«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар


Қамажай. Маған қалғандары да кішкентай. Қабен



бет16/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Әпке драмасы ориг

Қамажай. Маған қалғандары да кішкентай.
Қабен. Онда бәрінде қолымызға аламыз.
Қамажай. (Күледі) Жоқ, ол болмайды. Мүлдем қисынсыз.
Қабен. Қамажай, Қамашым.
Қамажай. Қой, бала болмайық. Бізге бала болу жараспайтын секілді.
Қабен. Қамажай, жасыңа жетпей егделікке бой ұрмасаңшы. Кәрілік қайда қашады дерсің.
Қамажай. Мен сені түсінемін. Мен сен түсінем, бірақ амалым қанша? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, мен өз басымның қамын ойлауға қаһым жоқ. Өз жөнін тауып, әке кетті. Талқаны таусылып шешем байғұс ол кетті. Тағдырдың тәлкегінен есеңкірегін естерін енді жинап, тағдыр тәлкегіне енді ұмыт бола бастаған кезде не болсаң, сол бол деп мен тастап кетсем не болады. Жоқ, Қабен. Кешір. Мен сенің бағыңды байлағым келмейді. Сенің жолың басқа. Кешір мен, кешір. Қабен. Кешір, кешір, кешір. Қош бол Қабен, қош бол! Інілерімнің біреуі шығып қалса ұят болады. Ертең жұмысқа баруым керек. Балаларға жасайтын тамағым бар. Жуатын кірлері бар. Жұмыс деген бастан асады. Мен, мен кетейін. Қош бол, қош бол Қабен.
Қабен. Қамажай.Мүмкін. Мүмкін әлі де, әлі де ойланарсың.
Қамажай. Жоқ, жоқ Қабен ойланып болғаным осы. Қош бол Қабен. Мен сенің бағыңды байлағым келмейді.
Қабен. Қамажай. Қамажай.

Гауһар.'>7-көрініс.
Гауһар. Осыны жаттайсың келіп, жаттайсың, ертең бәрібір есіңнен шығып кетеді. Біз осы шет тілі маманы бола алмай сияқтымыз.
Нәзила. (Күрсініп) Жарайды, бүгінге осы да жетер. Айтпақшы, әлгі телекоментатор жігітіңнен хабар болмай кетті ғой.
Гауһар. Келіп тұрад.
Нәзила. Сүйемін деп айтты ма?
Гауһар. Жоға.
Нәзила. Неге?
Гауһар. Мен ыңғай бермей жүрмін.
Нәзила. Ооо!
Гауһар. Алғашында бір түрлі ішім жылитын сияқты еді, қазір мүлде селк етпейді. Өйткені бар ғой, оның бойында табиғилық жоқ. Оның барлық қимылы, айтар сөзі, тіпті өзін жоғары ұстайды.
Нәзила. Гауһар. Оның несі жаман.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет