2 Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімін). Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
- оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде;
- оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда. Мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру психолиялық-медициналық-педагогикалық кенес ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». Егер оқушылар (ЕБҚ 2 және 3 топ балалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп кеңесі баланың оқу үлгерімін бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады. ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң болып саналады.
Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама шеңберінде қойылады.Бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау материалдарын өзгерту.