Қамажай. Неге олай дейсің? Береке таптырмай жүрген кім саған? Аузыңа не келсе, соны айта салатын әдетті қайдан шығарғансың?
Темірбек. Енді менің жалғыз костьюмім жанып кетсе, басқа не демекпін.
Қамажай. Жанбаса, жанбаса құрып кетсін. Костьюм, костью деп төбемді оятын түрің бар ғой. Керек десең, баратын жеріңе жалаңаш барғын. Мен бір әдейі істегендей. Осылар ренжімесін, осылар қабақтарын шытпасын деп, жар құлағым жастыққа тимей жүргенде естір сөзім осы ма? Даладан ашуланып келсеңдер, маған зіркілдейсіңдер, ренжіп келсеңдер маған еркелейсіңдер. Ал мен... Кімге ұрсам, кімге еркелейм. Менде адаммын. Көңіл жырту, мата жыртудан оңай болған ба сендерге. Ал кет. Басыңның ауған жағына кет.
Темірбек. Қит етсе көздерінің жастары дайын тұрад.
(Осы кезде телефон шырылдайды, Темірбек телефонның тұтқасын көтеріп) Темірбек. Да, да. Аа Кама. Бір шаруалармен шыға алмай жатырмын. Қазір келем.
Қамажай. Қайда кеттің, қашан келесің?
Темірбек. Мүмкін келмеспін, мені күтпей-ақ тамақтарыңды іше беріңдер.
Қамажай. Теміржан. Теміржан.
(Темірбек Қамажай аяғының тұсына келіп отырып) Қамажай. Төбелестен аулақ жүрші.
(Қамажай көзіне еріксіз жас келеді)
6-көрініс (Қамажай мен Қабен)
Қамажай. Міне, үйге де келдік. Енді, қоштасайық.
Қабен. Бірнеше күн бойы жолыңды тосқанымда маған арнағаның осы бір-ақ сағат болды ма? Қамажай, кішке жүре тұрсақ қайтеді.
Қамажай. Жоқ. Мен болмасам Ермекжан ұйықтамайды.
Қабен. Ал менің әлгі сөзіме сол бойы жауап бермедің ғой.
Қамажай. Қабен. Қабен ол сияқты. Бір сағатқа қиып кете алмай жүрген інілерімді өмір бақи қалай қиып кетемін. Мен олардың әпкесі емеспін. Анам көз жұмған сәттен бастап, мен олардың анасы болғанмын. Саған, саған үйлену керек. Ал маған інілерім мен сіңлімді тәрбиелеу керек.
Қабен. Хм. Қамажай, Қамажай сен уайымшылсың. Қойшы осындай сөздеріңді. Екеуміз үй болған соң, кішкентай Ермегімізді қолымызға аламыз.