ӘОЖ 620.92 Әділхан А. (Қарағанды, ҚарТУ)
Мади П.Ш. (Қарағанды, ҚарТУ)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Электр станцияларын жедел жаңғырту және электр энергиясының тапшылығын, сондай-ақ атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту туралы талаптарды ескере отырып, қуаттарды кеңейту қажет болған жағдайда ел жаңа электр станцияларын іске қосуды және электр энергиясы көздерін әртараптандыруды қажет етеді. Бұл Қазақстан Республикасында АЭС салу мүмкіндігін қарастыру жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге себеп болды.
ҚР-да атом саласын құру мен дамыту үшін объективті алғышарттар жеткілікті, мысалы:
- дәлелденген уран қорларының айтарлықтай санының болуы;
- дамыған уран өндіруші және уран өңдеуші өнеркәсіптің болуы;
- атом ғылымының болуы;
- жоғары білікті мамандардың кадрлық әлеуетінің болуы;
- медициналық радиофармпрепараттар өндіру үшін ядролық технологияларды әзірлеу мен енгізудегі елеулі прогресс.
Қазақстан әлемде көлемі бойынша екінші (әлемдік қорлардың 14%) сенімді расталған дәлелденген уран қорына ие. Елде уранның баланстық қоры бар барланған 56 кен орнының 14 кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілген, қалған 42 кен орны резервте тұр. 2009 жылдан бастап Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша әлемде бірінші орын алады. Тәуелсіздік жылдарында өндіру көлемі 24 еседен астамға — 1997 жылғы 796 тоннадан 2020 жылы 19,5 мың тоннаға дейін ұлғайды.
1 кесте - Отын түрлері бойынша электр энергиясын өндіру (млн кВтсағ)
Достарыңызбен бөлісу: |