Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет1/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp


Түсінік хат

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы 10-11 сыныптың оқушыларына «Химия есептерін шығару жолдары» курсын ұсынып отырмын. Бұл курстың апталық жүктемесі 2 сағат, ал жылдық жүктемесі 68 сағат .


Есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыра алатын тамаша әдіс. Есептерді шығару арқылы оқушының ойлау, есте сақтау, химиялық тілде сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады. Есептерді шығару барысында оқушылардың білімі мен біліктілігін, іс - әрекет дағдыларын қалыптастыра отырып, тез ойлау, дұрыс жауап беру, өз пікірін айту қабілеттері шыңдала түседі. Есептерді шығару процесінде оқушы бойында еңбекқорлық, мақсат қоя білу және сол мақсатқа жету үшін күресе білу қабілетін жетілдіруге болады.
Есеп шығару химия пәнін меңгеруде үлкен орын алады, себебі, ол кезде оқушы өзінің алған теориялық білімін практикада қолданып үйренеді. Қажет болған жағдайда кітаптардан теориялық қағидаларды қайталайды, тиісті формулалар мен заттардың физикалық және химиялық қасиеттері туралы мәліметтерді еске түсіреді.
Есеп шығаруда пән аралық байланыс та іске асады, табиғаттың тұтастығы туралы көз-қарас қалыптасады. Есеп шығаруда оқушылардың ой-әрекеті мен іс-әрекеті дамиды.
Химия пәнінен алған сапалы білімі, жалпы оқушының көзқарасының қалыптасуына әсері зор.
Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады.
Одан әрі есептердің берілгені және шығару үлгілері келтірілген, кейбір есептер үшін шығару жолдарының бірнеше әдістері көрсетілген.
Көптеген есептерді бірден дайын формулаға салып шығара салуға болады, бірақ мұндай жағдайда шығару жолының жүрісі көрінбей қалады, көптеген есептердің шығару жолдары талдап жазылады.
Бұл курсты оқыту барысында оқушылар төмендегі тақырыптар бойынша есептер шығарады:
Атом құрылысы
Химиялық формуланы табу
Тотығу-тотықсыздану реакцияларына байланысты есептерді шығара білу
Тұздардың гидролизі
Тұздардың электролизі
Химиялық реакция теңдеуі бойынша есепті шығара білу
Реакция өнімінің шығымын есептей білу
Ертінді көлемі, тығыздығы , еріген заттың массалық үлесі бойынша есептерді шеше білуге
Ертінділер оның концентрациясын таба білуге
Химиялық реакцияның жылдамдығы
Қоспалар
Сапалық анализге байланысты тәжірибелік есептер
Қазіргі таңда оқушылардың білімін мен біліктілігін жан –жақты дамыту міндеттері көзделіп отыр. Осы міндеттерді алға қоя отырып химия, биология, физика, пәндерін байланыстырып оқытатын «Химия есептерін шығару жолдар» курсын ұсынып отырмын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет