33
жүргізіліп, бірқатар ескерткіштерге
стратиграфиялық қазбалар салынды.
Өңірдің археологиялық картасын
жасап,
Тамды
қалашығында
археологиялық қазба жүргізді. Қазба
барысында қалашықтың мәдени
қатпары 7 құрылыс қабатынан түзіліп,
VІ–ХІІ ғғ. аралығын қамтитыны
анықталды [Бернштам, 1949, с. 73].
Келесі 1948 ж. Созақтың
маңында
орналасқан
Ақтөбе
(Алтынтаулық) елді мекені мен
Тарсатөбе
қалашығында
қазба
жүргізілді. Қазба нәтижелері Ақтөбе
мекенжайының б.д.д. І ғ. мен б.д. І ғ.,
ал Тарсатөбе І–ІХ ғғ. аралығымен
мерзімделетіндігі анықталды. Яғни
екі ескерткіштің бір дәуірде тіршілік
кешкені мәлім болды [Бернштам,
1951, с. 81–97].
Қаратаудың теріскейінде жүр-
гізілген зерттеулердің нәтижесі бұл
ауданның материалдары Отырар, Шаш
оазистеріне емес, Талас және Шу-Іле
өңірінің материалдарына етене жақын
екендігін көрсетті.
Сонымен
қатар
Оңтүстік
Қазақстан археологиялық экспедиция-
сы 1947–1951 жж. аралығында өңірдің
тарихи-археологиялық картасын жа-
сау мақсатымен археологиялық бар-
лау жұмыстарын жүргізіп, бірқатар
ескерткіштерге
стратиграфиялық
қазба салды. Экпедицияның бағыты
Қаратаудың солтүстік беткейінде, тау
бөктерін жағалай Тамды шатқалынан
Қаратау жотасының батыс шетіндегі
Баласауысқанды асуына дейін және
Шу өзенін Бетбақдала шөлі шекара-
сымен Тасты шатқалынан (батыста)
Қызылқорғанға (шығыста) дейінгі
аралықты қамтыды [Агеева, Пацевич,
1958, с. 4].
Барлау барысында ашылған
жеті қалашықтың алтауының жобасы
төртбұрышты немесе төртбұрышқа
жақын. Бабаата қалашығы цитаделі
шахристан аумағынан шығыңқы
түзу бұрышты жобада. 5 қалашықта
(Ақсүмбе, Бабаата, Құмкент, Сау-
дакент және Тамды) цитадельдің
қалдығы анықталса, 2 қалашықта
(Созақ пен Шолаққорғанда) оның
іздері табылмады. Рабадтың біршама
сақталған қалдықтары (Ақсүмбеден
басқа) 6 қалада анықталды. Қор-
ғаныс
қабырғаларының
орны
(Созақ пен Шолаққорғаннан басқа)
5 қалада, қабырғалардың бойындағы
мұнаралардың орны 4 қалада
(Ақсүмбе, Бабаата, Саудакент мен
Тамды) және ордың іздері 2 қалада
(Құмкент пен Шолаққорған) сақталған.
Қалашықтардың сақталу деңгейінің
басқа аудандармен салыстырғанда
едәуір нашар болуын олардың ұдайы
соғатын жел өтінде орналасуынан деп
түсіндіруге болады.
Жүргізілген
археологиялық
зерттеулердің нәтижесі Қаратаудың
теріскейіндегі тау бөктерін жағалай
орналасқан қалалардағы тіршілік
таудың күнгей бетімен салыстырғанда
едәуір төмен дамыған және өзінің
қалыптасу мен өркендеу уақыты
жағынан біршама кейінгі кезеңге
сәйкес келетіндігін көрсетті.
Мерзімдеуге негіз беретін
материалдардың құрамы өңірдегі
қалалық тіршіліктің жанданған
уақыты
қарлұқ-қарахан
және
моңғол-темірлік кезеңге тұспа-
тұс келетіндігін білдіреді. Қарлұқ-
қарахан әулеттері кезеңінде өңірдің
қалалары отырықшы мәдениеттің,
сауда және қолөнерінің дамуында
маңызды роль атқарды [Агеева, Па-
цевич, 1958, с. 110, 115].
Қаратаудың
теріскейіндегі
зерттеулер келесі 1953–1954, 1957–
1959 жж. да жалғасты. Алғашқы екі
жылда Бабаата қалашығында қазба
Достарыңызбен бөлісу: