39
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ
ауданының археологиялық картасын
жасау мақсатында зерттеу жұмыстары
жүргізілді. Зерттеуге А. Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті құрамындағы Архео-
логия ғылыми-зерттеу орталығының
«Тұран археологиялық экспедиция-
сы» (М. Елеуов) мен Ә.Х. Марғұлан
атындағы Археология институтының
Ж. Құрманқұлов басқарған Созақ
тобы және «Археолог» Халықаралық
ғылыми-зерттеу орталығының ғылы-
ми қызметкерлері қатысты. Барлау
жұмыстары барысында 16 мекенжай
жаңадан ашылып, олардың түрі, сипа-
ты, орналасқан жері жайлы құжаттама
жасалып, жобасы мен фотосуреттері
дайындалды. Сонымен Қаратаудың
теріскей бетінде осы күнге дейін
жүргізілген археологиялық зерт-
теулер нәтижесінде ортағасырлық
36 ескерткіш мемлекеттік тіркеуге
алынды. Олардың тоғызы едәуір
көлемдегі қала орындары, қалғандары
түрлі көлемдегі елдімекен орын-
дары мен жеке усадба, төрткүл,
бекініс және күзет мұнарасы. Экпе-
диция Созақ, Құмкент, Тарсатөбе,
Күлтөбе, Раң, Қарасуан қалашықтары
мен Ақтөбе (Жүзейлік), Ақтөбе
(Алтынтаулық), Балатұран, Итмұрын,
Күлтөбе, Қарлығаштөбе, Ұзынбұлақ
секілді мекенжайлардың үш деңгейлі
(3D)
топографиялық
жобасын
түсірді. 2008 ж. зерттеу нәтижелері
жайлы ғылыми есеп Археология
институтының архивіне өткізілген
[Оңтүстік Қазақстан..., 2008].
Экспедицияның Созақ ауда-
нында жүргізген зерттеулерінің ма-
териалдары негізінде М. Елеуовтың
«Қарақұр ескерткіштері» атты жеке
ауылдық округтің ескерткіштерін
топтастырған жинағы 2008 ж. жарық
көрді. Жинаққа Қарақұр ауылдық
округінен жаңа ашылған 69 ескерткіш
енді. Солардың қатарында: 13 жеке оба,
16 обалар тобы, 32 обалар қорымы, бір
ортағасырлық елді мекен, бір үңгір,
алты тасқа салынған сурет орындары
бар [Елеуов, 2008, 11–12-бб.]. Барлау
жұмыстарымен қатар Ақтөбе мекен-
жайына қазба салынды. Қазба бары-
сында VІ-Х ғғ. аралығына жататын үй
құрылыстарының орындары ашылған
[Елеуов, 2008, 11–12-бб.].
2009–2010 жж. Оңтүстік Қа-
зақстан кешенді археологиялық
экспедициясының Қазақ хандығы
қалалары тобы (Д. Талеев) Созақ
қаласының орны Өрқақпада қазба
жүргізді. Қазбаның мақсаты қаланың
Қазақ хандығының қалыптасып
дамуындағы Созақтың алатын ор-
нын көрсететін заттай дәйектер
жинақтау болды. Жүргізілген қазба
жұмыстары жайлы есеп Археоло-
гия институтының архивінде. Зерт-
теу жұмыстарының алғашқы тұ-
жырымдары жайлы арнайы ғылыми
ма қа лалар жарияланған [Талеев, 2010,
120–123-бб.]. 2012 ж. Өрқақпаның
солтүстік-шығыс шетіндегі қорғаныс
қабырғасының Қазы қақпаға тірелген
жеріне қазба салынды. Қазбаның
мақсаты қаланың мерзімделуі мен
қорғаныс құрылыстары элементтері
ерекшеліктерін анықтау. Алынған
мәліметтерді зертханалық жағдайда
саралап, салыстырып, кейбір олжалар-
ды жаратылыстану ғылымдарының
әдістері көмегімен жүйелеу, кейінгі
ортағасырлық қалалардың қызметін
анықтау, қаланың сәулеткерлік,
фортификациялық құрылымы мен
топографиясын зерттеу. Созақтың
Қазақ хандығы тұсындағы тари-
хи ролін білдіретін деректер мен
археологиялық мәліметтер жинау
болды. Нәтижесінде Созақ қаласының
ХІІ–ХХ ғғ. аралығында үздіксіз
Достарыңызбен бөлісу: