Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Әрбір жұмыс атқарушы денсаулығына ұқыпты, толыққанды көңіл бөліп тұру тиіс. Себебі, кәсіби аурулардың зияны өте жоғары.
Өндірістік орындар да өз қызметкерлері үшін микроклиматтық талаптарға сай жағдай жасап беруі қажет деп есептейміз. Сонда ғана өндірістік микроклимат параметрлері бұзылмай, кәсіби аурулардың алдын аламыз.
5-сабақ тапсырмасы:
Есеп №1
1.Жылу реттеу,терморегуляция қоршаған орта температурасыныңауытқуына қарамастан адам, сүтқоректілер және құстардың дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті.
Дене температурасының тұрақтылығы – жылу түзілу және жылу шығару және олардың өзгеруіне байланысты болады. Жылу реттеу процесіне аралық мидағы (гипоталамус) жылу орталығы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі жылу сезетін жүйке жасушалары, ішкі органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш жолдары, эндокринді және тері бездері, бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады. Жылу реттеу нәтижесінде ағзаның температурасы тұрақты болады (мысалы, құстарда 40 – 41,5˚С, сүтқоректілерде 32 – 39˚С, адамда 36˚С). Сыртқы ортаның температурасының айтарлықтай ауытқуынан немесе жылу түзілудің жылдам өзгеруінен адам мен жануарлардың жылу температурасы қалыпты жағдайда 0,2 – 0,3-тен 1 – 2 С-қа ауытқуы мүмкін.
Физикалық терморегуляция жылу беру қарқындылығын өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Физикалық терморегуляция - бұл жылу беру деңгейінің өзгеруіне әкелетін физиологиялық процестердің жиынтығы.
Физикалық терморегуляция жылу беру қарқындылығын өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Физикалық терморегуляция - бұл жылу беру деңгейінің өзгеруіне әкелетін физиологиялық процестердің жиынтығы.
Денені гипотермиядан қорғау механизмдерінің бірі химиялық терморегуляция болып табылады, оның қарқындылығы адамның дене салмағымен, сыртқы суық әсер ету мен дененің суыққа бейімделу дәрежесімен анықталады.
Осы жағдайдағы адам организміндегі терморегуляция процестері:
1.Дене температурасының төмендеуі.
2.Дермадағы рецепторлар суықты қабылдайды.
3.Рецепторлар сигналды гипоталамусқа жібереді.
4.Гипоталамус жұлын арқылы қан тамырларына тарылу сигналын жібереді.
5.Дерманың тар тамырлары жылуды сақтауға көмектеседі.
6.Тер пайда болмайды.
7.Жылу беру төмендейді және дене температурасы көтеріледі.