ІV Сабақты бекіту: 1. Ерітінділер қалай жіктеледі?
2.Зертханада ас тұзының 10% және 20%-тік ерітіндісі бар. Массасы 300г 12%-тік жаңа ерітінді дайындау үшін, олардың қандай массаларын араластыру керек? (Жауабы 240г, 60г)
3..Массасы 500г 2%-тік мыс сульфатының ерітіндісін дайындау үшін 10%-тік мыс сульфатының, және судың қандай массасы керек? (Жауабы 100г, 400г)
4. Күкірт қышқылының 55% - дың ерітіндісінің 600 грамын дайындау үшн оның 87% - тік ерітіндісінің қандай массасына су қосу қажет ?
5.200г 8% - дық сірке қышқылын 120г 7%- дық сірке қышқылының ерітінділерін араластырғандағы сірке қышқылының массасын есепте.
Үйге тапсырма Массасы 300г, массалық үлесі 0,04 болатын магний хлоридінің ерітіндісін даярлау үшін 0,2 массалық үлестегі магний хлоридінің және судың қандай массасы қажет? (Жауабы 60г, 240г)
Зертханада массалық үлесі 30% тығыздығы 1,33 г/мл болатын натрий гидроксидінің ерітіндісі бар. Көлемі 250 мл массалық үлесі 14% тығыздығы 1,15 г/л болатын натрий гидроксидінің ерітіндісін алу үшін алынатын ерітінді көлемін анықта (Жауабы 100,9 л)
20 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Молярлы және мольдік концентрацияны табу Сабақтың мақсаты: Оқушыларға молярлы және мольдік ерітінділерді дайындау жолдары және сан есептерді шығаруға үйрету.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ жаңа материалды меңгерту Мольдік концентрациясы деп ерінген заттың зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасын айтады.
моль/л – өлшем бірлігі
мұнда С(х) – мольдік концентрация
– зат мөлшері
– ерітінді көлемі
CM = ; ; Молярлық концентрациясы деп еріген заттың зат мөлшерінің еріткіштің массасына қатынасына айтады.
– зат мөлшері
m – еріткіштің массасы
L(х) – моляльдік концентрация.
Мольдік концентрация 1 литр ерітіндідегі еріген заттың моль санымен анықталады.
Мольдік концентрацияның өлшем бірлігі – моль/л.