ІІІ Сабақты бекіту:
Құрамында 23,5% породасы бар 6т фосфорит заводқа әкелінді. Таза кальций фосфатының салмағын табу.
Натрий мен калий хлоридтерінің 0,55г қоспасын суда еріткен. Сол ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшерін құйғанда жалпы массасы 0,45грамм күміс хлоридінің тұнбасы түзілген. Бастапқы қоспадағы әр тұздың массалық үлесін есепте
3.Массасы 25г кальций фосфаты, кальций карбонаты, аммоний карбонатынан тұратын қоспаны кептіргенде, 14,6г қатты қалдық алынды, оған су қосып, артық мөлшерде көмірқышқыл газын жіберді. Ерімей қалған массасы 7 г.
4. Натрий карбанаты мен гидрокорбанатының146г қоспасы оның салмағының кемуі тоқтағанша қыздырылады. Қыздырғанаң кейінгі қалдықтың массасы 137 г болды қоспадағы натрий корбанатының массалық үлесі қандай.
Үйге тапсырма
1.Массасы 12г кальций фосфаты, кальций карбонаты, аммоний карбонатынан тұратын қоспаны кептіргенде, 7,4г қатты қалдық алынды, оған су қосып, артық мөлшерде көмірқышқыл газын жіберді. Ерімей қалған массасы 3,6 г.
27 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Түзілген газ көлемі бойынша бастапқы қоспадағы компаненттердің мольдік қатынастарын табуға есептер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қоспадағы түзілген газ көлемі бойынша қоспадағы компаненттердің мольдік қатынастарын табуға есептерді шығару жолдарымен есептерді шешуге бағыттау.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
1- мысал: Калий гидроксиді мен калий гидрокарбонатынан тұратын қоспаға тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде 59,6г калий хлориді және 4,48л(қ.ж) газ бөлінді. Бастапқы қоспадағы калий гидрокарбонатының массалық үлесін тап.
Шешуі,
Химиялық реакцияның теңдеуін жазайық.
KOH + НCl = KCl + H2O (1)
KHSO3 + HCl = KCl + H2O + CO2 ↑ (2)
(1,2) реакцияда түзілген KCl – нің жалпы зат
мөлшерін анықтайық.
(№2) теңдеуден СО2 – нің зат мөлшері KHNO3 – тің зат мөлшеріне тең.
0,2 моль оның массасын табуға болады.
m(KHNO3) моль·100г/моль=20г
№2 теңдеуде KCl – нің зат мөлшері СО2 – ге тең моль
№1 теңдеуден ν1(KCl)=ν(KOH)=0,6моль
m(KOH)=ν(KOH)·M(KOH)=0,6моль·56г/моль=33,6г
қоспа массасын табу үшін m(қоспа)=m(КОН) + m(КНСО3)=33,6+20=53,6г
Достарыңызбен бөлісу: |