ЕҢ... ЕҢ... ЕҢ...
ауы лы на дейін жалғасты. Желаяқтар бұл
қала. Кеңес Одағының екі дүркін батыры
зіргі №31 мектепте білім алған. Ол ға-
рыш қа үш рет ұшқан. Ғарышта 237 сағат
18 ми нут болған екен. Қызылжардың тағы
35 ми нут 17 секунд аспанда болған. Ал
берілген.
Гагарин. «Восток-1» ғарыш кемесімен
осыдан тура 50 жыл бұрын ұшты.
Алан Шепард. 5 мамыр, 1961 жылы.
«Меркурий-3» ғарыш кемесімен ұшқан.
«Восток-6».
ғарышкер – вьетнамдық Фам Туан. 23
шілде, 1980 жыл, «Союз-37».
Марк Шаттлуорт.
жылы.
ғарыш кемесі.
Герман Титов. Ол 25 жасында «Восток-2»
Джон Гленн. Ол 77 жасында «Дискавери
STS-95» ғарыш кемесімен көкке көтерілді.
– Валерий Поляков. Ол өмірінің 438 күнін
«Аполлон-13» экипажы. Бұл ғарыш кемесі
Деннис Тито. АҚШ-тың мультимиллионері
ғарыш айлағынан ұшты.
Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№61 (513) 12.04.2011 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
ҒАРЫШ ЭКОНОМИКАСЫ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
«Байқоңыр» ғарыш алаңы
қай жылы құрылды?
«Байқоңыр» ғарыш алаңы қай жылы құрылды және қай жылы алғаш ракета ұшырылды?
АЙБЕК, 8-сынып оқушысы, Алматы қаласы
«Байқоңыр» ғарыш аймағы Қызылорда облы-
сының Қармақшы ауданы аумағында ор наласқан.
Адамзат тарихында алғаш рет ғарыш
қа адам
ұшыр ған «Байқоңыр» ғарыш аймағының дүниеге
келуі ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де
бірегейі болды. 1955 жылы қаңтардың 12-сінде
«Байқоңыр» ғарыш аймағының қазығы қағылды.
1957 жылы 4 қа занда ғарыш алаңынан тұң ғыш
ғарыш ракетасы ұшырылды. Ол дүние жү зіндегі ең
бірінші жердің жасанды серігін ор би таға шы ғар ды.
«Бай қо ңырдан» тұңғыш рет «Восток» ғарыш кеме-
сімен адамзат баласы 1961 жылы ғарышқа аттан-
ды.
1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарыш кері
Т.Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен «Бай-
қоңырдан» ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлес-
кен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.Мұса-
баев ғарышта екі рет, 1994,1998 жылдары болды.
Байқоңырдағы Қазақстан
азаматтарының саны қанша?
Байқоңыр халқының саны қанша, оның ішінде Қазақстан азамат та ры-
ның саны ше? Білім ордаларында қанша бала тәрбиеленуде?
ДИНАРА, Алматы облысы
Бүгінгі таңда Байқоңыр қаласында
барлығы 68 770 адам тұрады. Оның 39
918-і, яғни 58 пайызы – Қазақстан
азаматтары. 18 жасқа дейінгі балалар
мен жасөспірімдердің жалпы саны – 16
785. Олардың 4342-сі – алты жасқа
дейінгілер, ал 6 жастан 18-ге дейін гілер
– 12 443 адам.
Қала мектептеріндегі барлық оқушы
саны – 9741, оның ішінде қазақстандық
– 6748, яғни 69 пайыз. Кәсіптік мек теп-
тер мен лицейлерде оқитын оқушылар
саны – 1521, оның ішінде қазақстан-
дық тар – 1246, яғни 82 пайыз. Балабақ-
ша лармен 1276 бала қамтылған, қам-
тылмағандары – 1288 бала.
ПАЙЫМ
Ғарыштың кілті – ғылымда
Бүгінде ғарыш айлағына саусақпен санарлықтай елдер ғана ие.
Халықаралық сарапшылардың дені «сол санаулы ғана елдердің ішінде
Қазақ елінің мәртебесі биік, шоқтығы жоғары» деседі. Тіпті қайсыбір
сарапшылар тарапынан «2020 жылға қарай Қазақстан ғарыштық
державаға айналуы мүмкін» деген жорамалдар да айтылып қалады...
Жалпы, ғарыш айлағы жөнінде сөз етер болсақ, әлемде француздық –
Куру, бразилиялық - Алькантра, американдық Си-Лонч ғарыш айлақтары
көшбасшы болып саналады. Отандық ғалымдар «солардың ішінде біздің
«Байқоңырдың» беделі бәрінен асқақ» дейді.
Негізінен, ғарыштық даму, ғарыш сала сы,
ғарыштық инфрақұрылым дегенде, біз көбі-
не се Байқоңырды, ондағы зымыран-тасығыш-
тарды, ғарыш айлағын жалға алу мерзімін,
одан түсетін пайда мен ғарышқа ұшырылатын
қазақ ғарышкерлерінің тағ дыры жайында сөз
етеміз. Мұндайда көбі несе ғарыштық дене-
лер дің құрылысы, ғарыш тық жүйелер, ғарыш-
ты жерден ба қы лау, яғни ғарышқа ғылыми-
зерттеу жа
сау жұмыстары тасада қалып
жататыны жасы рын емес. Міне, біз бүгін айту-
лы Ға рыш күнін пайдалана отырып, осы салаға
өзіндік ғылыми-зерттеулер жасайтын «Ұл ттық
ғарыш тық зерттеулер және технология лар
орталығы» АҚ-ға қарасты «В.Г.Фе сен ков атын-
дағы астрофизика институты» еншілес жауап-
кершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы барып,
аталмыш саланың өзіндік жаңалықтары мен
ізденістерін ойға түйіп қайттық....
ҒАРЫШ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ...
Байыптасақ, біз ішкі жаңалығына үңіл гіміз
келген «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және
жаңа технологиялар орталығы» АҚ, В.Г. Фе-
сен ков атындағы астрофизика институты,
Орта Азиядағы санаулы инс
ти
тут
тардың
қатарына жатады. Мамандардың айтуынша,
мұнда қызмет ететіндер үнемі ізденіске, дәйім
жаңашылдыққа құмар. Бұған қатысты атал-
мыш институттың ғылыми істер жөніндегі ди-
ректорының орынбасары Рашит Валиуллин:
– Астрофизика – насихатты, қолдауды
қажет ететін сала. Ғарыш саласын одан әрі
дамыту үшін нақ осы астрофизика ғылы мына
аса мән берген жөн. Жақында біздің институт
жанынан бір метрлік телескоп ұзақ жылғы
тоқыраудан кейін қайта іске қосылды. Мұндай
телескоп Қазақстанда бар-жоғы үшеу ғана.
Өзге телескоптардан бұл телескоптардың
ерекшелігі жаңа іске қосылған ғарышты
зерттеу құралы авто мат ты жүйеге көшірілген.
Яғни оны ғалам тор арқылы кез келген жерден
басқара беруге болады. Бұл телескоп белсенді
галактикалық ядроларды, айнымалы, қос
жұздыздарды және басқа да аспан дене лерін,
ғарыш айлақтарын бақылап, зерт
теуге
арналған. Бұл Қазақстан ғылымын дағы озық
жетістіктің бірі болып саналады, – дейді.
Жалпы, ғалымдардың айтуынша, ғарыш-
тағы белсенді үрдістердің физикасы, ғарыш-
тану мен жұлдыздардың қозғалысы, ай мен
ғаламшарлардың физикасы, спутниктерді
бақылау және ақпараттық жүйелер қызметі
бүгінде біздің елде бір тіндеп дамып келеді.
Осы мақсатта отандық ғалымдар АҚШ, Гер-
ма ния елдерімен тығыз байланыс орнатып,
маман біліктілігін арттырып келеді. Соңғы
кез де рі отандық ғалымдар ғарышта жиналған
қоқыстардың ауқымын бақылайтын және
оны зерттейтін қабілетке қол жеткізген. Инс-
ти тут ғалым да рының қазіргі таңдағы ең жо-
ғары ғылы ми жаңалықтары ретінде 42 сей-
ферттік галактиканың ашылуын айтуға
бо ла ды.
ҒАРЫШ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
Ғалымдардың айтуынша, ғарыштағы
қоқыстардың жиналған жерін әлемдегі екі-ақ
мемлекеттің территориясынан анық бақы-
лауға болады Оның бірі АҚШ болса, екіншісі
– Қазақстанның Алматы қаласы. Бұл жайында
мамандар:
– Бүгінгі күні көптеген дамыған елдер
ұшырылған жасанды Жер серігінің қоқыс-
тармен соқтығысып қалмауын алдын ала білу
үшін біздің көмегімізге жүгінеді. Сондықтан
жаңа қондырғының тек Қазақ стан үшін емес,
әлем мемлекеттері үшін де маңызы өте зор
деп айтуға болады. Атал мыш телескоптардың
көмегімен біз осыны да аңғара аламыз, –
дейді.
Әрине, бұған қатысты жердегі қоқыс өз
алдына, ғарышта қоқыстардың жиылуы
мүмкін емес деушілер де табылады. Бірақ
мамандардың айтуынша, қазір жерге жа қын
орбитада, жерден 2000 шақырымдық қа-
шық тыққа дейінгі кеңістікте көлемі 1 санти-
метр ден асатын 200 мыңдай қоқыс, ал көлемі
1 миллиметрден асатын 330 мил лионнан
астам қоқыс бар (!) Бұл қо қыс тар – істен шық-
қан, бірақ орбитада қалып қойған жерсе рік-
тері, зымыран дар дың жоғарғы сатылары мен
қозғалтқыш-блоктары, ыдыраған ғарыштық
нысан дардың бөліктері. Міне, мамандар бұ-
ған қатысты «болашақта осы ғарыш қоқыс-
тарын зерттеуді бақылауды тереңдете түсу
қажет тігін, орбитадағы қоқыстардың тарихи
маңызы бар екенін» алға тартады.
ҒАРЫШ ЖӘНЕ МАМАН
Ал енді бұл саладағы мамандар мәсе лесі
жайында сөз етсек, мемлекет тарапы нан осы
ғарыш саласын зерттейтін астро физиктерді
даярлауға мемлекеттен бөлі нетін грант көлемі
өте аз. Ал ақылы бө лім бойынша, оқуға түсуге
ниет біл діру шілер жоқтың қасы. Бұған қоса,
мамандар ғарышты бақылау және зерттеу
саласына қатысты қолда бар телескоптардың
тозығы жете бастағанын, құралдардың алды-
ның қызмет еткеніне 40 жылдың жүзі бол ға-
нын, болашақта жабдықтар түгелдей ауысты-
ру ды талап ететінін алға тартады. Сондай-ақ
ең өкініштісі, бұл мамандық бойынша бі лім
алғандардың бірді-екілісі ғана зерттеу
жұмыс
тарымен айналысуға ден қояды.
Мамандардың сөзіне қарағанда, жастар
ғылымға қаржы аз бөлінеді деп есептеген-
діктен, бұл салаға аяқ баспайды. Сондай-ақ
бүгінде ғарышты зерттеу саласын оқыту
мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбей отыр.
Осы салаға қатысты қазақ тіліндегі оқулық тар
да тапшы. Сол себепті қазақтілді маман -
дардың бірнеше буыны орыстілді мамандар-
дан кенже қалып барады. Ал мұндай жағ-
дайда қалайша «Қазақ елі 2020 жылға қарай
ғарыштық держава боламыз» деуге болады?
Әрине, қазірде ғарыштық ғылыми-зерттеу
институттары, орталықтар арнайы шетелдік
әріптестерімен тәжірибе алмасып, шетелден
білім алып жатқан жайы бар. Десек те, ма-
ман дар «алып ғарыш айлағы бар ел үшін
мұның бар лығы аздық етеді. Біздің қазіргі
мақ сатымыз – нақ осы ғарыш саласын зерт-
теу ге, ғарышты игеруге барынша пейілмен
кірісу. Ол үшін әрине алдымен осы салаға
жастарды тарту керек» дейді.
ҒАРЫШ Т
УРИЗМІ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ
Кәмшат САТИЕВА
Қазір ғарыш туризмі мақсатында тек Халы-
қаралық ғарыш стансысы (ХҒС) қолда-
нылатынын баса айта кетелік (Халықаралық
ғарыш стансысы– әлемнің 23 мемлекеті қаты-
сатын өзара халықаралық жоба). Мәсе лен,
ұшу ресейлік «Союз» кемесі мен ХҒС-нің Ресей
сегментінің көмегі арқылы жүзеге асырылса,
туристерді ұшыруды ұйымдастыру мен Роскос-
мос пен Space Adventures (ғарыш туризмімен
айналысатын америкалық ком пания) айна-
лысады. Ғарыш туристері Мәс кеудің жанын-
дағы Жұлдыздар қалашығында дайындықтан
өтеді.
Space
Adventures
Роскосмоспен
2001 жылдан бері әріптестікте жұмыс істейді.
Олар дың көмегімен 2009 жылдың соңына
дейін тоғыз турист ғарышта болып қайтқан
екен. Соның ішіндегі ерекше бір-екеуіне тоқ та-
ла кетелік. Мысалы, алғашқы коммерциялық
ғарыш керлер Тоехиро Акияма (Жапония) және
Хелен Шарман (Ұлыбри та ния) «СоюзТМ-11»/
«СоюзТМ-10» ғарыш кемесі мен 1989 және
1990 жылдары кеңестік ор
би
та стансысы
«Мирге» сапар шеккен екен. Ал 2001 жылы 28
сәуірде америкалық биз нес мен Деннис Тито
Халықара
лық ғарыш стансысынан «Союз»
ғарыш кемесі арқылы көк ке көтерілді. Бұл
«СоюзТМ-32» экипа жы құра мын да ресейлік
ғарышкер Юрий Батуринмен қатар, жерлесіміз
Талғат Мұсабаев та бар болатын. Бұл сапары
жайлы Т. Мұсабаев өз естелігінде былай
жазады: «Біз орбитаға шық қанымыз сол екен,
Деннис қуаныштан жарылып кете жаздады.
Өзінің сезімін жасыра алмаған ол: «Мен ең
бақытты адаммын! Ме нің арманым орын дал-
Ғарыш туристері деген кімдер?
Адамның Жер шарынан тыс
орбитаға шығуы 20-23 мил лион
долларды құрайды. Алайда бұл
қызмет құнының тым
қомақтылығы «аспанды
бағындырғысы келетіндердің»
жолын тежей алмай отыр. Сол
себепті 2007 жылдан бастап
ғарышқа сапарлау құнының
сметасы қайтадан қарастырыл-
ған. Сөйтіп, ол 20-дан
30-40 м и л лион долларға дейін
өскен. Осыдан-ақ ғарыш
туристерінің өз арманын
орындауға миллиондарын
шашуға әзір бай-бағландар
екенін байқай беруге болады.
ды!» деп айғай салды. Шыны керек, бірнеше
сағаттан соң осы «сөз шеңдігі» үшін оған қиын
болатынын жақсы білдім...»
2002 жылы 25 сәуірде «СоюзТМ-34»
кемесімен Оңтүстік Африка Республикасының
бизнесмені Марк Шаттлворт ғарышқа сапарлап
қайтты. Ол Ресейдің Федералдық ғарыш
агенттігіне бұл сапары үшін 20 миллион доллар
төлеген.
2008 жылы 12 қазанда америкалық мил-
л ионер, компьютер ойындарын жасап шыға-
рушы Ричард Гэрриот ғарыш турисі атанды.
Гэрриоттың әкесі Оуэн Гэрриот та ғарышта
сапарда болған. Әрі ол коммерциялық ұйым-
ның тапсырысы бойынша Жерден тыс аймақ та
ақуыз кристалдарын өсіру бойынша ғылыми
тәжірибе жасаған алғашқы ғарыш турисі
болып табылады. Ол бұл сапары үшін 30 мил-
лион доллар ақы төлеген.
Келесі жылы ТМД бойынша ғарышқа
алғашқы турист ұшпақшы. Ресейлік бұқаралық
ақпарат құралдарының мәліметінше, ол –
Мемлекеттік думаның депутаты Владимир
Груздев.
NASA ЖОСПАРЫ
NASA өз қызметінің рентабельділігін арт-
тырудың көзі ретінде ғарыш туризмін және
жапсарлас ұйымдар арқылы ғарыш айлағына
қызмет көрсетуді қарастырып отыр. Қазір
мұндағы танымал туроператор – Ричард Брэн-
сонның Virgin Galactic-і. Таяуда ол SpaceShipT-
wo туристеріне арнайы транспорт әзір
леп
берген. Бұл аппараттың паркі 10 жылдан кейін
40-45 туристі орбитаға алып шыға алады.
Осыдан кейін Virgin Galactic күніне үш-төрт
ракетапланмен туристер тасымалдайтын бола-
ды. Ал билеттің құны ол кезде 200 000 дол-
ларды құрауы тиіс. Міне, бұл – NASA-ның
ғарыш индустриясындағы алдағы 10 жылға
деген жоспары.
РОСКОСМОС ЖОСПАРЫ
2005 жылы Роскосмос және SpaceShipTwo
кәсіби емес ғарышкерлерді және Айға ұшу
туралы коммерциялық жобаны жүзеге асыру-
шы инвесторды іріктеу жөнінде өзара мемо-
рандумға қол қойған. Ол бойынша SpaceShip
Two кәсіби емес ғарышкерлерді және Айға ұшу
туралы коммерциялық жобаны жүзеге асыру-
шы инвесторды іріктеу және маркетинг жөнін-
де айрықша құқыққа ие болады. «Энергия»
РКК аталған жобаның техни калық жұмысын
атқаруды міндетіне алады. Ұшу қайтадан жи-
нақ
талған «Союз» кемесі арқылы жүзеге
асырылады.
2008 жылы Ресейде Virgin Galactic-тің
SpaceShipTwo кемесімен ұшу үшін билеттер
сатыла бастады. Бір билеттің құны – 5 мил лион
рубль, яғни шамамен 200 000 доллар. Бұл
билеттерді сатумен Virgin Galactic-тің Ресей дегі
өкіл компаниясы Elegant Resorts айналысады.
Virgin Galactic туристерін субор
би
тальдық
орбитаға алғаш рет 2011 жылы алып шығады
делінген. Тура осындай жобаны EADS 2012
жылы жүзеге асырмақшы.
ҒАРЫШТЫ ЖЕРДЕН ТАМАШАЛАУ
Біреулер туристерін ғарыш айлағына
дайындап, жеткізгені үшін, екіншісі әлемдегі ең
ірі ғарыш айлағын жалдап, сол сапар шек кіш-
терді ғарышқа тасымалдауда қыруар табысқа
кенеліп жатқан жайы бар. Ал осы «Байқоңыр»
ғарыш айлағы орналасқан Қазақ стан одан
керемет пайда көріп жатыр деп айта алмаймыз.
Оны ішінен тамашалау үшін де Ре сей ге ақша
төлейміз. Ал ол қанша тұрады?.. Ол үшін ға-
рыш та жүргендей сәтті бастан кешіргісі келетін
азаматтар екі апта бұрын бес күнге билетке
тапсырыс беруі керек екен. Ре сей мен Қазақстан
азаматтары күніне 50 000 рубль (250 мың
теңге), шетел азамат тары бұл қызмет түріне
80 000 рубль төлеуі тиіс екен.
Достарыңызбен бөлісу: