МЕХМЕТ АКИФ ЕРСОЙДЫҢ КӨЗҚАРАСЫНДА ИДЕАЛ ЖАСТЫҚ
Экрем Аян
-
көмекші доцент, доктор.
Түркия, Мугла қ.,Мугла Сыткы
Кошман Университеті
«Ең бірінші кезекте
йманы хакікі
келеді,
Одан кейін
амелі салих
,
Кейін
хак
, одан кейін болса
себат
.
Міне құлыным бұл тӛртеуі адамгершілік ұғымының қайнар бұлағы …
Егер осы тӛрт қасиет сенің бойында табылса,
Қайғы-қасіреттің қара бұлты саған ешқашан жоламайды».
(Ғасыр сүресін ой-елегінен ӛткізгенде)
Аннотация:
мақалада түрік ұлтының ұлы ақыны Мехмет Акифтің басты арманы ӛз
мемлекетінің болашағы үшін сӛз иесі бола алатын, рухани жағынан анағұрлым мықты ұрпақ
ӛсіру мәселесі туралы негізгі ойлар тұжырымдалған.
Түйін сөздер:
Мехмет Акиф Ерсой, ұлттық, рухани, халық, қоғам, Отан, әділетсіздік.
Мәдениет атаулыдан алыс қалған қауымдардың, әр уақытта тарих сахнасынан жоқ
болып кету қаупіне душар болатыны хақ. Мәдениеттердің жоқ болып кетпей ӛткеннен
бүгінге жетуінің басты себепкерлері, ұрпақтар арасында бір кӛпір қызметін атқарып отырған
аты аңызға айналған тұлғалар аз да болса қоғамымызда кездесіп отырған. Қоғамның, ӛз ішкі
динамикасынан алыстау қаупі туылған кезеңдерде ерекше тұлғалар, ортасында ӛскен
қоғамда тек қана ұлттық сана-сезімін қалыптастырумен шектеліп қалмай, сонымен қатар
қауымының бойында әрдайым бар болып келген ӛзіндік тәжірибе және құндылықтармен
сусындай отырып, халық арасында жаңа ой-пікірлердің, жаңа толғаныстардың қалыптасуына
себепкер болып отырған. Осылайша, ұлттың келешегіне қатысты қозғалыстың жаңадан бой
кӛтеруінде манызды рӛлдер атқарған. Шынында да түрік ұлты, бірнеше ғасырлар бойы бар
болу үдерісінде Білге қағаннан Ататүрікке дейінгі кезеңдерде мақтана алатын кӛптеген нар
тұлғалар ӛсіріп шығарған екен. Халықтың ортасынан шыққан осындай ұлы тұлғалардың ең
кӛрнекті үлгісінің бірі және бірегейі ретінде Мехмет Акиф Ерсойды айта аламыз [1].
Әр қауымның ӛмір сүріп отырған қоғам ішінде ӛз тіршіліктерін жалғастыра алуы,
ӛздеріне тән мәдени түсініктеріне сәйкес келетін тұлғаларды шығара білулеріне байланысты
деп тұжырым жасай аламыз. Мұндай тұлғалар, жалпы алғанда қауымның бүкіл мұқтаждық
және басқада қажеттіліктерін ӛтей алғандығы үшін «идеал адам» атауын алады. Әр
қауымның және әр дәуірдің қажеттіліктері мен құндылық ой-тұжырымы әр түрлі болғандығы
үшін идеал адамдардыңда осыған байланысты кісілік келбеті ӛзгеріп отырады. Сӛздің реті
келгенде айта кеткен жӛн, біздің қауымымыз тарих беттерінің «Қауымдар кезеңінде» «білге
(білікті)», алп (алып) және үлгілі адамдарға жатқызылған болса, «Үмбет кезеңінде» уәли
(қамқоршы, әулие, тақуа адам), қазы (дін жолындағы күрескер, әрдагер) және ахи (жомарт,
мырза, қолы ашық) адамдар жӛнінде сӛз қозғалады және идеал адам ретінде де осы үш
адамның қасиетін бойында жинағандар кӛрсетіледі. «Ұлттар кезеңінің» идеал адамы
бойында іздестірілген негізгі ӛзгешеліктер «ақылды, кӛп нәрсе білетін, кенттік билікке ие
(отырықшы), еркін, экономикалық, идеал құндылықтары бар, ӛзіне деген сенімі мол,
иманды» т.б. болатын [2].
Шығармаларын оқи отырып, ой талқысына салғанымызда кӛретініміз: түрік ұлтының
ұлы ақыны Мехмет Акифтің басты арманы ӛз мемлекеттің болашағы барысында сӛз иесі
бола алатын, рухани және физикалық жағынан анағұрлым мықты ұрпақ ӛсіру болатын.
Мехмет Акиф, ӛзінің армандаған жас буынды «Асымның замандастары» ретінде бейнелейді.
Асым, Мехмет Акифтің бет-әлпетін ӛзінше толық бейнелеген арман-қиялындағы бір жас
ӛркеннің прототипі болатын. Асым, отанын, ұлтын ӛз халқының құндылықтары мен тарихын
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
87
жан-тәнімен сүйетін бір жас. Әділетсіздікке еш тӛзімі жоқ. Әділетсіздікке қарсы үнсіз қала
алмайтын, шындықты ашып бетке айта алатын шыншыл және тіпті қателіктерді сәті
келгенде ӛз қолымен түзетуге күш жұмсауға тырысатын бір жас буын. Ол ӛзінің ӛте қуатты
және қайратты күшін қара басының қамы үшін емес, туған жері, туған халқы, ӛз халқының
пайдасы және келешегі үшін жұмсайды. Бұл жеткіншек біраз қызба, жанжалқой қасиеттерге
де ие. Бірақ, оның жанжалы, күресі ел қамы үшін. Асым, діндар, отансүйгіш, қаһарман,
шыншыл, еңбекқор, кӛзі ашық, әдепті бір жас жеткіншектің символы іспеттес [3].
Мехмет Акифте идеал жас, тарихына не ата-бабасына адал және қадірлі перзент.
Құқықсыздыққа тӛзбейді, үнемі ақтың және хақтың қасында болған бір жас.
«Зұлымдыққа қолдау кӛрсете алмаймын, залымды да ешқашан сүйе алмаймын;
Жаныма келген әлдекімнің кӛңілі үшін ӛткен күндерге тіл тигізе алмаймын.
Егер біреу ата-бабама қарсы әрекет жасады ма, оны тіпті тұншықтырамын…
-Мені тұншықтыра алмассың!
-Еш болмаса жанымнан қуамын.
Үш жарым тексіздің арқасында итке ұқсап үре алмаймын;
Басқа-басқа хақ аты тұрғанда, әділетсіздікке ӛлсемде табына алмаймын» [4].
Мінсіз, текті жас буынның кӛзінде отан, әлемдегі ешбір нәрсемен ауыстырылмайтын;
ешбір байлық, бағамен ӛлшенбейтін ұжмақ іспеттес. Ақынның пікірінше, отанды осыншама
қасиетті, мәртебелі қылған оның қойнында жатқан ғазиз шейіттердің қаны екен. Отан үшін
шыбын жанын пида еткендер екен. Ақын, әрбір шәйіт болған жандардың ұлдарына, отанына,
ата-бабасының мұрасына иелік етіп, оларды кӛз қарашығындай сақтауы жӛнінде үндеу
тастайды. Әрбір текті жас буынның ӛз ұлтының ұлттық және рухани құндылықтарын кӛз
қарашығындай сақтайтын бір жас болуы керек екендігін Түркия Республикасының ұлттық
әнұранында мына сӛздермен жеткізеді:
«Сен шәйіт ұлысың, күнә ғой ренжітпе атаңды.
Бүкіл әлемді алсаң да ешкімге берме бұл жәннат Отанды»!
(Түркия Республикасының ұлттық әнұраны)
Ақын, түрік ұлтына тән ең басты ерекшеліктердің бірі: еркіндік құштарлығы жӛнінде ұлттық
әнұранның мына шумағында текті жас буынның тәуелсіздік құштары болуы керек екендігін
әдемі сӛздермен жеткізе білген:
«
Мен ежелден бері еркін ӛмір сүрдім, еркін ӛмір сүремін.
Қандай ақылынан адасқан маған кісен салады екен? Таңырқап қараймын!»
Мен гүрілдеген сел сияқтымын, қарсыма шыққан тосқауылдарды бұзып асамын;
Бұзамын тауларды да, обаларға сыймай тасамын.
(Ұлттық әнұраннан)
Туғанымнан бері ғашықпын еркіндікке,
Маған еш қашан қарғыбау болған емес алтын бәйшешек [5].
Бір зиялының, бір ақынның надандыққа қарсы бас кӛтеруі шүбәсыз табиғи жағдай
болып саналады. Мехмет Акифтің пікірінше, адамзат баласының ата жауы надандық болып
табылады. Сол себепті надандық жойылмай жағамызды жауларымыздың қатыгез қолынан
арашалап қалудың еш мүмкіндігі бола қоймас. Қараңғылықтың, білімсіздіктің адамзат
баласын қандай қиын жағдайларға душар еткізетініне біздің кӛзімізді жеткізу үшін бір
кездерде Ибн Сина және Ұлықбек сынды ұлы ғұламаларды тәрбиелеп ӛсірген Бұхараның
қиын-қыстау кезеңдегі ауыр жағдайы жӛнінде ой толғап ӛз оқырманы болған біздерге
баяндайды. Осы білім ордасының, білім әлеміне бұдан кейін талантты шәкірт бере
алмайтындығына күйінеді. Бұл жердегі Мехмет Акифтің басты мақсаты жалпы алғанда
Шығыс әлемінің ішінде болып жатқан білімсіздік пен оқып-тоқудың жоқтығын қоғам
назарына ұсыну және мұндай қасіреттен құтылу жолдарын іздестіру болатын. Әлемнің түрлі
елдеріне жасаған сапарлары нәтижесінде Батыс әлемінің ғылым, пікір және ӛнер
саласындағы жетістіктерінен қатты әсер алған Мехмет Акиф, Шығыс халықтарының да
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
88
осындай дәрежеге жетуін армандауда және қараңғылық тақырыбындағы ең қатал, ең қатты
сыни талқылауларын Шығыс халықтары жӛнінде жазған [6].
Ей, Бұхара, ей ұлы ӛлкем;
Қорлықтың қойнында талықсып ұйқыға кетіпсің!
Жүздеген Ибн Синалар туылған ӛлкем,
Ал, қазірде бірде-бір талапты жас тәрбиелеп бере алмайсың білім әлеміне,
Бұл не деген ӛкініш, бұл не деген қасірет!
Тіпті ұлы білім ордасы, обсерваторияның отаны Самарқанның да;
Ӛткен күндердің алдамшы қараңғылық қойнына батқаны соншалық;
Ай тұтылғанға: «Ей адамзат оян кәне! Қуайық, шайтанды бірге» - дейді,
Дабыл қағуда мыңдаған қыз, әйел, еркек! [7]
Мехмет Акиф, Шығыс-Батыс айырымының қандай себептер жүзінен ортаға шыққаны
жӛнінде сӛз қозғай келіп, мұның ең басты себебінің білім екеніне тоқталады. Ӛзінің түрлі
елдерге жасаған саяхаттары нәтижесінде ӛз кӛзімен кӛру мүмкіндігіне ие болған Шығыс
және Батыс халықтарын тӛмендегідей сипаттауға тырысады: «Сен Шығысқа кӛп бардың ғой.
Ол жақтарда не кӛрдің?» - дейді маған кейбір жандар.
Кӛргенім менің жер, жер,
Қираған аймақтар, бос қалған үй, басы жоқ үмбеттер;
Жығылған кӛпірлер, суалған каналдар, жолаушысы жоқ жолдар;
Әжім басқан жүздер, терлемеген маңдай, іс кӛрмеген қолдар;
Бүгілген белдер, жіңішкерген мойын, туламайтын жас қандар;
Ойланбайтын бас; дір етпейтін жүрек; тот басқан ождандар [8].
Мехмет Акифтің пікірі бойынша, Шығыс әлемінің мұншалықты аянышты күйге душар
болуының басты себебі: мұсылман қауымдардың надандық тұзағына түсуі, оқу-ағартудан
алыс қалуы және ӛз ұлттық құндылықтарын жоғалтулары болып табылады. Бұл себепке
байланысты Мехмет Акиф жас буынды, Батыстан білім және ғылым үйрену үшін талпынуға,
олар секілді еңбек етіп, ӛз ісінің маманы болып жетілген уақытта ӛз отанына оралып, оқып-
үйренгендерін елінің болашағы үшін жұмсауға үгіттейді. Оларды, туған халқын
қараңғылықтан құтқарып, жарқын болашаққа қарай жетелеуге шақырады.
Қарапайым Батыстың ғылымына бұрыңдар жүздеріңді.
Ондағы жас буындармен бір қатарда күндіз-түні еңбек етіңдер;
Босқа кеткен үш жүз жылдық уақыттың орнын оқу-біліммен толықтырыңдар.
«Қайдасың, сен ей, әсем Берлин?» - деп жолға түсіңдер.
Алты ай, бір жылдық еңбек сендер үшін кӛңіл кӛтеру болсын…
Сендер қаншама жыл не азап кӛрмедіңдер,!
Бірақта жасымадыңдар, күлімсіредіңдер
Қане, бір ӛмірге бедел еді ғой, ӛткен әр күндерің?
Бір күн бұрын кетіңдер ол жаққа, бір сағат бұрын қайтыңдар.
Шығыстың құшағы болашақ таңы атқанда сендерге әрдайым ашық болады
Сол уақытта мақсаттарыңа жетудің мүмкіндігі туады [9].
Мехмет Акиф, жас буынды Батыстың ғылымын, ӛнерін үйрену үшін ол жақтарға сапар
шегуге үгіттеген сәтте, батыстан ӛз болмысын және ӛз ұлтына тән құндылықтарын да
жоғалтпай қайтуларына да баса назар аударуда.
«Қарт атаңды тыңдайсың ба, ұлым Наурыз?
Ер жігітке ең керегі: асырып сӛйлемеу, кӛпіріп те кетпеу.
Бос сӛзі кӛп, қарны үлкен адамдардан үлгі алма, аулақ тұр;
Сӛзі де, ӛзі де қуатты адам бол, тегіңе тарт [10].
Бір ұлттың мәңгілік тәуелсіз, еркін ӛмір сүруі үшін ол ұлттың едәуір материалдық
күшке (құндылықтарға) ие болуы қажет. Ең аяныштысы біздің халқымыз Батыстың ғылым
және ӛнерінен кӛп артта қалуымен қатар олардан ада қалғаны рас. Бұл себепті ұлтымыздың
стратегиялық даму сатысы жағынан әлем аренасында біршама артта қалып қойғандығы
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
89
кӛпшілік қауымға белгілі жәйт. Мехмет Акифтің қиялынан туған жас буынның, ең бастысы
батыстан ғылым үйренуі және оны ӛзіне тән сұлу мінез-құлықтарымен қабыстырып
ұлтымыздың дамуына сүбелі үлес қосып, ұлтымызды алға жетелеуі керек. Міне, сӛйтіп
жалпы айтқанда Акифтің қалауындағы жас буынның: ғылым, ұлттық тәрбие мен
адамгершілік қамырында иленген жастар болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |