Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
80
1980-ші жылдардың соңынан бастап отандық қоғамтану ғылымында формациялық
парадигма ұзақ жылдар бойы шетел ғалымдары белсенді түрде қолданып келген ӛркениетті
кӛзқараспен ауыстырыла бастады. Тарихи дамудың ӛркениетті парадигмасының
қалыптасуына Арнольд Тойнби үлес қосты [3]. Оның концепциясы шетел және ресейлік
ғалымдардың теориялық және қолданбалы негізіне айналды. Тойнбидің теориялық
концепциясы тарихи даму барысындағы ірі әлеуметтік мәдени қауымдастықты қамтыды.
Тойнби алғашқылардың бірі болып адамзат қауымдастығы тарихындағы мәдениет пен
саясаттың тығыз қабысып жатқандығын кӛрсете білді. Тойнби ӛркениетті парадигманың
қалыптасуында екі мәселеге назар аударады. Біріншіден, ол ӛз еңбектерінде ӛркениеттің
дамуының қорытынды кезеңінде империя қалыптасып, аталған ӛркениеттің рухымен
бағындыра алмағандықтан күшпен қоластында ұстап отыруға тырысатындығын кӛрсетеді.
Тарих оны (Рим, Осман, Ресей империялары, Үшінші Рейх, Қазіргі АҚШ) т.б. дәлелдейді.
Екіншіден, Тойнби «перифериялық үстемдік» деп аталатын идеяның бар екендігін
негіздеп, соған сәйкес, орталық мәдени потенциал біткен кезде әскери саяси қатынаста күшті
ықпал ететін перифериялық халықтарға бағынышты болады деп санайды. Қазіргі кезеңде
«ӛркениет» әртүрлі мағынада қолданылып жүр. Кейбір авторлар «ортағасырлық ӛркениет»
«капиталистік ӛркениет», «батыс ӛркениеті» деп саралап жүр. Кейде «ӛркениет» жергілікті
немесе аймақтық әлеуметтік мәдени қауымдастықты білдіретін, немесе олардың рухани
мәдениеті ерекшеліктерін (христиандық, мұсылман, конфуциандық, конфуциандық-
буддалық ӛркениет) немесе олардың тиісті территориялық және этникалық ерекшеліктеріне
байланысты (европалық, шығысазиялық, таяушығыстық, африкалық; қытайлық, жапондық,
араб ӛркениеттері) деп, кейде табиғи-географиялық белгілерінің негізінде (гидравликалық,
далалық, континентальды, океандық ӛркениеттер) деп қолданылады. «Ӛркениет» термині
«мәдениет» түсінігінің синонимі ретінде қолданылады. Алайда ғалым В.П.Илюшечкин атап
кӛрсеткендей, «оларды ұқсас етіп кӛрсетудің дұрыс емес екендігін мәдениет қоғамдағы
материалдық, рухани ӛндіріс саласындағы жетістіктердің жиынтығы» деп есептейді [4, 337].
Қазір ӛркениетті кӛзқарасты қолдаушылар ӛркениетті қоғам дамуы процесінің ӛзекті
құрылымдық бірлігі деп санайды. Ғалымдар ӛркениетті кӛзқарас қандай елдің тарихына
байланысты қолдануға ӛте қолайлы деп есептейді. Ӛркениеттік кӛзқарастың ең басым жағы
рухани бастауында. Кӛптеген авторлар ӛркениеттер санының ӛте кӛп екендігін айтады:
Н.Я.Данилевский ӛркениеттің 13 түрі бар десе, О.Шпенглер - 8, А.Тойнби - 26, қазіргі
зерттеушілердің бірі С.Хантингтон - 8 деп санайды. Ӛркениетті кӛзқарастың қарсыластары
бар. Белгілі шығыстанушы ресейлік ғалым Л.С.Алаевтың пікірі бойынша қазіргі кезеңде
кезеңдік бӛлуді ӛркениетті кӛзқараспен ауыстырудың болашағы жоқ, себебі бұл үшін
ғылыми терминология мен ӛркениеттерді салыстыру критерийлері әлі жасалмаған,
«ӛркениеттер жүйесі» деген түсінік жоқ [5].
Әлемдік-тарихи дамуды әртүрлі методологиялық тұрғыда қарастыра отырып,
формациялық және ӛркениетті кӛзқарастар бірін-бірі толықтырып, тарихи дамудың жаңа
парадигмасының негізін қалайды. Қазіргі кезеңде шығыс елдерінің шынайы тарихын
зерттеуде кӛне шығыс деректерінің ғылыми айналымға енуі бұрынғы қалыптасқан
кӛзқарастардан бас тартып жаңаша зерделеуге жол ашылуда. Шығыс елдерінің тарихын
тереңнен зерттемейінше әлем тарихының дамуын білу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: