Ерекше білім алу қажеттілігі ерекше білім беру қажеттілігін анықтау. Ерекше


Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану



бет4/7
Дата28.04.2023
өлшемі44,63 Kb.
#87974
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция №5-6

3. Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану.
Бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жүзеге асырылады, алайда баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігін пмпк ұсынуы мүмкін.
Мұғалім арнайы және баламалы әдістерді ұштастыра отырып, барлық сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ЕБҚ бар балаларды оқытуды жүзеге асырады. Оқыту формасы немесе жай тәсілдерді қолдану оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімделіп алынады. Көбінесе мұғалім бүкіл сыныпқа қолданатын тапсырмаларды және де оны балаға беру тәсілдерін бейімдеу талап етіледі.
3-кесте. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдері.






Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдерінің нұсқаулары

1

Уақыт аралығында тапсырмалар саны азаяды

2

Оқу тапсырмалары қысқартылады

3

Оқу, жазу үшін мәтін қысқартылады

4

Басқа оқушылар орындайтын тапсырмалардан ерекшеленетін жеке тапсырмалар ұсынылады

5

Тапсырманы орындау үшін қысқартылған және кезеңі көрсетілген нұсқаулықтар ұсынылады

6

Жаттығуды қайталау және меңгергенді бекіту үшін көп уақыт бөлінеді

7

Ауызша түсіндіру ыммен, суретпен, картинкамен, заттармен жүргізіледі

8

Сабақта көбінесе оқушының әрекет түрі ауысады

9

Жаттауға берілетін ақпарат саны азаяды

10

Жазу барысында оқушыға дауыстап жазуға рұқсат беріледі

11

Сабақта меңгерілетін жаңа сабақтың мәнін ашу үшін оқушыға заттық тәжірибелік қызмет ұсынылады

Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. Арнайы оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы балаларға арналған арнайы мектептерде қолданылады: есту, көру, ақыл- ойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған. Жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға болады: «кіші қадамдар»; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; «сөйлеу тілін жандандыру»; заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдыға қарай жылжу», меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады.


Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды оқыту, «нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер. Оқытудың баламалы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандар білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет