«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар


Нәзила. Осы уақытқа дейін қанағаттанбайтын не деген көңіл а? Омар



бет10/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Әпке драмасы ориг

Нәзила. Осы уақытқа дейін қанағаттанбайтын не деген көңіл а?
Омар. (Ашуланып, көзілдірігін түзеп) Нәзила, есіңде болсын, сен менің ішкі жұмысыма аралас па жарай ма? Бес жыл ма, он жыл ма, тіпті өмір бойы ма ойлаған мақсатыма жете алмасам, көңілім қанағаттанбайды. Және мен ғылыми атақ үшінқызмет етіп жүрген жоқпын ба?
Нәзила.Оом! Айтшы, бақыт.... бақыт деген не? Біз әлгінде осы тақырыпта дискуция өткізіп, көп таластық.
Омар. Айтайын. Енді, не ғой. Не ғой, бақыт дегенді әр адам әртүрлі түсінеді. Диалектикалық материализм тұрғысынан келетін болсақ, бақыт деген...
Нәзила. Оооом біз бұны институтта да оқып жүрміз. Сенің өз топшылауың қалай?
Омар. Нәзила. Әр адамның жеке топшылауы дегенді мен түсіне алмаймын. Өйткені белгілі бір қорытындыға келу үшін адам, өз өмірінде басынан өткерген оқиғалармен өзгеде адамдардың жалпы тіршілігін, санасын, ойша таразылап, оны диалектикалық заңдылықтар арқылы топшылау тиіс. Демек әрбір сұрақтың шешімін табу үшін, белгілі бір ғылымға сүйену керек. Сонда ғана дұрыс жауап ала аласың.
Нәзила. Иә, сонымен тоқ етерін айтшы.
Омар.Ту Нәзила-ай! Сонымен тоқ етерін айтсам,сонымен тоқ етерін айтсам, бақыт дегеннің өзін бірнеше салаға бөлуге болады. Семьядағы, қызметтегі, махаббат, тағы, тағы басқа салада. Осының бәрін синтездеп келгенсоң, сол жеке адамның тіршігін, санасын, ойша таразылап, ал оның ішкі-сыртқы мммм қоғамдағы мүддесіне оның ішкі-сыртқы саясатына, халықаралық аренадағы беделіне көз жіберту керек. Қоғамсыз адам жоқ. Демек әрбір адамның қуанышы, күйініші, мәртебесі, өзі өмір сүріп отырған қоғам мүддесіне сәйкес келіп, тіршілігінде іздеген мақсатына жетсе немесе соған жету жолында аянбай күрес жүргізсе оның өмір. Күрес деген....
(Нәзила Омардың айтқан сөзіне іші пысып, столдың астына кіріп кетеді)
Омар. Нәзилаа? Нәзилааай? Туууу Нәзилаааай! Сонымен тоқ етерін күрес деген жеңіс немесе жеңіске апарар жол.
Нәзила. (Күліп, қолын Омарға қарай нұқып) Бақыт деген....
(Екеуі де тырқылдап күледі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет