Қамажай. Ту Нәзила-ай! Ай Нәзила!
Нәзила. Бақыт деген... Ха-ха-ха.
Қамажай. Нәзила. Миың қатыра бос сөзбен. Онсызда қалжырап келеді.
Қамажай. Мә сүт іш.
Нәзила. Жарайды, жарайды. Екеуіңізбен де келістім.
(Омар стақандағы сүтті іше бергенде)
Омар. Ой-бааай! Әпке мынау ыстыққой сонша.
(Бізді оңаша қалдырыңызшы деп әпкесіне ымдайды)
Нәзила.Бірақ бар ғой иә, менің Омға қоятын тағы да бір сұрағым бар. Айтшы.
Көп ізденетін жас ғалым, әрі жас, әрі көрікті қызды үйіне жалғыз қайтарғанда өзін қалай сезінеді.
Гауһар. Ту Нәзила-ай. Мұның не? Тралебустың аялдамасы дәл жатақханаға апарады. Аялдама үйдің іргесінде.
Омар. Ммм иә, иә... Не ғой... ммм. Иә, бұл ешқандай ілімде көрсетілмеген. Түнде қыз баланы жалғыз үйіне қайтаруға болмайды.
Нәзила. Өте дұрыс айтасың.
Гауһар. Әәәәуре болмаңыз. Тууу Нәзила мұның не? Мұндайын білгенде мен бағанааа кетіп қалатын едімғой. Ааа сіз сүтіңізді ішіп алыңызшы.
Омар. Рақмет. Рақмет.
(Нәзила Омарға ыңғай бергендей білдірмей түртеді)
Омар. (Қыбылықтап) Иә, иә, не ғой, ммм. Мен сіздің қайтқалы тұрғаныңызды байқамаппын. Сау болыңыз.
(Омар сасқалақтап сыртқа шығып кете бара жатқанда)
Нәзила. Ооом.
Омар. Мммм иә, не ғой. Алғырттық дегенің адам өміріне көп кесірін тигізеді. Ұмытқан нәрсеңді есіне түсірген адам мұндай сәтте алғысыңды бірдірген дұрыс. Жақсы, сау болыңыз!
Нәзила. (Қарқынмен) Омааар. Гауһар, сау болыңыз!
Омар. Диалектикалық материализм тұрғысынан келетін болсақ...
Нәзила. Қыз баланы жалғыз үйіне қайтаруға болмайды...
4-көрініс Қамажай. Тимуржан, Тимуржан! Қайда жиналдың? Тамақ ішпейсің бе?
Темірбек. Асханадан ішкем.
Қамажай. Мен сені жұмыстан шаршап келеді деп...
Темірбек. Рақмет.
Қамажай. (Қуанып) Омар Москваға жүргелі жатыр. Диссертациясы жөнінде шақыртыпты.