Әос 3/94(574)930. Д. С. Байгунаков1, Г. Е. Сабденова



бет2/6
Дата25.11.2023
өлшемі41,99 Kb.
#127223
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
sciPaper87963

Энциклопедияшы-тарихшы. Ғылыми жұмыстарды редакторлық қызметпен бірге алып жүрген Көшім Лекерұлы ұзақ жылдар бойы энциклопедиялық басылымдарды шығаруға ат салысты. Ол 12 томнан және қосымша 1 томнан тұратын (13 томдық) «Қазақ ССР энциклопедиясы», 4 томдық «Қысқаша Қазақ ССР энциклопедиясы», 10 томдық «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» (алғашқы томдарына) сынды іргелі басылымдарға редакторлық еңбегін сіңірді, көптеген тарихи құбылыстар, оқиғалар мен шетелдік және отандық тарихи тұлғалардың ғұмырнамасын суреттеп жазды. Соңғы басылымның кейбір томдарына кейіннен өз пікірін айтып, онда жіберілген қателіктер мен олқылықтарды көрсетіп те берді [5]. Ағалық ақыл айтып, басылымдағы кемшін тұстарды айғақтап көрсетті. Оның айтқан сын-пікіріне наразылық танытқан әріптестеріне «Сынды дұрыс қабылдаған жөн» деп басу да айтты [6]. Сайып келгенде ол ұлт мақтанышы, әрі ұлттық бас кітаптардың бірі саналатын мұндай энциклопедиялық басылымның ала-құла болып түзілгенін қаламаған еді.
Энциклопедия жазу кім көрінгеннің ермегі болып бара жатқанын, онымен кәсіби мамандар, арнайы баспа өкілдері шұғылдануы тиіс екендігін ол үнемі шегелеумен болды. Осы тұрғыдан келгенде К.Л.Есмағамбетов энциклопедия шығаруды табыс көзіне айналдыруға көшкен кейбір баспа қызметтерін аямай сынады. Мысалы, «Қазанғап неге қапалы? (немесе бір энциклопедиялық басылым жайлы)» деген мақаласында (Қазақ әдебиеті, 2004. 8-14 қазан) тағы бір энциклопедиялық басылымның қателіктерін тізіп шығады да, олқы тұстарын атап өтеді.
Сонымен қатар кезінде Көшім Лекерұлы «Қазақ энциклопедиясы» сынды баспада жүріп «Философиялық сөздік», «Чудеса», «Ақмола», «Северо-Казахстанская область», «Кто есть кто в казахстанской науке», т.б. кітаптар мәтінін редакциялауға қатысты, «Қорқыт Ата» энциклопедиялық жинағын (1999) құрастырды, «Свод памятников истории и культуры. Чимкентская область» сияқты жинақтың ғылыми-әдіснамалық жетекшісі болды. Энциклопедиялық басылымдарды ол жаңа есімдермен үнемі толықтырумен болды. Мәселен, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» басылымының 1-3 томдарына бірқатар мақалалар беріп, жаңа ақпараттар енгізуге ұмтылды. Ғалымның ғылыми айналымға қосқан материалдары, тың мәліметтермен толықтырылған оқиғалар мен құбылыстар тарихы, шетелдік зерттеушілер ғұмырнамалары барлық кітаптарға әр беріп тұрды. Бұл жерде энциклопедияшы-тарихшы Аббот Джеймс, Абдулкадыр Инан, Әлікен, Бенцинг Йоханнес, Бейли миссиясы, Бжезинский Збигнев, Бопай ханым, Герберштейн Зигмунд, т.б. тарихи тұлғалар мен қайраткерлер, ғалымдар туралы толымды ақпараттық мақалалар жариялады. Ол ақыл сұрап, кеңесін тыңдаған басқа баспа ұжымдары шығарған энциклопедиялық басылымдарға күш-көмегін аяған жоқ. Мысалы, «Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия» сынды көрнекті кітапқа (2002) Скайлер Юджин, т.б., «Северо-Казахстанская область. Энциклопедия» кітапқа (2004) «Абылая белый дом» секілді бірқатар мақалаларын жарыққа шығарды да, көптеген мәселелердің тарихи мәнін ашты. Әрбір тұлға жөнінде мақала жазған кезде, тың мәліметтерге иек артты. Оған мәліметтерді алғашқы түпнұсқа деректен алу тән еді. Ғалымның энциклопедиялық басылымдардағы мақалалары сонысымен де құнды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет