Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет30/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

ІV Сабақты бекіту:

  1. Концентрацияның тепе – теңдікке әсері.

  2. Температураның тепе- теңдікке әсері.

  3. Қысымның тепе – теңдікке әсері.

  4. Қайтымды реакцияның SO2+O2=2SO3 тепе-теңдік кезіндегі концентрациялары мынандай: [SO2]= 2 моль/л [O2]=4 моль/л [SO3]=3 моль/л . Күкірт (IV) оксиді мен оттектің алғашқы концентрацияларын табыңдар.

  5. Белгілі бір температурадағы Н2 + Cl2 = 2НCl реакциясының тепе-теңдік константасы Ктт = 2,0. Егер реакцияға 1 моль Н2 және 2моль Cl2 алынған болса, тепе-теңдік жүйедегі қоспаның құрамы қандай болғаны.



Үйге тапсырма:
1. Қайтымды N2 + 3H2 → 2NH3 реакциясы тепе-теңдікке келген кездегі әр заттың концентрациясы мынадай;
[N2] = 0,01 моль/л
[H2] = 2 моль/л
[NH3] = 0,4 моль/л
Тепе-теңдік константасын және азот пен сутектің бастапқы концентрациясын табу керек.
2.Тепе-теңдік күйге келген қайтымды N2 + 3H2 → 2NH3 + 92,4 кДж реакциясының күйіне концентрация, қысым және температура қалай әсер етеді?
18 – сабақ ( 25.01.2020ж)
Сабақтың тақырыбы: Ерітінділер оның концентрациясы
Сабақтың мақсаты: Ерітінділердің концентрациясын сандық сипаттау әдістерін еске түсіру арқылы ол ұғымдарды есеп шығаруға пайдалана білу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
Қышқылдар ерітінділерін дайындауда концентрлі қышқылдар 100% емес екенін ескеру қажет. Қышқыл мен суды өлшеуіш цилиндрмен өлшейді.
Мысалы, Тығыздығы 1,19 г/мл 38% тұз қышқылынан 10% 500г ерітінді әзірлеу керек.

1. Дайындалған қышқыл ерітіндісінде хлорсутектің массасын есептейміз.


mз = 0,1 · 500г = 50г. (НCl)
2. 50г HCl болатын концентрлі қышқыл ерітіндісінің массасын есептейміз.
w = mз / mер : mер = mз / w = 50/ 0,38 = 131,6г
3. Массасы 131,6г қышқыл сәйкес келетін көлемді есептейміз.
V = m / p = 131,6г / 1,19г/мл = 110,6мл
4. Еріткіш массасы:
m (H2O) = 500г – 131,6г = 368,4г немесе 368,4мл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет