Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


- сабақ Сабақтың тақырыбы: Тізбек бойынша бастапқы заттың массасы негізінде соңғы өнімнің массасын есептеу



бет57/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

30 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тізбек бойынша бастапқы заттың массасы негізінде соңғы өнімнің массасын есептеу
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға тізбек бойынша бастапқы заттың массасы бойынша соңғы өнімнің массасын есептеуге үйрету.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
Тізбек бойынша бастапқы заттың массасы негізінде соңғы өнімнің массасын анықтау үшін оқушы алдымен органикалық және бейорганикалық қосылыстардың ортасындағы генетикалық байланысты жүзеге асыра білуі қажет. Мүндай есеп түрлері көбінше ҰБТ тапсырмалары арасында көп кездеседі .
Мg MgO MgSO4 Mg (NO3)2
Жоғарыда көрсетілген айланудың негізінде 45 грамм магнийден неше грамм магний нитаратын алуға болады .
Шешуі:
2Mg + O2 = 2MgO

M(2Mg ) = 24*2 =48 г/ моль


M(2MgO) = 2*(24 + 16 ) = 80 г/ моль

45 г - х
48 г/ моль - 80 г/ моль


Х = 45 г* 80 г/ моль / 48 г/ моль = 75 грамм (1)

MgO + H2SO4 = MgSO4 + H2O


M(MgSO4) = 24+32+16*4 =120 г/ моль


75г - х
40 г/моль – 120 г/ моль


Х = 75г * 120 г/ моль / 40 г/моль = 225г (2)


MgSO4 + 2HNO3 = Mg(NO3)2 + H2 SO4


M(Mg(NO3)2) = 24 + ( 14 + 16*3) *2 = 148 г/моль


225г - х


120 г/ моль - 148 г/ моль
Х =225г * 148 г/ моль / 120 г/моль = 277,5 г
Жауабы : m(Mg(NO3)2) = 277,5 г


Сабақты бекіту :
Төмендегі айналымға сәйкес 33,5 грамм кальцийден соңғы өнімнің массасын есепте
Ca →CaO→Ca (OH)2 →CaSO4

2.P → P2O5 → H3PO4 → Ca3(PO4)2


Жоғарыдағы реакция теңдеулеріне сәйкес 2,5 грамм фосфор қанша грамм кальций фасфатын алуға болады.


3. Li Li2O LiOH Жоғарыдағы реакция теңдеуіне сәйкес 6,5 грамм литийден қанша грамм литий гидроксидін алуға болады .


Үйге тапсырма:
31 г фосфор реакцияға қатысқан реакцияның соңғы өнімінің массасы қандай
P → PH3 → P2O5 → H3PO4 → Na3PO4 → Ag3PO4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет