛрсеткендей,  ең 
алдымен  жауапкершілік,  ӛзін  ӛзі  бақылау,  кәсіптік  ӛзін  ӛзі  бағалау  (кәсіптік 
ӛзіндік  сана  құрамдас  бӛлігі  ретінде)  және  бұдан  да  әжептеуір  айрықша  – 
эмоциялық  тұрақтылық,  қауіптену  жатады  [192].  Осы  қасиеттердің  барлығы 
болашақта шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімнің бойынан табылуы 
тиіс.  «Педагогикалық  шығармашылық»  және  «педагогикалық  шеберлік» 
ұғымдарын  талдай  отырып,    М.М.  Поташник  олардың  мағыналары  жағынан 
ұқсастығын  атап  кӛрсетеді  [193].  Ал  Н.В.  Кухарев  педагогикалық 
шығармашылықты  ӛлшеу  педагогикалық  шеберлікті  ӛлшеумен  бірдей  емес 
деген  пікірді  айта  отырып,  педагогикалық  шығармашылықты  ӛлшеудің 
ӛлшемдерін жасаған [194] (кесте 1).  
 
Кесте    1  -    Педагогикалық  шығармашылықтың  ӛлшемдері    (Н.В.Кухарев 
бойынша) 
 
Ӛлшемдері 
 
Олардың қызметте байқалу түрлері (кӛрсеткіштері) 


 
1.Жаңашылдық 
және 
оның 
түпкіліктілігі 
 
Материалды берудің түпкіліктілігі: 
-
 
білім беру мазмұнының түпкіліктілігі; 
-
 
пәнаралық байланыстардың түпкілікті негізі; 
-
 
жаңа әдістер, үлгілер, олардың түпкілікті байланысы
-
 
қолданылып жүрген әдістер, тәсілдер мен үлгілер дәрежесін ӛзгерту; 
-
 
жаңа авторлық әдістеме; 
-
 
жаңа педагогикалық технология; 
-
 
жаңа авторлық оқыту мен тәрбиелеу жүйесі; 
-
 
педагогикалық ізденістегі бейімделу дәрежесі. 
 
2.Ғылыми 
дәлелділігі 
 
 
 
 
Педагогикалық-психологиялық  ғылымдардың  жетекші  идеяларына 
сүйену: 
- ӛзінің шығармашылық ізденістерінен негізгі ойды ескеру; 
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерге сүйену; 
-  басқа  салалардағы:  медицина,  акмеология,  философия,  социология 
және т.б. білімдерді пайдалану. 

49 
 
 
1 – кестенің жалғасы 


3.Әлеуметтік-
психологиялық 
ерекшелігі 
Педагогтің ӛзі үшін ізденудің ерекшелігі: 
- әріптестер үшін ерекшелігі
- оқушылармен шығармашылықпен жұмыс жүргізу бағытының дәрежесі; 
- әлеуметтік тапсырыстар, ата-аналар сұраныстарының дәрежесі; 
- білім беру жүйесіндегі шығармашылық ізденіске дем берушінің әрекет 
дәрежесі; 
-  барлық  аймақтық  білім  беру  жүйелерін  дамытудағы  тәжірибелер 
ерекшелігі. 
4.Болашақтылы
ғы, 
қолайлылығы 
Оқушылардың жұмысқа қабілеттелігін ӛсіру дәрежесі: 
- педагогтер мен оқушылар қызметінің тиімділігі
-  педагогикалық  нәтижені  аймақтық  жағдайлар  мен  әлеуеттік 
мүмкіндіктеріне сай тұрақты жақсартуы; 
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тұрақты күшейту; 
- сыртқы себептерді азайту есебінен ішкі бағыттағы себептерді кеңейту; 
- болашақ тенденцияларды ескергенде материалдық шығын дәрежесі. 
5.  Ӛзара  әрекет 
тиімділігі 
Педагогтің оқушыға ықпал ету дәрежесінің ӛзгеруі: 

педагогикалық  нәтиженің  сапалық,  сандық  кӛрсеткіштерінің 
динамикасы; 
-  оқушылардың  психофизиологиялық  ерекшеліктеріне  педагогикалық 
әрекеттердің сәйкестік икемділігінің дәрежесі; 
- педагогтің ӛзінің оқушылардың ықпалын ӛзгерту дәрежесі; 
-  оқушыларды  тұлға  ретінде  инновациялық,  шығармашылық  тұрғыда 
дамытудағы педагогтің тұлға ретіндегі ерекшелігі; 
- жаңа әдістердің туындауы. 
6.Қанағаттану
шылық 
Педагогтің шығармашылық қызмет үдерісіне: 
- педагогтің ӛз қызметінің нәтижесіне; 
- оқушылардың қызметінің әр кезеңде нәтижеге жетуі; 
- оқушылардың еңбектестік үдерісіне; 
- оқушылардың педагог қызметін атқару үдерісіне; 
- сезімдік-адамгершілікті жетілдірудің ӛзара нәтижелері; 
- ақыл-ойдың ӛсуінің нәтижелері; 
- ӛзіндік даму және ӛзіндік жетілу жолын таңдауына; 
-  педагог  пен  оқушылардың  тұрақты  шығармашылықты  дамыту 
бағытына. 
7. 
Hәтиженің 
тұрақтылығы 
- Педагогтің қызметі бойынша кӛрсеткіші; 
- пәнді оқыту кӛрсеткіші; 
- басқа педагогтердің пән бойынша кӛрсеткішіне қатысы; 
- туыстас пәндерден сабақ беретін педагогтермен байланысы; 
- білім беру жүйесіне қатысы. 
8. Бейімділігі 
Ӛзіндік шығармашылыққа ынталандыруы: 

педагогикалық 
технологияны 
меңгеру 
шығармашылығының 
мүмкіндігі; 
-  педагогтің  жеке  қасиетіне  сай  әдістер  мен  технологияларға  бейімделу 
мүмкіндігі; 

туыстас пәндерден сабақ беретін педагогтердің қызметіне, педагогикалық 
инновацияны пайдалану мүмкіндігі, бейімделуі
- білім беру жүйесіндегі педагогтің қызметіне бейімділігі; 
- әр түрлі жағдайға бейімділігі.
 

50 
 
 
Cонымен, 
болашақ 
мұғалімнің 
педагогикалық 
шығармашылығы 
мыналардан байқалады: 
1. Алынған кӛрсеткіштерге талдау жасау; 
2. Кезіккен мәселелерді, жағдаяттарды сезіну; 
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық ӛзара әрекет жүйесін құру; 
4.  Ӛз  қызметінде  бағдарланған  міндеттерді  шешуді  тұрақты  түрде  кері 
байланыс  арқылы  жүзеге  асыру.  Ал  мұның  барлығы  мұғалімнің  кәсібилігіне 
байланысты болмақ. Ол біріншіден, ӛзінің еңбегінің нәтижесін ӛлшеу біліктілігі 
мен  қызметінде  сапалы  кӛрсеткіштерге  жетуі.  Екіншіден,  практикалық 
қызметте  педагогтің  сапалық  кӛрсеткішін  зерттеу  біліктілігі.  Бұл  шебер-
педагогтің,  шығармашыл-педагогтің  ӛз  қызметіне,  оның  нәтижесіне  талдай 
жасай білу біліктілігін кӛрсетеді.  
Kең  мағынада,  тұлғаның  кәсібилігі  еңбек  субъектісінің  қасиеттері  мен 
түрлі сипаттамаларының даму деңгейіне қойылатын талаптарды қамтиды. Oлар 
кӛп  жағдайда  кәсіби  іс-әрекеттің  жоғары  тиімділігін  айқындайды.  Осы 
қасиеттер,  сапалар  мен  сипаттамалардың  түрлі  психологиялық  мазмұны  бар. 
Tұлғаның  кәсібилігіне    қабілеттер  дамуының үдерісінде  және  нәтижесінде  қол 
жеткізуге болады. Бұл еңбек субъектісінің әлеуетінің маңызды сипаттамалары.  
Болашақ  мамандардың  акмеологиялық  дайындығын  қалыптастыру 
теориясында  қарастырылатын  тағы  бір  ұғым  «кәсібилік».  Кәсібилік  – 
акмеологияның  мазмұны  жағынан  кең  тараған  категориясы.  Оны  шешімдер 
қабылдаумен  байланысты  белгілі  бір  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  жеткілікті 
тәжірибенің, білім, білік және дағдылардың деңгейін бейнелейтін мамандардың 
іскерлік және тұлғалық қасиеттерінің интегралды сипаты ретінде түсінеміз.  
A.А.  Деркачтың  тұжырымдамасында  кәсібиліктің  дамуы  процессуалдық 
жағынан  жүйелік  позициялар  тұрғысынан,  атап  айтқанда  іс-әрекет  және  тұлға 
кәсібилігінің шағын жүйелерінің дамуымен, ӛзін - ӛзі дамытуға және жетістікке 
жету,  ӛзін  -  ӛзі  рефлексивті  ұйымдастырумен  байланысты  және  тұлғаның 
шығармашылық әлеуетінің ашылуы аясында қаралады. Мұндай шағын жүйелер 
тӛртеу: іс-әрекет кәсібилігі, тұлға кәсібилігі  және мінез-құлық нормативтілігі, 
ӛнімді  Мен–тұжырымдамасының  қалыптасуы.  Іс-әрекет  кәсібилігінің  шағын 
жүйесі жоғары кәсіптік құзыреттілік пен іскерліктердің, шеберлік деңгейіндегі 
дағдылардың, 
сондай-ақ 
арнаулы 
базистік 
іскерліктердің 
үйлесімді 
сабақтастығын білдіреді [195].  
Tұлғаның  кәсібилігі  іс-әрекеттің  нәтижелілігіне  әсерін  тигізетін  кәсіби-
маңызды  қасиеттердің  және  тұлғалық-іс-әрекеттік  қасиеттердің  дамуымен 
байланысты.  Тұлғаның  интегралды  психикалық  қасиеттері  кәсіби-маңызды 
қасиеттері  болып  келеді  –  зейін,  ес,  қиял,  сонымен  қатар  психологиялық 
сипаттамалар – эмоциялық жағымды күй, тұрақтылық, шыдамдылық және т.б. 
Ӛзін-ӛзі дамыту мен жетілдірудің ішкі реттеушісі болып анықталатын тұлғаның 
күштілігі мен оның еріктік қасиеттері.  Кейде кәсіби-маңызды қасиеттер тобына 
тұлғалық-іс-әрекеттік  қасиеттер  жатады:  ұйымдастырушылық;  жауапкершілік; 
тәртіптілік; бастамашылдық; зеректілік.  
Kәсібиліктің  акмеологиялық  инварианттары  іс-әрекет  ерекшелігінен 

51 
 
 
салыстырмалы  тәуелсіздікке  ие  және  іс-әрекеттің  жоғары  тұрақты  жетістігін 
қамтамасыз  ететін  негізгі  қасиеттер  мен  іскерліктер  болып  табылады.  Олар, 
соның  ішінде,  субъектінің  ӛзін-ӛзі  дамытуға  итермелейтін  ішкі  қозғаушы 
күштерден де кӛрінеді.  
Tұлғаның  креативтілігі  міндетті  түрде  кәсіби  іс-әрекетте  міндеттерді 
шешудің  жаңа  тиімді  амалдарын  шығармашылықпен  іздестіру  барысында 
жүзеге  асады.  Психологтардың  пікірінше,  шығармашылық  үдерістің  ӛзі, 
сонымен оның барысында алынған жаңа нәтижелер тұлғаның шығармашылық 
белсенділігін күшейтеді.  
E.В.  Селезнева  кӛрсеткендей,  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыруды  оның  барысында 
рухани  мәнін  ӛзін  ашатын,  жаңаратын  және  жетілдірілетін,  адамның  тұтас 
тұлғалық-әрекеттік  жай-күйінің  тереңін  басымдықты  ӛзгерту  үдерісі  ретінде 
қарау қажет. Бұл ӛзінің жеке басының сапалық, негізгі бастауларын дамытуды 
кейіннен  «жоспарлай»  отырып,  ӛзінің  тіршілік  әрекетінің  шын,  ақиқат 
мақсаттарын  ұғыну  арқылы  субъектінің  мақсатты  жұмысының  нәтижесінде 
ғана  болуы  мүмкін.  Осылайша,  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыру  адамның  рухани  ашылу 
шығармашылығы  мен  нысаны  қызметін  атқарады  [196].    Ӛзін  дамытуды 
субъективті  түрде  тұлға  ӛзін-ӛзі  жетілдіру  үдерісі  ретінде  қабылдайды,  ал 
адамның  кәсіпқой  ретінде  және  дербестік  ретінде  ӛзін  ӛзі  іске  асыруы  оның 
нәтижесі болып табылады.  
A.К.  Маркова  кәсібиліктің  мынадай  деңгейлерін  бӛліп  кӛрсетеді: 
кәсібилікке дейінгі, кәсібилік, үлкен кәсібилік деңгей [197]. Кәсібилікке дейінгі 
кезеңде субъект мамандықтың нормалары мен ережелерін меңгермейді, жоғары 
және шығармашылық нәтижелерге қол жеткізе алмайды. Кәсібилік деңгейінде 
ол  кәсіпқойдың  қасиеттерін  жүйелі  түрде  меңгереді.  Атап  айтқанда: 
мамандықтың нормаларын игереді, іс-әрекетке жеткілікті жоғары нәтижелерге 
қол  жеткізеді,  ӛзін  мамандыққа  лайық  деп  саналы  түрде  игереді,  яғни 
идентификациялайды. 
Жоғары 
кәсібилік 
деңгейінде 
субъект 
ӛзінің 
мамандығында  белгілі  шеңберден  шығады  және  оны  ӛзінің  жеке  үлесімен 
байытады. Кәсібилік емес (жалған кәсібилік) деңгейде субъект немқұрайлы, іс-
әрекетті  сырт  кӛзге  белсенді  орындайды.  Алайда  оның  кәсіби  қалыптасуында 
деформация  байқалады,  олар  мысалы,  тиімсіз  және  іс-әрекет  нормаларына 
сәйкес  келмейтін  орындаудан  кӛрінеді.  Оған  зейнет  жасына  дейінгі  адамдар 
жететін кәсібиліктен кейінгі деңгейде, адам «ӛткен уақыттағы кәсіпқой» болып 
табылады  және  ӛзінің  кәсіби  тәжірибесін  үйрететін  кеңесші,  тәлімгер  рӛлін 
атқара алады.  
Cонымен, кәсібилік акмеологияның басты категориясы болады. Ол жалпы 
және кәсіптік білім беру барысында  қалыптасады. Оның әрі қарай дамуының 
(«кәсіби  акмеге  жылжу»)    негізгі  шарты  болып  кәсібилікке  құндылықтық 
қатынас  ретіндегі  тұлғаның  үздіксіз  кәсіптік  ӛзіндік  білім  алуы  мен  ӛзін-ӛзі 
дамыту қарастырылады.  
Cонымен, кәсіби маман – бұл тұлға кәсібилігінің және іс-әрекеттің жоғары 
кӛрсеткіштеріне  ие,  жоғары  кәсіби  және  әлеуметтік  мәртебесі  бар,  жағымды 
әлеуметтік  маңызға  ие,  ӛзін-ӛзі  дамытуға  және  ӛзін-ӛзі  жетілдіруге,  тұлғалық 

52 
 
 
және кәсіби жетістіктерге бағдарланған, тұлғалық және әрекетшіл нормативтік 
реттеудің серпінді дамушы жүйесінің субъектісі.  
Mұндағы ӛзін - ӛзі дамыту алгоритмдері жүйесі: 
-
 
Tұлғалық  –  кәсіби  ӛсу  мақсатымен  тұлғалық  және  кәсіби  ӛзін  ӛзі 
танудағы қажеттіліктерді жандандыруды; 
-
 
Психологиялық  тұрғыда  ӛзін-ӛзі  диагностикалау  және  оларды  игерудің 
негізгі тәсілдерімен танысуды; 
-
 
Kәсіби  іс-әрекет  объектілері  мен  субъектілеріне  кәсіби  және  гуманистік 
құнды нұсқауларды, эталондар мен нормаларды қалыптастыруды; 
-
 
Iс-әрекет және адам кәсібилігі дамытуды
-
 
Ӛзін ӛзі кәсіби жетілдіруде қажеттілікті қалыптастыруды қамтиды. 
Aл кәсіби іс-әрекет тиімділігі мынадай кӛрсеткіштермен сипатталады: 
-
 
ӛнімділік  –  кәсіби  технологиялардың  белгілі  бір  жиынтығын  іске  асыру 
арқылы іс-әрекет мақсатына жету мүмкіндігі; 
-
 
интенсивтілік  –    іс-әрекеттің  технологиялық  құрамын  іске  асыру 
жылдамдығы; 
-
 
қауырттық  –  іздеген  нәтижені  алуға  жеткізген  «технологиялық»  тізбек 
ұзындығының сипаттамасы; 
-
 
дәлдік – қимылдардың ӛз технологиясына сәйкестігі; 
-
 
cенімділік  –  іс-әрекет  параметрлерінің  шарттары  ӛзгерген  және 
күрделенген кездегі тұрақтылығы, экстремалды ахуал жағдайларында ӛнімді іс-
әрекетті жүзеге асыру мүмкіндігі; 
-
 
ұйымшылдық  –  кәсіпкердің  бүкіл  уақыт  кӛлеміндегі  ӛнімді  кәсіптік 
технологияларды іске асыру уақытының үлесі; 
-
 
жанамалық – іс-әрекеттік сыртқы жағдайларына назар аудару қажеттігі. 
Kәсіби  іс-әрекетте  қоғамдық  мәні  бар  жетістіктің  болуының  критерийі 
ӛзіне әріптес-мамандардың назарын аударған жетістіктерге қол жеткізу болып 
табылады. Еңбек субъектісінің жеке басы үшін ӛзінің бұрынғы  нәтижелерінен 
асқанын  және  нәтиженің  осы  сәті  үшін  ең  жоғары  мүмкін  жетістікке  жетудің 
субъективтік критерийлері болып табылады.   
Kәсіби  даму  мен  жетілудің  факторлары  мен  шарттарын  зерттеудегі 
акмеологиялық  бағыт  мамандардың  шығармашылық  және  инновациялық 
әлеуеттерін  айырып  кӛрсетеді.  Мәселен,  шығармашылық  әлеует  адамның 
жүйелі қасиеті ретінде қаралады, ол:  
-
 
жаңашылдық 
іс-әрекетке 
мұқтаждығымен, 
инновацияларға 
бейімділігімен; 
-
 
іс-әрекетінде  айқындалатын  қызығушылықтардың  жасампаздығы,  әрі 
қайта құруға бағыттылығымен
-
 
дамыған  қиялмен,  ассоциативтік  байланыстардың,  аналогияларды  жеңіл 
қалыптастыруымен; 
-
 
интеллектуалдық жоғары даму деңгейімен; 
-
 
«идеяларды» генерациялау және әзірлеу дербестігімен сипатталады [198]. 
        Aвторлар  іс-әрекет  тиімділігінің  шығармашылық  тұрғыда  ӛзін  жетілдіру 
мәселелерімен  байланысын  ескере  отырып,  ӛзін  ӛзі  жетілдіру  және  кәсіби 

53 
 
 
жетістіктер мотивтерін жандандыру, сондай-ақ іс-әрекет барысында креативтік 
технологияларды  игеру  іс-әрекет  креативтілігін  арттырудың  негізгі  тәсілдері 
болатынын анықтады.  
       «Kәсіптік  құзырлылық  –  кәсібиліктің  маңызды  құраушысы  мен  оның 
жоғары  деңгейінің  кӛрсеткіші.  Кәсіптік  құзырлылық  осы  құзырлылықтың 
әрқилы  түрлері  негізіне  жататын  белгілі  бір  бағыттағы  кәсіптік  міндеттерді 
табысты шешуде кӛрініс береді [199]. 
Cондықтан шеберлік кәсібиліктің бір бӛлігін құрайтындығын байқау қиын 
емес.  Акмеологияны  зерттеуге  үлкен  үлес  қосқан    А.А.  Деркач  шеберлік  пен 
кәсібилік  белгілерінің  ара  қатынасын  белгілеу  негізінде  акмеологиялық 
кӛрсеткіштердің,  іс-әрекет  кәсібилігі  ӛлшемдерінің  тӛмендегідей  жүйесін 
ұсынды:  
- іс-әрекеттің жоғары тұрақты ӛнімділігі және тиімділігі; 
- оңтайлы қауырттылығы және еңбек қарқындылығы
- іс-әрекеттің жоғары дәлдігі және сенімділігі; 
- жоғары ұйымшылдығы; 
- сыртқы факторлардан тәуелділіктің тӛмендігі; 
- креативтілігі; 
- оң әлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуге бағыттылығы [200]. 
Шеберлік категориясы тұлғалықтың мағыналылығы, субъектінің іс-әрекеті 
мен  даралығы,  ересек  адамның  «кәсібилігінің»  және  «тұлғалығының»  шыңы. 
Оны  ӛлшеудің  пәнін  зерттеу  барысында  жасампаз  іс-әрекет        субъектісінің 
шеберлігінің    белгілері:  «ӛзіндік  сананың  жоғары  деңгейі»,  «жауапкершілік», 
«ӛнім  сапасы»,  «шығармашылық  шыңы»,  «білімнің  жоғарылығы  (кәсібиліктің 
кӛрініс беруі)», «жетілудің шыңы» (ӛнімде), «ойлау ӛнері» (жасампаздану мен 
ӛнімділік барысында), «сӛйлеу мәдениетінің шыңы» ретіндегі «мәдениттіліктің 
жоғары деңгейін кӛрсету», «руханилықтың биік шыңына жету» (шыншылдық,  
ізгіліктілік,  такт).  «Шеберлікті»  осындай  синтетикалық  тұрғыда  түсіну    іс-
әрекет барысындағы тұлға «акмесі», «ӛнімге  оның барынша енуі», «ізделінген 
нәтижеге  қол  жеткізу  жолында  болатын  әртүрлі  жағдайды  және  ӛзін  ӛзі 
бағындырудың жоғары сатыларының  жүйесі» ретінде ұғынылады. 
Педагогикалық  шеберлік    ең  алдымен  қандай  жағдай  болмасын  қажетті 
деңгейдегі  дамуға  қол  жеткізуге  болатын  оқу  үдерісін  ұйымдастыру    білігіне 
байланысты.  Педагогтың  кәсіптік  шеберлігін    жетілдірудің  жаңа  кӛзқарасы 
ЖОО-ғы білім беру  үдерісін  жетілдіруге  бағытталған оның  біліктілігін  кӛтеру 
және ӛзін-ӛзі білімдендірудің түрлерін, сонымен бірге мазмұнын қарастырумен 
анықталады.  Яғни  бұл  дегеніміз  мета  механизмдерді  жүзеге  асыру  болып 
табылады, ӛйткені оның нәтижелілігі (ӛнімділігі)  бітірушілердің және білімнің 
сапасында кӛрінеді.  
Жоғары  мектептің  кәсіби  ортасымен  ӛзара  әрекеттесуінде  байқалатын 
кәсібилікке  қол  жеткізудің    құралы  ретінде  педагогикалық  шеберліктің 
тӛмендегі тетіктерін қарастырамыз: 
-
 
білімді толықтыру арқылы бейімделу; 
-
 
болашақ 
мамандықтың 
бейнесіне 
сәйкес 
кәсіби 
сәйкестік 
(идентификация); 

54 
 
 
-
 
білім алушының ішкі белсенділігін күшейту.  
Mұнда кәсібилікке қол жеткізу деп шеберлікті ғана емес, сонымен бірге аса 
маңызды 
тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерді 
(мақсатқа 
талпынушылық, 
бастамашылық,  ұйымшылдық  және  басқалары),  мінездік  ерекшеліктерін 
(табандылық,  жауапкершілік  және  басқалары),  интеллектуалдық  қасиеттерді 
дамыту  және  шығармашылық  әлеуетін  ашуды  да  түсінеді.  Нағыз  кәсіби 
маманның  қалыптасуы  әрқашан  маманның  тұлғалық-кәсіби  дамуымен 
байланысты  
Cонымен,  «шығармашылық»,  «креативтілік»,  «шығармашылық  әлеует», 
«шығармашылық белсенділік», «педагогикалық шеберлік» категориялары ӛзара 
байланысты және тәуелді бола отырып, болашақ мамандардың акмеологиялық 
дайындығының  құрылымдық  компоненттері  болып  табылады.  Сондықтан 
біздің  зерттеу  жұмысымызда  педагогикалық  шығармашылық  акмеологияның 
негізгі  қыры  болып  саналатын    іс-әрекет  кәсібилігінің  ең  жоғарғы  деңгейі 
ретінде 
қарастырылады. 
Педагогикалық 
шығармашылық 
кәсіби 
шығармашылықтың  маңызды  бӛлігі  ретінде  тұлғаның  кәсіби  дамуының 
акмеологиялық  бағыты  болып  табылады.  Акмеологиялық  тұрғыдан  алғанда, 
педагогикалық  шығармашылық  пен  шеберлік  қатар  жүретін  үдеріс  және 
болашақ маманның кәсіби сапасы болып анықталады.   
Жоғарыдан  кейінгі  білім  жағдайында  тұлғаның  кәсіби  іс-әрекетке 
акмеологиялық  дайындығын  қалыптастыру  үдерісі  оның  акмеологиялық 
бағыттылығын  қалаптастырумен  байланысты,  ол  үдемелі    дамуға,  кәсіби 
саладағы және жалпы ӛміршеңдіктегі барынша шығармашылық тұрғыдан ӛзін-
ӛзі  жетілдіруге  бағдарлайтын  тұлғаның  жалпы  бағыттылығының  сапалық 
сипаты. 
Tұлғаның 
акмеологиялық 
бағыттылығының 
кәсіби-педагогикалық 
мазмұны  болашақ  педагог-психологтарды  ӛздерінің  кәсіби  іс-әрекетінде  білім 
берудің акмеологиялық тұжырымдамасын жүзеге асыруға және акмеологиялық 
білімнің теориясы мен әдіснамасын игеруге бағдарлайды.  
Mагистрант  тұлғасының  акмеологиялық  бағыттылығының  қалыптасуы 
туралы кӛрсеткіштеріне тӛмендегілер жатады:  
-
 
кәсіби-педагогикалық құндылықтардың мазмұнын білу; 
-
 
кәсіби-іс-әрекет  және  кәсіби  ӛзін-ӛзі  дамыту  мотивациясы  контекстінде 
оларды тұлғалық-мағыналық ретінде қабылдау
-
 
кәсіби іс-әрекеттің және кәсіби ӛзін-ӛзі дамытудың әлеуметтік және жеке 
мақсаттарын ұғыну; 
-
 
ӛзіндік кәсіби жолын жобалау; 
-
 
кәсіби 
қызығушылықтары 
мен 
білім 
беру 
қажеттіліктерінің 
қалыптасқандығы; 
-
 
рефлексиялық қабілеттердің болуы; 
-
 
ӛзін-ӛзі  дамытуға  және  мамандықта  шығармашылық  ӛзін-ӛзі  жүзеге 
асыруға ұмтылу.  
Kелесі  кезекте  жұмысымыздың  негізгі  тірек  ұғымы  «акмеологиялық 
дайындықты»  талдауға  кӛшеміз.  Ал  ол  үшін  алдымен  «дайын  болу», 

55 
 
 
«педагогикалық әрекетке дайын болу» сияқты мәселелерге тоқталған жӛн.   
Қазақ  тілінің  сӛздігінде  «дайын»  ұғымы  «даяр,  әзір»  сӛздерінің  синонимі 
ретінде  қарастырылып,  «дайындық»  белгілі  бір  шаруаға  әзірлік,  қам 
жасаушылық деп түсіндіріледі [201]. 
Дaяpлaу  –  бұл  ӛзapa  бaйлaныcқaн  элeмeнттepдiң  (кoмпoнeнттepдiң)  тұтac 
кeшeнi.  Oның  бacты  cипaттaмaлapы  тұтacтық,  құpылым,  функция  «бaйлaныc» 
ұғымы  apқылы  нaқтылaнaды.  «Дaяpлaу»,  «тұтacтық»  ұғымдapы  cтpaтeгиялық, 
aл  «бaйлaныc»  дaяpлaудың  түзiлуi  мeн  тaлдaу  құpaлы  peтiндe  кӛpiнe  oтыpып, 
кoнcтpуктивтi pӛл aтқapa отырып,  бaйлaныcтap тoптaмacын мәндi eтeдi. Бiлiм 
бepудeгі  бaйлaныcтapды  құpылым  apaлық,  пәндepapaлық  жәнe  пәнapaлық 
бaйлaныcтap  дeп  бӛлугe  бoлaды.  Бiздiң  зepттeп  oтыpғaн  –  бoлaшaқ 
мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру үдepici, жалпы кәciби 
дaяpлықтың бip кoмпoнeнтi бoлып тaбылaды. 
Қазіргі  уақытта  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  еңбекке,  іс-
әрекеттің  алуан  түрлеріне  адамның  дайындығы  феномені  туралы  теориялық 
және  тәжірибелік  материалдар  жеткілікті  жинақталған.  Дайындық  ұғымы 
тұжырымдалып,  дайындықтың  мазмұны,  құрылымы,  негізгі  параметрлері 
анықталып, оның кӛрініс беруінің динамикасы, ұзақтығы және тұрақтылығына 
әсер  ететін  шарттары  айқындалды.  Жалпы  кәсіби  іс-әрекетке  дайындық  іс-
әрекетті  тудыратын  тұлғаның  белсенді  күйі  ретінде  қарастырылады;  іс-
әрекеттің  салдары;  кәсіби  жағдаяттарға  бағдарды  анықтайтын  сапа  ретінде; 
мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің алғы шарты ретінде қарастырылады.    
Mысалы солардың ішіндегі біздің зерттеуіміз үшін маңызы бар бір екеуіне 
тоқталар болсақ,  жоғары ӛнімділік  дәрежедегі іс-әрекетке «дайындық» немесе 
«дайын  болу»  ұғымын  Б.Г.  Ананьев  «қабілеттердің  кӛрініс  беруі»  деп  [202], 
В.А. Крутецкий «іс-әрекетке дайындықты» тұлға қасиеттерінің синтезі ретінде 
қарастырады  [203].  Барлық  анықтамалар  сайып  келгенде  ізделініп  отырған 
дайындықтың мазмұнында келесі компоненттердің болуы керектігін анықтаған: 
мұғалімдік  мамандыққа  оң  қатынас,  педагогтың  алуан  түрлі  әрекеттеріне  оң 
қатынас; тұрақты кәсіби қызығушылықтар; педагогикалық іс-әрекеттің тұрақты 
мотивтері;  оның  нәтижелеріне  қатысты  жауапкершілікті  сезіну;  кәсіби  іс-
әрекеттің адекватты талаптары, тұлғаның сапалары, мінездің сипаттары; кәсіби 
маңызды білімдер, біліктер, дағдылар, оларды жұмылдыруға және белсендіруге 
қабілеттілігі;  дамытылған  педагогикалық  қабілеттер;  кәсіби  міндеттерді 
шешудегі  ӛзбетінше  әрекет  ету;  эмоциялық,  еріктік,  сезімдік  аймақтардың 
дамығандығы  (шабыттылық,  ӛз  жетістігіне  сенім  арту,  ӛзін-ӛзі  басқару  білігі, 
сенімсіздікті  жою,  қорқыныш  пен  үреймен  күресу  және  т.б.);  қабылдаудың, 
зейіннің  және  ойлаудың  тұрақты  кәсіби  маңызды  ерекшеліктері.  Сонымен 
қатар,  кәсіби  іс-әрекетке  дайындық  кәсіби  іс-әрекетке  дайындаудың  нәтижесі, 
салдарының да алар орнын айқындаған.  
Tұлғаның  кәсіби  іс-әрекетке  дайындығы  құрылымында  тұлғаның  іс-
әрекетке  дайындығының  саналы  түрде  ұғынбайтын  күйі,  ол  арқылы  тұлға 
ӛзінің қажеттілігін қанағаттандыратын  бағдары қарастырылады. Бұл дегеніміз 
тұлғаның кәсіби іс-әрекетке дайындығы оның сол мамандыққа бағыттылығына 

56 
 
 
да  тікелей  тәуелді  екендігін  білдіреді.  Атап  ӛтсек,  И.А.  Kучерявенко 
дайындықты  мүмкіндіктерді  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ететін  тұлғаның 
мотивациялық,  танымдық,  эмоциялық  және  ерік-жігерлік  қасиеттердің 
жиынтығы  арқылы  оның  жалпы  психо-физиологиялық  күйі  ретінде;  белгі  бір 
әрекеттерді  орындауға  бағдарланған  тұлғаның  бағыттылығы  ретінде 
қарастырады [204]. 
Kәсіби  іс-әрекетке  дайындық  мәселесін  тұлғалық-іс-әрекеттік  тұрғыдан 
Л.А.  Кандыбович  тұлғаның  барлық  жақтарының  кӛрініс  беруіндегі  оның 
біртұтастылығы  деп  есептейді  [205].  А.А.  Деркач  кәсіби  іс-әрекетке  тұлғаның 
дайындығын  зерттеу  барысында  оны  маман  тұлғасының  барлық  жақтарының 
біртұтас кӛрініс беруі ретінде қарастырып, оған танымдық, мотивациялық және 
эмоциялық  компоненттерді  кіріктірген.  Ғалым  дайындықтың  құрылымындағы 
мотивациялық-құндылықтықты негізгі компонент ретінде анықтайды [206].       
O.В.  Юдина ӛзіне дейінгі жазылған еңбектерді талдай келе «дайын болу» 
категориясын ішкі сенімділік (құндылық механизмі), әрекетке деген қажеттілік 
(мотивациялық  механизм),  кәсіби  сапалардың  қалыптасқандығы  (субъектілік 
механизм),  кәсіпте  жетілуге  деген  ұмтылыс  (еріктік  механизм),  замануи 
құралдарды  пайдалана  алу  (операционалдық  механизм)  түрінде  сипаттайды 
[207].       
Жоғары  мектепте  маман  дайындау  мәселесіне  еңбектерін  арнаған 
Г.К.Нұрғалиева    жоғары  білім  беруді  дамытудағы  маңызды  мәселелердің  бірі 
ретінде  қазіргі
  
мамандарды  дайындаудың  сапасын
 
арттыруды  кӛтереді  [208]. 
Ғалым  еңбектерді  зерделеу  барысында  «дайындау  сапасы»     ұғымының 
мағынасы «білім беру сапасы» ұғымымен салыстырғанда  тар болып келетіндігі 
және мамандарды  сапалы дайындау
 
мыналарды кӛздейтіндігіне тоқталады: 
-
 
білім  алушыларды  берілетін  білімнің  пәндік  саласына  терең  бойлату, 
оларға танымның зерттеп жатқан саласына «ену» тәсілдерін меңгерту; 
-
 
олардың  беймәлімді  тануға  ішкі  қажеттіліктерін  және  үдемелі 
қызығушылықтарын қалыптастыру; 
-
 
таңдалған  мамандықтың  шығармашылық  сипатына  деген  білім 
алушылардың мотивациясын зерттеу; 
-
 
білім  алушылардың  ӛзіндік  жұмысын  қалыптастырушы  біліктер  мен 
дағдыларды, стимулдарды анықтау; 
-
 
мамандарды  кәсіби  даярлау  сапасына  ықпал  етуші  факторларды  бӛліп 
кӛрсету. 
Cонымен  психологиялық  және  педагогикалық  әдебиеттерді  зерделей  келе 
«дайындық» 
ұғымы 
іс-әрекет 
теориясының 
категориясы 
ретінде 
қарастырылатындығын  анықтадық.  Сонымен  бірге,  бір  жағынан,  «дайындық» 
дайындау үдерісінің нәтижесі, екінші жағынан, бір нәрсеге бағдарлану ретінде 
түсіндірілетіндігін 
байқадық. 
Бұл 
пікірлер 
жұмысымызға 
қатысты 
«акмеологиялық дайындық» ұғымын нақтылауға ықпал етті. 
Біздің пікірімізше «акмеологиялық дайындық»  – бұл адамды кәсіби салада 
және  жалпы  ӛмірде  ілгері  дамуға,  шығармашылықпен  ӛзін-ӛзі  жетілдіруге 
бағдарлайтын тұлғаның жалпы дайындығының сапалық сипаттамасы дей келе, 

57 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет