калық байқау жариялаған болатын. Ғарыш
зығушылығын жоғары бағалады. Оның
танытыпты. «Байқоңыр-2011» фантасти-
фантаст-жазушылары кірген. Сонымен
білдірген. Жалпы, ғарыш күні қарсаңында
Бәйге 12 маусымда аяқталады. Бәйгеден
бұл атақ ешкімге берілмепті. Құрметті аза-
екен.
шығады. Ғарышта ауа жоқ болған-
дық тан, дыбыс та жоқ. Онда жарық
қажет емес. Бұл толқындарды біз
қа газдар бар. Онда дыбыс неге солар
ғыз дығы азырақ. Дыбыс толқыны газ
ести алмаймыз. Бәлкім, таңға жайып
қуыс екені анықталған. Сондықтан,
есімді төбет ит. Ол мінген кеменің
жанып кеткен болатын. 40 жыл-
қойылды. Лайкадан кейін маман-
тер де ұшқан болатын. Белка мен
кеткен болатын. Сонымен қатар
табылды. Оларға арнайы еркін
керек бол ған. Осындай тәжіри-
өт кен болатын. Дайындық бары-
іс істейтіндігін анықтаған. Мы-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№61 (513) 12.04.2011 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
АЛАШ АЗАМАТЫ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Ресей Ғылым академиясының Күннің
рентген астрономиясы зертханасының
мәліметі бойынша, сәуір айында магнитті
дауылды Жер шары тұрғындары алты рет
сезінеді. Астана уақытына ауыстырған
кезде оның кестесі төмендегідей болады:
11 сәуір –13.00-18.00
17 сәуір – 09.00-12.00
18 сәуір – 08.00-11.00
23 сәуір – 14.00-16.00
25 сәуір – 08.00-10.00
28 сәуір – 12.00-14.00
30 сәуір –22.00-00.00
Геомагнитті дауыл Күннің белсенді
әрекетінен, яғни оның бетінен атылатын
жарқылдардың әсерінен болады. Биыл
Күн белсенділігі айрықша байқалып отыр.
Ғалымдар магнитті дауыл әсерін елемеуге
кеңес береді. Ал жүрек-қан тамырлары
ауруымен ауыратындар дәрігерлерден
кеңес алғаны жөн.
Биыл геомагнитті дауылдар көп болады деп жатыр ғой. Осы сәуір айында
мұндай құбылыс қанша рет байқалмақ? Бұл құбылыс неден болады және
мен сияқты қаны аз адамдарға оның зияны бола ма?
Айгүл КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Осы айда геомагнитті дауылдар қанша рет сезіледі?
ДАТ!
Ақамбай БЕЙСЕМБАЕВ, ҚазҰТУ Автоматика және
телекоммуникациялар институтының директоры, техника
ғылымының кандидаты, доцент:
– Адамзат баласы ғарышты
игергеніне жарты ғасырдың жүзі
болды. Бұл ретте Қазақстанның
алатын орны ерекше. Алайда
бүгінгі «Байқоңыр» көршілес
Ресейге ұзақ мерзімге жалға
берілген. Осы бір ғажайып кешенді
түбінде өзіміз игеріп алып кете
аламыз ба?
– Ғарыш кеңістігін игеру осыдан 50 жыл
бұрын қазақ жерінде, дәлірек айтсақ,
Байқоңырдан бастау алғанын біз үнемі
мақтан тұтуымыз керек. Әрине, тылсымға
толы шексіз ғаламды зерттеу бұдан ертерек
басталған. Дегенмен адам баласы әуе
кемесіне отырып, тұңғыш ғарышқа ұшқан
күннің ғарышты игеру тарихы жыл
на-
масының басында тұрғаны сөзсіз. 12 сәуір
ғарыш саласы мамандарының атаулы дата-
сы ғана емес, бұл күн – әлемдегі тех-
нологиялық прогрестердің тың серпін
алған күні. Қазақстан кезінде Кеңес Одағы
құрамында болғандықтан, Байқоңырдан
бастау алған жетістіктеріміз одақтас
республикалардың барлығына ортақ
болып келді. Демек, бұл елеулі датаны
посткеңестік кеңістіктегі елдердің бәріне
ортақ мереке деуге әбден болады. Дей
тұрғанмен де, бұл ретте Қазақстан тара-
пының алар орны ерекше болуы тиіс.
Әлемге әйгілі «Байқоңыр» ғарыш айлағын
бүгінде өзгелер кең қолданысқа пай да-
ланып жүргенімен, оны түбінде өзіміз иге-
ріп кететінімізге кәміл сенемін. Жер
шарының қақ ортасында, қазақ жерінің
төрінде тұрған «Байқоңырды» ешкім арқа-
лап әкете алмайды. Ендігі кезекте бүгінгі
ұрпақ осы бір ғарыш кешенінің тетіктерін
өзі ұстап, заманауи әуе кемелерінің
бөлшектерін болса да өзіміз жасауды
мықтап қолға алуымыз қажет. Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-
станды бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
қосу мақсатында интеллектуалды ұлт
қалыптастыру мәселесін үнемі қадап айтып
келеді. Интеллектуалды ұлт дегеніміз –
жаңа ғылыми жетістіктерді меңгерген,
кәсіби білікті, өз саласының маманы,
бірнеше тіл білетін, тың идеялардың
бастамашысы бола білетін, білімді ұрпақ.
Біздің ең озық деген 50 елдің қатарына
қосылуымыз үшін Елбасы тарапынан
бірқатар нақты міндет жүктелген. Соның
негізгі бір бөлігі ғарыш саласын игеруге
қатысты.
– «50 жылда ел жаңа» демекші,
осы уақыт аралығында біздің
елімізде ғарыш саласына қатысты
қандай елеулі жаңалықтар орын
алды?
– Адамзат баласы ғарышты игеру
арқылы көптеген таңғаларлықтай жетістікке
қол жеткізді. «Байқоңыр» Қазақстанда
орналасқан ғарыш айлағы ғана емес, ол
– адамзат пайдасына жұмыс істеп отырған
үлкен ғылыми-технологиялық кешен.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда сіз бен біз емін-
еркін пайдаланып жүрген интернет, радио,
телевизия және өзге де коммуникациялық
байланыс желілерінің жетілуі мен нан о тех-
нологиялардың дүниеге келуі – ғарыш
мамандарының еңбегі. Қалай десек те,
қоғамдағы кез келген сала ғарыштық
технологиялардың көмегіне зәру. Қазіргі
уақытта астрономия, картография, гео де-
зия, биология, география, химия, меди-
цина сияқты күрделі салалардағы жүзеге
асырылып жатқан жаңа жобалардың дені
– осы ғарыштық зерттеулердің тиімді нәти-
жесінен. Елімізде бірнеше жылдан бері
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
жүр
гізілуде. Бұл бағдарлама аясында
атқарылатын көптеген іс-шарада ғарыш
мамандарының тигізер пайдасы өте зор.
Мысалы, белгілі бір көне тарихи қорымдар
мен қорған, бекеттердің орналасқан жерін
анықтау үшін ғарыштан түсірілген арнайы
фотосуреттер қажет. Тіпті жердің қойнауын,
онда жатқан қазба байлықтарды, теңіз бен
мұхиттардың астын зерттеу үшін де
ғарыштан жүргізілетін зерттеулер өте қажет.
Сондықтан да ғарыш саласын жаһанданған
әлемдегі технологиялық прогрестің ло-
комотиві десек, артық айтпаған болар-
мыз.
– Бүгінгі таңда әлем
технологиялық жарысқа түсіп
отыр. Осы жолда «Байқоңыры»
бар Қазақстанның мүмкіндіктері
қандай?
– Қалай десек те, «Байқоңыр» кеңес
өкіметінің меншігі саналып келді. Еліміз
Тәуелсіздік алғаннан кейін біз оны
толыққанды өзіміз игеруге дайын болмай
шықтық. Сол себепті де осындай алып
кешенді іске қосу үшін өзгелерге жүгінуге
тура келді. Осы орайда әлем елдерін сын
тезіне салып, бәсекелестіріп отырған
ақпараттық, технологиялық жарыстардан
біздің едәуір қалып қойғанымыз рас. Оның
үстіне қазіргі Қазақстан өндіруші емес,
тұтынушы мемлекетке айналып отыр.
Себебі тамырына қан жүгіртіп, эконо-
микамызға қосымша серпін беріп отыратын
үлкен өндірісіміз жоқтың қасы. Ал ғарыш
саласына келсек, тіпті қиын жағдайдамыз.
Бізге «Байқоңырымыз бар» деп құрғақ
сөзбен мақтанғанша, нақты кешенді
бағдарламаларды өмірге енгізетін уақыт
жетті. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдың
жүзі болды. Халқымыз көптеген қиындықты
бастан өткерді. Алайда елімізде ұтымды
жүргізілген саясаттың нәтижесінде
басқалармен терезесі тең мемлекетке
айнала бастадық. Қазір еліміздің әл-ауқаты
90-жылдардың басындағыдай емес. Ол
кездерде аспандағы емес, жердегі
мәселелер бізді қатты алаңдатты. Ал
бүгінде заман өзгерді. Әлем елдері болса
жаңа технологияларды дамытқан үстіне
дамыта түсуде. Өз іргесін бүтіндеген жас
мемлекетіміз енді осы бір алапат күшке
шама-шарқынша ілесіп кетуі тиіс.
– Бір қарағанда, біз бір
«Байқоңырымызды» жалға беріп
қойып, бейқам отырған
сияқтымыз. Ғарыш технологиясы
саласы болса кеңістікке жол таба
алмай, көлеңкеде қалып қойған
сыңайлы. Мамандар болса ауыз
толтырып есеп бергенге әуес...
– Кездесіп отырған түрлі кедергілерге
қарамастан, бүгінгі Қазақстан ғарышты
игеру жолында қол қусырып отыр деп айта
алмаймын. Мемлекет тарапынан да осы
салаға мүмкіндігінше көңіл бөліну үстінде.
Әйтсе де осы төңіректе шешілмеген түйт-
кілдер аз емес. Еліміздегі кейбір ғылыми
орталықтар мен арнайы оқу орындарын
айтпағанның өзінде бүгінде елімізде ғарыш
технологиялары мәселелерімен тікелей
айналысатын «ҚазҒарыш» мекемесі бар.
Атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевтың
жетекшілігіндегі бұл мекеме мамандары
қазіргі кезде үлкен-үлкен жобалармен
айналысу үстінде. Біздің ұлттық техникалық
университет мамандары олармен байланыс
орнатқан. «ҚазҒарыш» басшыларының
алға қойған мақсаттарының бірі – еліміздегі
ғарыш саласына қатысты барлық мекеме,
орталықтар мен білім ошақтарының басын
бір арнаға тоғыстыру. Өйткені ғарыш
саласы саяқ жүріп игеретін ғылым емес.
Мұнда күш біріктіру негізгі рөл атқарады.
Өзіміз бастап бас қоспасақ, бізбен өзгелер
де әріптес болуға ниет таныта қоймас.
Сондықтан да біз шетелдік ғарыш ма-
мандарының терең тәжірибесіне сүйене
отырып, өзіміздің жоба-жоспарларымызды
түзуіміз керек. Қажет болса, біз ғарышты
толық игереміз деп талпыныс жасамай-ақ,
осы бағытта ең алдымен Қазақстан
мүддесіне қызмет ететін жобаларға даңғыл
жол ашуды қарастырғанымыз абзал. Басқа
басқа, дәл осы ғарыш саласын игеру ісінде
біз басқалармен бірікпей, жұмыс істей
алмаймыз. Ғылым – ол интернационалды
сала. Оның ішінде ғарыш саласына
байланысты жетістіктер – адамзатқа ортақ
игілік. Алайда соған қарамастан, біз
адамзатқа ортақ ғылымның өзінен ұлттық
мүдде тауып отыруымыз қажет.
– Сіз айтып отырған ғарыш
агенттігі бүгінде нақты немен
айналысып отыр?
– Бұл мекеме жайдан-жай құрылған
жоқ. Оның көптеген жоспары бар.
«ҚазҒарыш» агенттігінің қазіргі басты
жобаларының бірі ғарыш кемелерінің
бөлшектерін құрастыруды өзімізде жүзеге
асыру болып отыр. Бұған қатысты нақты
жоба-жоспар да бар. Қазіргі сәтте агенттік
басшылары өздері түзген жобаларды
жүзеге асыру үшін нақты қандай мамандар
қажет екендігін саралап, арнайы мо ни-
торинг жүргізуде. Бұл ретте, әрине, қазақ-
стандық мамандарға да сұраныс туатыны
сөзсіз.
– Қазақстандық мамандар
демекші, келесі қазақ ғарышкері
қашан ғарышқа ұшады?
– Ғарышты игеру тек ғарышкер
дайындаумен ғана шектелмейді. Егер де
шын ниетіміз бен ынта-жігеріміз жетіп
жатса, түбінде өзіміз жасаған ғарыш
кемелерімен өзіміздің ғарышкерлеріміз
ұшатын болады. Бізге жалпы ғарыш
технологиясын игермей болмайды. Ол
үшін өзгелермен иық тіресе жұмыс істеуіміз
қажет.
– Өзгелермен иық тіресе жұмыс
жүргізудің нәтижесінде біз
«ҚазСат» жер серігінен айырылып
қалдық емес пе?..
– Қазақстандық ғарыш саласы
мамандарына көп сын айтылатыны рас.
Себебі ғылымға келгенде көп жағдайда
басқаларға тәуелділігіміз байқалып
жатады. Осыдан бірер жыл бұрын басқа
елдің мамандарына тапсырыс беріп,
«ҚазСат» жер серігін ұшырдық. Нәтижесінде
жер серігін көзімізден тасада қалдырып,
жоғалтып алдық. Миллиондаған ақша
желге ұшты. Ғылымға қатысты «нашар
нәтиженің өзі де – нәтиже» деген сөз бар.
Осының өзі бізге үлкен сабақ болды.
– Ал біздегі негізгі ғарышты
зерттеу ғылымы әлі күнге кеңес
тұсында шығарылған
оқулықтармен, сол базамен ғана
шектеліп отырғаны – шындық. Бұл
мәселеде неден сабақ алып
отырмыз?
– Былайғы жұрт «неге әлі күнге дейін
біз ғарыштық державаға айнала алмай
отырмыз» деген сауалды жиі көтереді. Бұл
– айтуға ғана оңай сұрақ. Ал мұның
жауабын табу үшін ұзақ жылдар кетеді.
Ғарышты игеру жолында біз, сөзсіз, Ресейге
иек артамыз. Қазақша көмекші оқу құрал-
да ры бізде аз да болса, бар. Бірақ ғылым-
ның тілі бізге басқа талаптар қоюда.
Қайткен күнде де «ғарыш технологиясы
әліппесін» осы көршілерімізден үйренуге
тура келіп отырғанын мойындауымыз ке-
рек. Олар да өз кезегінде өзге мем лекет-
терден сабақ алып отырады. Тіпті біздің
«Байқоңырдай» кешендері болмаса да,
әлемнің кейбір елдерінде ғарыш тех-
нологиясы айтарлықтай дамып отыр. Бұл
сол мемлекеттердің ғылымға қатты көңіл
бөліп отырғандығының белгісі болса
керек.
– Қазақстан бүгінде ғарыш
саласы мамандарын даярлау
ісінде қандай мемлекеттердің
ғалымдарына арқа сүйеп отыр?
– Өзіміздің университетімізге қатысты
айтар болсам, біз негізінен Ресей және
Франция ғалымдарымен тығыз қарым-
қатынастамыз. Университет ректоры
Жексенбек Мәкейұлы осыдан біраз бұрын
Францияның Тулуза қаласына арнайы
іссапармен барып, сондағы Аэроғарыш
университетінің білікті мамандарымен
келісімшарт жасасып қайтқан болатын.
Соның нәтижесінде біздің оқу орнында
қазір Қазақстан-Франция электротехника,
энергетика және автоматтандырылған
жүйелердің қызмет көрсету орталығы
жұмыс істеуде. Аталған орталықта ғарыш
технологиясына да қатысты жан-жақты
зерттеулер жүргізіліп жатыр. Осы тарапта
біз алдағы уақытта да басқа елдердің
ғылыми орталықтарымен бірлесіп жобалар
жасамақпыз.
– Ғарыш саласын игеру үшін
Достарыңызбен бөлісу: