ӘОК: 94 [070](574) Қолжазба құқында



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата30.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#10622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

           Сонымен  ХХ  ғасыр  басында  халық  арасына  кең  түрде  тараған,  қазақ 
зиялыларын айналасына топтастыра білген басылымдардың қатарына «Айқап» 
журналы  мен  «Қазақ»  газеті  жатады.  Бұл  екі  басылым  да  революцияның 
жаңадан  өрлеу  кезінде  дүниеге  келіп,  халықтың  қолдауына  ие  болып,  түрлі 
мәселелер  төңірегінде  мақалалар  жариялап,  айтыс-  тартыстар  өткізіп  отырды. 
Егер  қазақ  баспасөзiнiң  көшбастаушысы  «Дала  уалаяты»  газетi  болса,  қалың 
журналдар  шығарудың  тарихы  осы  «Айқаптан»  басталады.  Оның  бiрiншi 
нөміpi сол жылы өз оқырмандарының қолына тидi. Қазақ арасына кең тapaғaн, 
әcipece,  қоғамдық  өмірдегі  өзгерiстер  мен  жаңалықтар  жөнiнде,  сондай-ак, 
халықтың, әдеби мұралары жайында толық мағлұматтар берiп отырған бiрден - 
бiр ақпарат көзi болған осы журнал еді. 
Қазақ  баспасөзінде  жастар  мәселесі  туралы  көп  көңіл  бөлген  «Айқап» 
журналы 1911 жылдың қаңтарынан бастап «Қазақстанмен» бір мезгілде жарық 
көріп,  1915  жылдың  тамызына  дейін  Троицкі  қаласында  шығып  тұрды. 
Журнал  1915  жылдың  қыркүйек  айына  дейiн  айына  бiр  рет,  кейiн  eкi  рет 
шығып  тұрды.  Барлығы  88  нөмipi  жарық  көрдi,  таралымы  1000-2000  дана. 
Журналды  шығарушы  әpi  редакторы,  демократ  -  жазушы  Мұхаметжан 
Сералин  болды.  Оның  жұмысына  белсене  қатысқан,  Ә.  Fалымов,  
 С.  Торайғыров,  С.  Сейфуллин,  Б.  Майлин,  С.  Дөнентаев,  С.  Көбеев  сияқты 
көрнекті  ақын,  жазушылар  қазақтың  ой-пiкiрiнiң  оянуы  мен  ұлт  мәдениетiнiң 
дамуына елеулi үлес қосты. 

 
31 
«Айқап»  -  Абай,  Шоқан,  Ыбырай  секілді  қазақ  ағартушылары  бастаған 
прогресшiл - демократиялық идеялардың жаршысы болды. Мақалаларда қазақ 
халқының  ХХ ғасырдың басындағы саяси - әлеуметтік өміріне, мәдениетi мен 
әдебиетiне,  тiлдiң  дамуына,  халық  ағарту  ісіне  көп  бөлiндi.  Көшпелi 
қазақтардың 
қоғамдық-экономикалық 
жағдайын 
толық 
көрсеттi, 
отырықшылық  тұрмысқа  көшудің  қажеттігі  жазылды.  Әйел  теңсiздiгi 
мәселесін  қозғады,  нәтижесінде  Сақыпжамал  Өтегенова,  Мәриям  Сейдалина 
сияқты қазақ әйелдері арасынан алғашқы тілшілер тәрбиеленіп шықты.   
     «Айқапта»  А.С.  Пушкиннiң,  М.Ю.  Лермонтовтың,  Л.Н.Толстойдың, 
А.П.  Чеховтың  шығармалары,  Фирдоусидiң  «Шаһнама»  дacтанынан 
аудармалар 
жарияланды, 
оларды 
ынталы 
қазақ 
жастары 
асқан 
қызығyшылықпен оқығаны жайында мақалаларда атап көрсетiлген.  
«Айқап»  журналының  бетінде  жарияланған  мақалар  қоғамдық  өмірдегі 
өзгерістерге  ғана  көңіл  бөлген,  сол  қоғамдағы  оқиғаларды  жұртшылыққа 
таныстыру  арқылы  қазақ  жастарын  тәрбиелеуге,  оларды  сауаттылыққа 
шақырды, озық елдердің мәдениетін үйренуге, жалпы қазақ қоғамында жаңа 
бетбұрыстар шақыруға жұмылдырды. 
«Қазақ»  газеті  А.  Байтұрсыновтың  редакторлығымен,  М.  Оразаевтың 
шығаруымен  1913  жылы  2  ақпанда  Орынбор  қаласында  «Кәрімов, 
Хұсайынов  баспаханасында»  басылды.  «Қазақ»  газеті  Каспий  теңізі  мен 
Қытайға  дейінгі  аумақта  орналасқан  қазақтар  арасында  кең  түрде  тараған 
басылым  болды.  Газетті  бастапқы  кезде  3000-нан  астам  адамдар  жаздырып 
алса,  кейінірек  оның  оқырмандары  көбейіп,    тиражы  8000-ға  дейін  жетті. 
Мұның  сол  кез  үшін  үлкен  жетістік  болғаны  даусыз. 
Ол  жастар  мәселесіне 
айрықша  көңіл  бөлді,  оларды  әдеби  және  журналистік  шығармашылыққа 
баулып  отырды.  Жас  ұрпақты  өнер  мен  білімге  шақырумен  болды.  Ұлттық 
мектеп  ашу,  жастарды  тәрбиелеу,  мәдениетті  өркендету  мәселелері  газетте 
үзбей  жазылып  тұрды,  әсіресе  ғылым  әспеттелді.  Қазақ  халқын  өркениетті 
елдер қатарына қосатын проблемалар көтеріліп тұрды. Сондай-ақ, халықтың 
тұрмыс  жағдайы,  әйел  теңдігі  сөз  болып,  қазақ  қыздарын  өздерінің  жарқын 
болашағы  үшін  күреске  шақырып  отырды.
Өзінің  мақсаты  мен  көздеген 
мүддесін  алғашқы  санында  жарияланған  «Құрметті  оқушылар!»  атты  арнау 
мақалада «Әуелгі газета –халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға сөз, құлақ, 
тіл  қандай  керек  болса,  халыққа  газет  сондай  керек.  Газет  жоқ  жұрт  басқа 
газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ 
соқыр сықылды» деп жазылуы басылымның негізін айқын аңғартатын. 
 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  патшалық  Ресейдің  бодандығында  болған 
қазақ  халқының  өміріне  біраз  өзгеріс  әкелді:  соғыс  ауыртпалығы 
отаршылдықтың езгісін күшейтті. Оның бір көрінісі ретінде қазақтардың жерін 
тартып  алу  бұрынғыдан  да  күшейе  түсті.  Бұл  туралы  патша  әміршілдері  де 
жазған.  Генерал  -  губернатор  Куропаткиннің  күнделігінде:  «Особенно  для 
меня  не  объяснимо  отдача  в  1913,  1914,  1915  годах  одного  миллиона  800 
тысячь  десятин  в  Семиреченской  области  под  скотоводство  различным 
лицам...  Боюсь,  что  это  будет  хуже  знаменитых  «башкирских  земель».  Мы 
сами не знаем, куда клоним»,- деп 1916 жылы сезіктене жазған [64].  

 
32 
Осы  ауыртпалықтарға  қосымша  ел  арасына  тараған  «қазақтан  солдат 
алады  екен»  деген  алып  -  қашпа  өсек  -  аяң  ел  ішінде  үрей  туғызып  жұртты 
шошындыра  бастады.  Сондықтан  да  «Қазақ»  газеті  бұл  соғысқа  баса  назар 
аударып,  оның  шығуы,  барысы  жайлы,  соғысушы  елдердегі  жағдай  жайын 
жазып  тұрды.  «Сыртқы  хабарлар»  айдармен  қысқа  хабарлар  беріліп  тұрса, 
1915 жылдан бастап оған «Соғыс», «Газеталардан» деген айдарлар қосылып, 
ақпарат хабарлар ауқымы кеңейді. Ел өміріне тығыз араласқан қайраткерлер 
А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Ә.  Бөкейханов  өз  пікірлерін  ашық  айтып, 
көзқарастарын  білдіріп,  елге  ақыл  -  кеңеске  жарарлық  мақалалар  жариялап 
отырды.  Әсіресе,  А.  Байтұрсыновтың  халықаралық  тақырыпқа  арналған 
«Соғысушы  патшалар»,  «Бұ  заманның  соғысы»,  «Соғыс  жайымен»  атты 
туындыларында  империалистік  соғыстың  шығу  себептері  түсіндіріліп, 
соғысушы  елдердің  күш  салмағы  салыстырмалы  түрде  қарастырылған  [4]. 
Жедел  хабар  таратудың  сол  кездегі  бірден  -  бір  құралы  газет  болатын.  Ел 
көбіне шындықты осы «Қазақ» арқылы біліп отырды. 
Патшаның  қазақтан  солдат  алуына  байланысты  М.  Дулатовтың 
«Қазақтың»  9  ақпандағы  санында:  «Г.  Дума  һәм  солдаттың  мәселесі»  деген 
мақаласы  жарық  көрді.  Онда  қазақтан  солдат  алудың  бар  мәселесін  нақты 
шешу  үшін  Думаның  ашылуына  қарай  Самарадан  Ә.  Бөкейханов, 
Орынбордан А. Байтұрсынов, Ақтөбеден Н. Бекметов кеткендігін, олар қазақ 
даласының  әр  тұсынан  жиылған  пікір  –  тілектерді  алып  аттанғаны  айтылды 
[85].  Ә.  Бөкейханов  «Солдат  ала  ма?»,  «Петербург  хаты»  атты  сериялы 
мақалалары арқылы қазақтан солдат ала қалған жағдайда, қазаққа солдаттың 
қай  түрі  қолайлы  екендігі  жайында  ой  қозғайтын  біраз  мақалалар 
жариялайды  [86].  Солардың  ішінде  «Не  істеуге»,  «Тағы  не  істеуге»  деген  
атпен берілген хаттары берілген жәйттер халыққа түсінікті болды. 
Осы  газеттің  шығып  тұрған  кезеңін,  сол  тұстағы  қазақ  қоғамының 
дамуымен  қатар  жалпы  қазақ  даласындағы  сауаттылық  деңгейімен 
салыстырмалы  қарағанда,  алғашқы  қазақ  жастар  басылымдарының 
прогрестік рөл атқарғандығы анық.   
     Сол  кездерде    газет  шығару  мәселесінде  Еуропа  көш  ілгері  кеткен 
болатын.  Онда  газет  –  ғұмыр  айнасы,  газетке  ерекше  мән  беріліп,    ол  ұлы 
патшалықтың  бірі  деп  саналатын.  Осыларды  жаза  отырып,  Ә.  Бөкейханов 
«Ашық  хат»  атты  мақаласында  қазақ  қоғамындағы  газеттің  орны,  оны 
шығарудың  қиыншылықтары  мен  проблемаларын  арнайы  сөз  етеді.  Ол: 
«Газетаны күйлеп, жаратып бәйгеге қосуға өз алдына шебер, білгіш, жүйрік 
керек...  Газетаға  басшы  болу  кім  болса,  соның қолынан  келмейді.  Газета  ісі 
үй  алғаш  болса,  басқарма  мұның тезі  болады...  Тілші,  хабаршы  –  газетаның 
отыны»,  -  дейді  [87].  Алаш  басшыларының  басылымға  қойған  осы  биік 
талаптарын бүгінгі тәуелсіздікпен келген ақпарат тасқынында ескере түссек, 
артық болмас еді. 
«Қазақ»  газетінің  нені  көздегенін  былай  деп  көрсеткен  еді:  «Қазақ» 
алғашқы 
сандарының 
бірінде 
өзінің 
ұстанған 
жолын 
айқындап, 
оқырмандарына мақсат-мүддесін нақтылап түсіндірді: «Бұл газетаның мақсұты 
– жұрт пайдасына көз болу, қазақ арасына өнер, ғылым жайылуына  басшылық 

 
33 
ету,  басқа  жұрттың  халінен  хабар  беріп  таныстыру.  Сол  мақсаттарды  орнына 
келтіру  үшін  зәкүншіндерді,  хакімдерді  бұйрық-жарлықтарын  білдіріп  тұру, 
Государственная  Дума  һәм  Государственный  совет  жұмыстары  турасында 
жете  хабар  беріп  тұру,  ішкі  һәм  сыртқы  хабарды  жазып  тұру,  қазақтың 
бұрынғы  және  бүгінгі  жайын  кеңесу,  оқу,  оқыту,  мектеп-медресе,  школа, 
ғылым,  өнер,  тіл-әдебиет  турасында  жөн  көрсету,  адам  һәм  мал  дәргерлігі 
жайынан жазу» 

88].   
С.  Сәдуақасов  1919  ж.  Омбыда  орыс  тілінде  шығатын  «Трудовая 
Сибирь»  журналының  №1  санында  жарияланған  «Киргизская  литература» 
атты  мақаласында  шығарылып  тұрған  мерзімді  баспасөздің  жетеуінің  атын 
атаса, оның соңғы үшеуін жастардың шығаратынын атап көрсетеді.  «Қазақ» 
(Орынбор),  «Сарыарқа»  (Семей),  «Бірлік  туы»  (Ташкент),  «Ұран»  (Бөкей 
Ордасы)  газеттеріне  қысқаша  сипаттама  бере  келіп,  жастарға  ықпалы 
жағынан «Қазақ» газетін бірінші орынға қояды. 
«Қазақ»  ең  алғашқы  санынан  бастап-ақ  жастар  мәселесін  көтере  білді. 
Мақала, хабарлардың көпшілігі қазақ жастарының оқуы, мәдени-ағартушылық 
істері  жайын  көтерді.  «Қазақ»  газетін  ғылыми  тұрғыда  зерттеген  ғалым  Ө. 
Әбдіманов  оның  мәнісін  былай  деп  түсіндірген  еді:  «Өйткені  бұл  газеттің 
басты  мақсаттарының  бірі  еді.  Батысшылдық  бағытты  ұстанған  қазақ 
зиялылары,  туған  халқының  өзгедей  өркениетті  елдер  секілді  ғылым-білім 
жолына шығуын көкседі. Газеттің әсіресе, ерекше назар аударғаны оқу-ағарту 
ісі  болды.  Мұның  өзіндік  себебі  де  жоқ  емес.  Алдымен  қазақ 
айналасындағылардың бәрі осы ағарту саласында тікелей немесе жанама болса 
да  мектеп-медресе  жұмысымен  байланысты  адамдар  еді.  Екіншіден,  газеттің 
бас  жазушысы  (редакторы)  А.  Байтұрсынов  шын  мәніндегі  ұстаз-педагог 
болатын-ды» 

89].  
«Қазақ»  газетіндегі  жастар  мәселесіне  көп  көңіл  бөлгендер  ұлт 
қайраткерлері  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  Ә.  Бөкейхановтар  болды. 
Сонымен  қатар  Ш.  Құдайбердіұлы,  М.  Жұмабаев,  С.  Дөнентаев,  Б.  Майлин 
газетінде  жарияланған  материалдарында  жастарды  өнер-білімге  шақырып, 
ұлтына қызмет етуге үндеді. 
Газет  «Ағаш  кесетін  балтаның  сабы  ағаштан  болмай  ма?»  деп  атпен 
жарияланған  мақалада  жастар  үшін  Сібірде  ауылшаруашылық  институты 
ашылатындығы, бұл оқу орны Барнауылда ашылмақ екендігі, оның қазақ үшін 
аса  пайдалы  екендігі  айтылса 

90],  «Оқушыға  жәрдем»  деген  мақалада 
Орынборда татарлардың «Оқушы жәмиғаты» дейтін орыс мектептерінде оқып 
жүрген  мұсылман  балаларының  мұқтажы  болса,  соған  қарасу  екендігі 
айтылып,  Петербордағы  политехникалық  институтта  оқып  жүрген  Ырғыз 
уезінің  Аманкөл  болысының  7-ші  ауылының  қазағы  Тел  Боқпанұлы 
Жаманмұрыновтың осы жәмиғатқа арыз беріп, көмек сұрағандығынан, олар 25 
сом  көлемінде  ақша  бермек  болып  жатқандығы  айтылды 

91].  Ал  «Бұл 
қалай!?»  деген  мақалада  қараңғыда  жатқан  жұрттың  көзін  ашпақ  үшін  «Усул 
жәдид»  мектептердің  ашылып,  олардың  қатарының  жылдан-жылға  көбейіп 
келе  жатқандығын  айта  отырып,  Орынбордағы  «Хұсейния»  медресесіне 

 
34 
тоқталады.  Мақалада  көрсетілгендей  бұл  оқу  орны  1905  жылы  ашылып,  онда 
20-30-дай  мұғалімдер  дәріс  берген.  Қазақ  балалары  бұл  медреседе 
стипендиямен  және  өздері  ақы    төлеп  оқып,  соңғы  жеті-сегіз  жылдың  ішінде 
100-ден  аса  шәкірт  оқу  бітіріп,  көбі  мұғалім  болып,  бала  оқытумен  халыққа 
қызмет  етіп  жатқандығы  келтірілді 

92].  Көріп  отырғанымыздай,  газет  ең 
бірінші  санынан  бастап-ақ  қараңғылықта  жатқан  жастарды  оқытуға,  білім-
ілімнің керектігіне қарай сүйреді.   
Уфадағы  «Ғалия»  медресесі  оқуға  түскісі  келген  қазақ  жастарға    арнап 
«Қазақ»  газеті  олардың  қабылдау  ережесін  жариялады.  1913  жылғы  10 
шілдедегі  санында  медресеге  түсуші  шәкірттердің  қырқүйектің  15-не  шейін 
арыздары мен құжаттарын тапсыруы қажет болды. Бұл құжаттардың арасында 
жеке  басын  растайтын  құжаты  мен  дәрігерлік  анықтамасы  міндетті  түрде 
болуы тиіс болды. Оқуға түсетін шәкірт медреседе тұрып оқыса жылына алпыс 
сом,  ал  пәтерде  тұрып  оқыса  отыз  сом  оқу  ақысын  төлеуге  тиіс  болды. 
Шәкірттерден  бөлек  медресе  тыңдаушыларды  да  қабылдай  алды.  Олар 
жылына  қырық  сом  төлеуі  тиіс  болды.  Қазақ  балалары  мынадай  сабақтардан 
емтихан  тапсырулары  тиіс  болды:  сарф  араби  мукамәл,  нахуа  араби,  қираат 
арабия,  қираат  түркия,  имлә  уа  инша  түрки,  тарих,  жағрафия,  есеп 

93]. 
Міржақып  Дулатов  қазақ  жастарының  көп  оқитын  медреселеріне  Уфа, 
Троицкі, Орынбор, Қызылжар, Семей, Қарғалы медреселерін атаған 

94].  
«Қазақтың»  екінші  санының  бас  мақаласында  да  жастарды  оқу-білімге 
тартудың  болашаққа  зор  маңызы  барлығын,  сондықтан  балаларды  мектеп-
медреселерге  беруден  қорықпау  керектігін  айтса 

95],  Ахмет  Жанталин 
«Медреседе  оқып  шыққан  шәкірттерде  не  болашақ?»  деген  мақаласында 
медреседе оқудың не үшін керектігін жеткізуге тырысты. Ол медресені оқып, 
еліне  қайтып  келгеннен  кейін  өз  аймағының  балаларын  жинап  оқытып  қана 
қоймай, білімін одан әрі жетілдірсе деген мақсатты көздеді. «Біздің шәкірттер 
үшін  медреседе    біліп  шығу  керек  болған  нәрселер:  педагогика  (усул  тағлим 
және  тәрбие),  өз  еліміздің  (түрік  елінің)  тарихы  һәм  қазақша  бек  әйбат  оқи, 
жаза  білу,  орысшаны  да  таза  білу»  дей  отырып,  есеп,  химия,  фәлсафа  оқу 
арқылы ел-жұртқа пайда тигізуді көздеу керектігіне үндейді 

96].  
Газет  әр  санында  қазақ  балаларын  оқыту  барысы  жайында,  атап  айтсақ, 
жетістіктері  мен  кемшіліктері  жөнінде  де  жазып  отырды.  Торғай  облысы, 
Ақтөбе  уезіне  қарасты  Тұзтөбе  болысының  6-ауылының  қазағы  Тасмұхаммед 
Тасыбайұлы он жылдан бері өз шығынымен мұғалім ұстап, төңірегіндегі қазақ 
балаларын  орысша  оқытуға  себепші  болып  отырғандығы  қуана  хабарланса 

97],  Ақтөбе  уезіне  қарасты  Қобда  болысының  2-ауылының  Бөрекеш  Хазірет 
Ихсан  мырза    мен  Байтұрлы  қажы  бірігіп  мешіт-медресе  салып,  оған  «Уфа» 
қаласындағы «Ғалия» медресесін бітірген Мулуд деген мұғалімді алдырып, 50-
60 шамалы қазақ балаларын оқыта бастағанын жазады 

98].  
Қазақ  балаларын  оқыту  ісі  Қарқаралыда  ашылып,  жақсы  жолға 
қойылғандығын  айтқан  мұғалім  Ержан  Аймановтың  хаты  жарияланды. 
Қарқаралыда 3 класты қалалық училище барлығын, бұрындары осы училищеге 
тек  орыс  балалары  ғана  оқуға  қол  жеткізетіндігін  айта  келе,  ендігі  қалада 

 
35 
бұрыннан келе жатқан 7 мектептің жетіспеуінен тағы да 5 мектеп ашқандығын, 
онда қазақ балаларымен қатар қыз балалар да оқып жатқандығын айтады. Тіпті 
осы  мектепті  бітіріп  шыққан  Ыбырай  Ақпаевтың  қызы  Семейдегі  әйелдер 
гимназиясында  оқып  жатқандығын  қуанышпен  хабарлады 

99].  Зайсанда  да 
«Қазақия»,  «Ғазатия»  деген  мктептерде  қазақ  балалары  усул  жәдид  бойынша 
оқытылып, ата-аналары балаларының ғылым үйренгендігіне риза болған 

100].  
Газетке медресенің оқу жүйесіне, кейбір мұғалімдердің сабақ беруіне риза 
болмаған  шәкірттер  батыл  түрде  оқу  тәртібін  талап  ете  алған.  Мәселен, 
«Хұсейния»  медресесінде  оқыған  123  шәкірт  (бұлардың  арасында  қазақ 
шәкірттері  де  бар  –  З.Б.)  медресе  бастығына  осы  мазмұнда  арыз  берген. 
«Қазақ»  газетінің  жазуы  бойынша  алайда  олардың  бұл  арыздары  қабыл 
етілмеген. Осы жауапқа қанағаттанбаған 52 шәкірт медреседен бірден шығып 
кеткен 

101].  
Ірі  қалалардағы  медреселерді  бітіріп  келген  шәкірттер  кей  жағдайда 
мұғалімдік  жұмыс  таба  алмай  қиналып  қалатын  жағдайлар  да  болды.  Қапал 
уезінде  Тұрысбеков-Мамановтардың  мектебінде  1911  жылы  орысша  оқытуға 
алынған  қазақ  мұғалімін  оқу  инспекторы  шығарып  тастап,  орнына  орыс 
мұғалімін қойған 

102]. Бұндай жәйттер жаңа оқу бітірген жастардың көңіліне 
қорқыныш  ұялатты.  Сондықтан  көп  жағдайда  газеттерге  хабарлама  беріп, 
жұмыс  іздеулеріне,  ол  жұмыстар  табылса  да  ертең  сол  орнынан  айырылып 
қалама    немесе  ақысын  төлемей  қоя  ма  деген  қорқыныштан  арылмады.  Тіпті 
«Қазақ» газетінде шақыртып алып, балаларын оқытып, жалақыларын төлемей 
қойған болыстардың барлығы жайында да хабарлар басылды. 
 
«Қазақ»  газетіне  Досмайыл  қажы Қашқынбаевтың  «Шәкірттер  жайынан» 
деп  аталған  мақала  жариялап  «Ғалия»  мен  «Хұсейнияда»  оқып  бітірген  
жастардың  қайда  жүргендіктерін,  немен  айналысып  жатқандықтарын    білгісі 
келген.  Нақтырақ  айтқанда  Қазанда  оқыған  Зұлқарнайын  Ескендір,  Уфадағы 
«Ғалияда»  оқыған  Зейін  Алғабидин,  Арабай,  Орынбордағы  «Хұсейнияны» 
бітірген  Нүраддин,  Ғалымаддиндер,  Троицкіде  оқыған  Ахмет  Жанталин, 
Хұсейін  Ғабдолла,  орысша-қазақша  оқыған  Хабиболла  Лекеровтардың 
тағдырын  білгісі  келген.  Қимылдамай  тек  жататын  заман  еместігін  ескертіп, 
іспен айналысуын өтінген 

103].  
Досмайыл  қажының  іздеген  Ахмет  Жанталині  «Қазақ»  газетінің 
авторларының  біріне  айналды.  Қажының  мақаласы  жарияланғаннан  кейінгі 
келесі  нөмірде  А.  Жанталиннің  «Емтихан»  деген  шағын  мақаласы 
жарияланып,  Петропавл  уезіне  қарасты  Срединский  болысындағы  Қасымбек 
қажы  Жарылғамысов  деген  байдың  жалдауымен  бала  оқытып  жатқан 
Троицкінің  «Расулия»  медресесін  бітірген  Хамзабай  Боқаевтың  жыл  бойғы 
берген  білімін  тексеру  мақсатында  шәкірттерінен  емтихан  алғандығы,  оған 
ата-аналары  да  қатысып,  балаларының  өткір-өткір  жауап  бергендігіне 
қуанысып,  қажының  келесі  жылы  медресе  қасына  мектеп  салу  жөнінде 
ойының барлығын айтқандығын жазды 

104].  

 
36 
Ахмет  Жанталин  қазақ  зиялыларының  арасына  белгілі  болып,  «Айқап» 
журналы  мен  «Қазаққа»  бас  қосу  мәселесіне  орай  ой  тастаған  және  қазақтың 
өзекті мәселелеріне қатысты мақалалар жариялаған.  
Қазақ  жастарының  арасынан  оқу  бітіргендердің  бірі  Абдолла  Тоқаев  та 
баспасөзге  белсене  араласып,  түрлі  тақырыптарда  «Қазаққа»  жиі 
материалдарын  жариялап  отырды.  Ол  тіпті  бұрыннан  қалған  ескі  сөздердің 
жоғалып  кетпеуін,  болашақ  жастардың  біліп  жүргенін  дұрыс  санап, 
қариялардан  жазып  алған  бағалы  сөздері  мен  өлең-жырларын,  күлдіргі 
әңгімелерді газетке жолдап отырған. «Қазақ» газеті: «Ғабдолла Шоқаевқа: ескі 
сөздер  теріп,  жазып  жібергеніңіз  игі  жұмыс.  Аталарымыздың  ардақты 
ауыздарынан  шығып  бізге  қалған  қымбат  бағалы  сөздерін,  ескі  ақын 
жырауларымыздың  өлең-жырларын,  қуларымыздың  қулық  үшін  шығарған 
әзілдерін  теріп,  қағаз  бетіне  түсіре  беру  –  мен  қазақпын  дегеннің  міндеті, 
борышы», - деп оған ризашылығын білдірген 

105].  
Қазақ жеріндегі мектеп-медреселерді сол оқу орындарында оқыған немесе 
Троицкі,  Орынбор  сияқты  қалалардағы  оқу  орындарын  бітіріп  келген  жастар 
сабақ берді. Зайсандағы мектеп «Ғизатия» мен «Қазақияда» дәріс берушілер де 
осындай шәкірттерден болған. «Қазаққа» жарияланған мақалада «Қазақияның» 
бас мұғалімі Тәшен Қиямбеков болса, келесі жылы сол Зайсанда оқыған Бәліл 
Бисембаев деген жас жігіттің мұғалім болып келетіні айтылды 

106].  
Уфадағы  «Ғалия»  медресесінен  оқып  шыққан  шәкірттер  Қазақстанның 
түпкір-түпкіріне  газеттерге  арнайы  жарнама  берумен  немесе  шақыртумен 
барып,  бала  оқыта  бастады.  Павлодар  уезінің  Павлодар  болысының 
басқарушысы Баймұхаммед Қазанғаповтың ыждаһатымен салынған медресеге 
«Ғалия»    медресесінен  оқып  келген  Әбдірахман  Сұлтанов  мұғалім  болып 
келген.  Оның  шәкірттерге  «Уақыт»,  «Тәржіман»,  «Жұлдыз»,  «Сибирия», 
«Қазақ»,    «Шура»,  «Айқап»  сияқты  басылымдарды  алдыртып  оқытып 
жүргендігін  жазған  Шәріп  Ақбанов:    «Құдай  осындай  ғылымға  махаббатты, 
жігерлі,  ел  қайғысын  ойлаған  мырзаларымызды  көбейтіп,  деніне  саулық, 
істеріне  сәт,  өздеріне  бақ  беріп,  пайдасын  елге  көрсеткей  еді»  деген  тілек 
білдірген 

107].  
«Ғалия»  медресесінің  шәкірті  Зәкір  Ғайсин  Сырдария  облысына  қараған 
Ақмешіт (Перовск) қаласында  балаларды оқытатын түзу мектеп не медресенің 
жоқтығы  айтылып,  қазақтың  игі  жақсыларын  бабаларының  көзін  ашуға, 
ғылымға  қарай  жетелеуге  мұрындық  болып,  қажетті  оқу  орнын  салуға 
шақырған 

108].  
Қазақ жастары қазақша кітап шығару ісін де өз қолдарына алды. Олардың 
кітаптарын сатуға «Қазақ» газеті көп көмек көрсеткен. Бұған Уфадағы «Ғалия» 
медресесінің  қазақ  шәкірттері  Әбілғазы  Иманбеков,  Мәнан  Тұрғанбаев,  Әбу 
Шахмай  Бөкеев,  Мұхамед  Хұсейіновтың  медресе  шәкірттері  шығарған 
кітаптарды  «Қазақ»  басқармасы  өз  құзырына  алғандығы  жөнінде  хаты 
жариялануы дәлел бола алады 

109].  
Газетке  жастарды  өнер-білімге  шақырған  мақалалар  көптеп  жарияланып 
тұрды. Әсіресе жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен медреселерде 

 
37 
білім  алып  жатқан  шәкірттер  түрлі  тақырыптарда  мақалалар  жазып, 
құрбыларын  ой  бөлісуге  шақырған.    Сондай  мақалалардың  бірін  студент 
Есенғали  Қасаболатов    жазды.  «Қазақ  жастарына»  деп  аталатын  мақаласында 
ол: «Басқа жұрттардың жастарына қарасақ, бәрі де өнерпаз болып, түрлі-түрлі 
пайдалы  істер  істеп,  заманның  түріне  қарай  бірінен-бірі  қалмай  білімін 
асыруға тырысып жатыр. Жұртта білім болса – байлық, құрмет, барша рахат та 
табылмақшы. Егер  де білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де 
құр  қалып,  көрінгенге  жем  болып,  шөліңкіреп,  азып-тозып  бітпекші»,  -  дей 
отырып,  өзге  ұлттарға  күлкі  болмай,  елге  пайдалы  іс  істеп,  жастарды  аса 
қажетті дәргерлік, мұғалімдік оқуларға оқытуда дем беруге шақырған 

110].  
Ауыл  жастары  мұғалімдікке  оқуды  тиімді  санаған.  Себебі,  оқу  бітіріп 
келгеннен кейін алысқа бармай өзінің болысында бала оқытудың елі үшін де, 
өзі үшін де пайдалы екендігін білді. Сондықтан көп жағдайда оқытушы болып 
шығатын  мектеп-медреселерді  бітіруге  тырысты.  Мысалы,  Орынбордағы 
мұғалімдер  даярлайтын  мектепте  1913  жылдың  өзінде  қазақтан  алты  бала 
оқуға  түскен,  ал  жалпы  онда  оқып  жатқан  65  шәкірттің  35-і  қазақ  жастары 
болған 

111].  
Тілеуберген  деген  автордың  газетке  жариялаған  «Оқу  -  өнердің  ұясы» 
деген  мақаласында  оқу-өнерден  бос  қалған  адам  бұл  дүниеде  мұратына  жете 
алмайтындығы  айтылып,  баланың  тәрбие  ұясы  мектептен  басталып,  төрт-бес 
жыл ішінде көп нәрсеге үйреніп шығатындығын, мектеп-медресені бітіргеннен 
кейін  шектеліп қана  қалмай,  қазақ  тілінде  шыққан  кітаптарды,  шығып  тұрған 
газет-журналдарды 
оқып 
тұруы 
олардың 
зейінін 
одан 
сайын 
арттыратындығын,  міне,  сондықтан  оқу-өнерге  жастардың  бәрін  жұмылдыру 
маңызды деген тұжырым жасаған 

112].  
Қоғамда  жақсы    адам  тәрбиелеудің  үйінен  басқа  тағы  бір  ошағы  мектеп 
пен медресе екендігін түсінген саналы азаматтар мерзімді басылымдар арқылы 
бала тәрбиесіне аса көңіл бөлуде, олардың білімді де білікті азамат болып өсіп 
шығуына  осы  ошақ  орындары  әскер  ететіндігін  насихаттаумен  болды.  Бұл 
ретте  қазақ  зиялыларының  және  Ресейдің  ірі  қалаларында  оқып  білім  алып 
жатқан  жастарының  (көпшілігі  қоғамдық-саяси  жұмыстарға  белсене 
араласқан)  жазған  мақалаларын,  хабарларын  айтуымызға  болады.  «Айқап» 
журналында  да  болсын,  «Қазақ»  газетінде  де  болсын  жастардың  оқып  қана 
қоймай,  дұниеде  болып  жатқан  жағдайлармен  хабардар  болуына,  түрлі 
тақырыптардағы  танымдық  материалдарды  білуіне  баспасөз  елеулі  рөл 
атқарды.  «Қазақ  жастарынан  бір  өтініш»  деп  аталған  Ә.  Мұса  деген  жастың  
газетке жариялаған мақаласы өнер, білімсіз алға жылжуға болмайтындығы, ол 
үшін  газет  оқу  қажеттігіне  үндеген.  Алайда  газет  шығарудың  өзіндік 
қиыншылықтары  барлығын  айта  келе,  қолдан  келгеше  көмек  көрсету 
керектігін  көтерген.  «Газета  алушы  аздықтан  ақшасы  жетпей  тоқтап  қалса, 
оның  ұяты  бүтін  қазақ  үстіне  биігіректе  қазақтың  оқыған  жастарына  келмей 
ме?  Газетаның  тоқталмай  шығып  тұруы,  шығарушылардың  ыждиһаттарынан 
биігірек шет кісілердің ақша һәм қалам жәрдемінен болады. Сондықтан қалам 
білмеген  шаруаларымыз  жылға  үш  сомын  беріп  газет  оқысын.  Қолы  қалам 
білмеген  жастарымыз  «Үш  сом  бердік,  газета  алдырдық,  үстімізден 

 
38 
борышымызды  түсірдік»  деп  ойламасын!  Қолдарынан  келген  көмекті  берсін. 
Ұлтымыздың бүгінгі халін қайғырып, басқалардан үлгі алсын. Қалам жәрдемін 
беруші  халыққа  жақын  һәм  аралас  тұрған  мұғалім,  учительдер,  қазақтың 
оқыған  шәкірттері  болуға  тиіс.  Қазақ  ішінің  қай  жері  болса  да  мұғалімнен 
оқып  жүрген  шәкірттен  аз  болса  да  құр  емес.  Солар  ең  болмағанда  өздерінің 
көз алдарында болып   тұрған қазақ  жайларынан жазып тұрған  уақытта да бір 
газетаға бірталай азық болды», - деді 

113].  
Қазақ  студенттері  оқу-білім  алуды  насихаттауда  «Қазақ»  газеті  жастарға 
үлкен көмек көрсетеді деген сенімде болды. Өз ойларын Петербургтың жоғары 
оқу  орындарында  оқып  жүрген  Батырша  Сұлтангерейұлы  Есханов,  Сейілбек 
Мейрамұлы  Жанайдаров,  Ыдырыс  Оразалин,  Ғұсман  Жанабеков,  Мұқыш 
Боштаев,  Мұстафа  Шоқаев  А.  Байтұрсыновқа  жазған  хаттарында  айқын 
білдірді. Олар «Қазақ» газетіне қолдау көрсетіндіктерін білдіре отырып: «Бірақ 
жаңа туған «Қазақты» бір жағадан бас, бір ауыздан сөз шығарып, жас та болса 
бастай көріп, халық ортасына «Қазақша» қылып, әркім шын көңілімен батасын 
беріп,  халінше  не  көмегі  де  болса  тигізіп  тұрса,  біздің  мұңды  жұртымыздың  
мұңдасып,  бірінің  хал-жайын  бірі  біліп  тұруына  да  «Қазақтың»  жәрдемі  аз 
тимес  еді  деп  ойлаймыз»,  -  деп  жазған  болатын.  «Қазақ»  газетіне  қолдау 
көрсетуге шақырған 

114].  
Қазақ жастарының  халқымыздың әдебиетін, тарихын білуінде де «Қазақ» 
ерекше рөл атқарды. М. Дулатов «Қазақтың тарихы» деген  мақаласында оқу-
білім қалай керек болса, елдің тарихын білу сондай қажеттігін көтерген 

115].   
1914  жылы  «Қазақ»  газетіне  жарияланған  Ә.  Мұсаның  «Қапалдан 
жәрдем»  деп  аталатын  мақаласында  ең  мұқтаж  қазақ  оқушылары  үшін  бір 
мәжілісте  Құдайберген,  Тәңірберген,  Айт  Мұхаммет,  Бай  Мұхаммед 
Тұрысбековтер, Есенқұл қажы Маманов, Тұрсын Бабаев  - 2 сомнан. Сұлтан-
құл  Тұрысбеков,  Барлыбек  Сыртанов,  Бейсеке  Қалиев,  Абд-аль-рахман 
Чирбаев,  Ибраһим  Абаев,  Абдолла  Болғақов,  Байке  Намаз  Келден,  Тұяқбай 
молда,  Момын  қожа  Яқубжанов,  Абу  Байбиче,  Каукен  Байбиче,  Инч 
Байбиче,  Камаш  Байбишелер  -  1  сомнан,  Сүлеймен  Батырбеков,  Нұрқасым 
Жетекбаев,  Берікбол  Қалыбаев,  Мақұлбай  Байтұғатов,  Исабек,  Исламбек 
Исламбеков,  Жұмагелді  Маусымбаевтар  -  50  тиыннан,  Физалрахман 
Жаһандаров  -  30  тиын,  Әбдіғазиз  Мұса  -  3  сом  беріп,  барлығы  -  31  сом  80 
тиын  жиналғандығы  айтылса 

116],  тура  осы  санда    56  сом  ақша  2-
желтоқсанда  Томск  Дар-аль-фанунінде  оқушы  А.  Сейтовке  жіберілгендігі 
айтылды 

117].  
«Қазақ»  жазуын  қабыл  ету  мәселесі  төңірегінде  «Қазақ»  газетіне  А. 
Байтұрсыновтың  «Жазу  емлесі»  деген  мақаласы  жарияланып,  бұл  емленің 
аса  қажеттігіне  Торғайдан  Файзолла  Сатыбалды  ишан  ұлы,  мұғалімдерден 
Тәшен  Қиямбеков,  Зәкір  Ғайсин,  Мейрам  Асхақов,  Шахмардан  Ибрахимов, 
Сыдық  Абыланов,  шәкірттерден  Мырза  Ахмет  Қожақұланов,  Мұртаза  һәм 
Рахымжан Бексейт балалары, Павлодардан Қасым қажы медресесіндегі қазақ 
шәкірттері һәм Астрахан медресесіндегі қазақ шәкірттері тілектерін білдірген 

118].  

 
39 
«Қазақ»  газетіне  жарияланған  оқу-ағартуға  қатысты  мақалалар 
мектептердің  жағдайын  жақсарту,  бала  оқытудағы  мұғалімдерге  берерлік 
кеңес,  жастарды  оқуға  тарту  мәселелерін  қамтыды.  Сонымен  қатар  медресе-
мектептерді  оқып  бітірген  жастардың  одан  әрі  оқуларын  Ресейдің  ірі 
қалаларында  жалғастыруына  жағдай  жасау,  ал  оқып  жатқан  жастарға 
қаржылай  көмек  қолын  созу  мәселелері  де  тыс  қалған  жоқ.  Әсіресе,  оқу 
орындарында өз қаржысымен оқып жатқан жастарға көмек қолын созу немесе 
қол ұшын беріп қаржылай көмек көрсеткендер  жөнінде газетке жиі   басылып 
отырды десе де болады.  
«Қазақ» газетінде Омбы қаласында оқитындардың тізімі берілді. Мәселен, 
мұғалімдер  семинариясында  –  8,  гимназияда  –  5,  ауылшаруашылығы 
училищесінде  –  8,  медициналы-фельдшерлік  мектепте  –  4,  ветеринарлы-
фельдшерлік  мектепте  –  8,  коммерциялық мектепте  –5,  қалалық  училищеде  – 
8, жалпы сол қалада оқитын қазақ жастарының саны 46 болған. Негізінде бұл 
мәліметтерді  газетке  Сәдуақас  Сейфуллин  берген.  Ол  келер  жылы  қазақтарға 
арналған  5  стипендиясы  бос  орынның  барлығын,  семинарияны  -  3, 
медициналы-фельдшерлік мектепті - 1, ветеринарлы-фельдшерлік мектепті - 1 
оқушы  бітіретіндігін  айтқан 

119].  Сонымен  қатар  осы  нөмірде  Том 
қаласындағы  университетте  Асылбек  Сейітов,  ал  Уфадағы  «Ғалия» 
медресесінде  Бекмұхамед  Хұсейінов,  Қайролла  Ибраһимов,  Садық  Токубаев,  
Нығмет Манаев, Шаһмардан Ғұмаров, Орынбордағы «Хұсейния» медресесінде 
Елемес  Шәрменовтің  оқитындығы  туралы  мәліметтер  де  келітірілді.  Бұл 
студент-шәкірттерге елдің игі жақсылары ақшалай көмек көрсеткен 

120].  
Орынбордағы  «Хұсейния»  медресесінде  Шымкент  уезінің  қазағы  Елемес 
Шәрменов  өзінің  осы  медресеге  төлейтін  ақшасы  болмай,  қысылып  тұрған 
кезде  марқұм  Сейітбаттал  Мамановтың  «Қазақ»  газетіне  жіберген  көмек 
ақшасына  алып,  оқу  ақысын  төлегендігін,  марқұмның  рухына  құран 
бағыштағандығын  айтып  хат  жолдаған 

120].  Газеттің  келесі  санында  С. 
Мамановтың  қаржылай  көмегінен  ақша  алған  Бекмұхаммед    Хұсейінов, 
Шаһмардан  Ғұмаров,  Қайролла  Ибраһимов,  Садық  Токубаев,  Нығмет 
Манаевтардың да тәңір жарылқасын айтқан мақалалары басылды 

121].  
Медресе  «Хұсейнияда»  оқитын  шәкірттердің  жас  мөлшері  бұрын  ылғи 
үлкен  жігіттер  болса,  енді  11-12  жастағы  балалардың  қатары  көбейіп  келе 
жатқанына  қуаныш  білдіре  жазған  Х.  Болғанбаевтың  хатында  мектеп-
медреселерге    балаларды  оқыту  кейінгіге  үлкен  пайдалы  екендігін 
дәлелдемекке тырысқан 

122].  
1918  жылы  шыққан  «Абай»  журналында  да  жастар  мәселесі  көтеріліп, 
оған  С.  Торайғыров,  С.  Дөнентаев,  С.  Сәдуақасов,  М.  Әуезов  және  т.б. 
мақалалары жарияланды.  Журналдың  6 санында жастарға қатысты бірнеше 
мақалалар  басылды.  Атап  айтқанда  М.  Әуезовтың  «Жастар  ұйымдарына 
ашық хат»  деп аталған мақаласы жарияланды 

123].  
Журналда  «Омбы  қаласында  өткен  жалпы  жастар  съезі  туралы»  және 
«Қайткенде  адам  боламыз»  мақалалары,    сондай-ақ  танымдық  тақырыптағы 
мақалалар мен өлеңдер басылып тұрды 

27, 90-б.].  

 
40 
Қорыта  айтқанда,  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасыр  басында  шығып 
тұрған  қазақ  тіліндегі  газеттерде  жастар  мәселесі  қарастырылып,  олардың 
қызметі  тарихы  үш  бағытта  баяндалған:  жастар  баспасөзі  бастауында  жаңа 
қалыптасып  келе  жатқан,  Ресейдің  жоғары  оқу  орындарын  бітіріп,  елдегі 
қоғамдық-саяси  өміріне  кең  араласа  бастаған  ұлт  зиялылары  тұрды; 
жастарды  білім  алуға,  қоғам  ісіне  еркін  араласуға,  ескі  әдет-ғұрыптан  
арылуға, жаңаша өмір сүру-салтына шақыра отырып, осы жолда өздерінің де 
үлгі-өнеге болуы үшін ұлт зиялылары мерзімді баспасөз арқылы үгіт-насихат 
жұмыстарын өрістетті; олар жастарға аса қажетті ақыл-кеңестер бере білді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет