Әрекеттесуші массалар заңы және гетерогенді процестер. Әрекеттесуші массалар заңын гидролиз және амфотерлік процестеріне қолдану



бет4/5
Дата27.09.2024
өлшемі174,36 Kb.
#145961
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 3 аналит

Әлсіз негіз және әлсіз қышқыл

  • Әлсіз негіз және әлсіз қышқылдан түзілген тұз анион және катион бойынша гидролизге түседі.
  • Бұл жағдайда судың Н+ және ОН- иондарын байланыстыру орын алады. Гидролиз өнімі әлсіз негіз және әлсіз қышқыл болады.
  • CH3COONН4 → CH3COO- + NН4 +
  • H2O → OH- + H+
  • CH3COONН4 + H2O → CH3COOН + NН3∙H2O
  • Мұндай тұздар ерітіндісінің реакциясы түзілген қышқыл мен негіздің салыстырмалы күшіне байланысты. Егер қышқылдың диссоциация константасы негіздің диссоциация константасынан үлкен болса, онда орта қышқыл болады, ал керісінше, егер K мәндері жақын болса (бұл жағдайдағыдай), орта бейтарап болады.
  • К(NН4ОН) = 1,76∙10-5
  • К(CH3COOН ) = 1,75∙10-5

Гидролиз процесі гидролиз константасы мен және гидролиз дәрежесімен сипатталады.

  • Гидролиз процесі гидролиз константасы мен және гидролиз дәрежесімен сипатталады.
  •  Әрекеттесуші массалар заңын қолданып тепе-теңдік константасын жазуға болады, оны гидролиз константасы деп атайды.
  • Гидролиз константасы – гидролиз өнімінің концентрациясының ерітіндідегі жалпы концентрациясына қатынасы.
  • Кг = КН2О /Кқышқ. 
  • Кг = КН2О /Кнег.
  • КН2О – судың иондық көбейтіндісі.

  • Бұл қатынастардан қышқыл не негіз әлсізірек болған сайын, яғни диссоциация константалары аз болған сайын гидролиз тереңірек жүретіні көрінеді.

КН2О температураға байланысты өзгеретіндіктен, температураны көтерсе және ерітіндіні сұйылтса, гидролиз артады, керісінше, температураны төмендетсе, гидролизге ұшырайтын тұздың концентрациясын жоғарылатса, гидролиз дәрежесі азаяды.

  • КН2О температураға байланысты өзгеретіндіктен, температураны көтерсе және ерітіндіні сұйылтса, гидролиз артады, керісінше, температураны төмендетсе, гидролизге ұшырайтын тұздың концентрациясын жоғарылатса, гидролиз дәрежесі азаяды.
  • Сондай-ақ, гидролиз процесі қайтымды болғандықтан Ле Шателье принципін қолданып, гидролиз дәрежесін азайту үшін не күшті қышқыл, не күшті негіз ерітінділерін қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет