Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар



Дата31.12.2021
өлшемі21,29 Kb.
#21687
Байланысты:
ЕББҚ бар окушылар Согысбекова.М


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАР

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері: бәрінің сапалы білім алуға тең құқылығы, білім беру жүйесін дамытудың басымдығы және әр тұлғаның зияткерлік дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере келе, халыққа арналған білім берудің барлық деңгейлерінің қол жетімділігі болып табылады.

Елдегі арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңдегі міндеттері - барлық балаларды сапалы білім беруге қосу процесі, көпшілік мектептерге арнайы және инклюзивті білім беруді енгізу, ерекше оқу қажеттілігі бар балалардың жеке траекториясын дамытуға бағытталған білім беру моделін құру.

Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайда білім берудің мақсаты мен міндеттері–білім алудың өмір бойына үздіксіздігі, білім сапасы мен қолжетімділігін, соның ішінде қашықтан оқыту арқылы қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білім беру қызметтерінің кең спектрін қамтамасыз ету үшін тиімді жағдай жасау тәжірибесін белсенді түрде жүзеге асыру, олардың қанағаттануын жақсартады. Жаңа ақпараттық білім беру технологияларын енгізу және қашықтан білім беру арқылы білім беру бағдарламаларын және осы санаттағы балалардың білімге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.



ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүгінгі күні қашықтан оқыту білім берудің еркін формасы, оның кейбір идеяларын материалдық-техникалық базалары бар қалаларда, аудандарда, ауылдарда жүзеге асыру  мүмкіндігі болып табылады, сондай-ақ басқа бағдарламалардан, жоспарлардан, стандарттар мен арнайы жағдайларға тәуелділігі аз болады.

Қашықтан оқыту – елімізде жалпы білім беру және арнайы білім жүйесінің құрылымдық жүйесі және ұйымдастыру, әдіс-тәсілдердің елеулі өзгерістерін білдіретін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды  арнайы оқыту формасы. Бұл өзгеріс барлық балалардың психофизикалық жағдайлары мен даму деңгейіне қарамастан әлеуметтену, тәрбиелеу, білім беру және дамытудың қашықтан электронды әдістерінің  бейімделген жүйесін жасақтауда.

Бұл берілген білім беру формасы оқушыларға жергілікті жерде мектепке оқуға мүмкіндік береді, бір уақытта қашықтағы оқу-әдістемелік ортасы мен ақпараттық  білім беру ресурстарымен  өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Үйден оқитын баламен педагогтан басқа (тьютордан) педагог-дефектолог, түзетуші педагог, педагог-логопед, педагог-психолог мамандар қашықтан жұмыс жасайды. Педагог-дефектолог ақпараттық бейімделуді, виртуалды-нақты әлеуметтенуді, түзете-дамыта оқытуды, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстары оқыту бағдарламасы бойынша білімнің олқылықтарын толықтыруға бағытталады.

Әр мұғалім қызметін әдістемелік сүйемелдеу, оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, денсаулығын  сақтау, түзете-дамыту жұмыстары, демалыс, бос уақыттарын ұйымдастыру қашықтан оқу процесінің мазмұндық жағын қамтамасыз ететін оқыту ресурстық орталықтары, құрылымдары жағдайында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ресурстық орталық оқу-әдістемелік процесті өтуіне жауапты, оны бақылауды жүзеге асырады, техникалық мәселені шешуді қадағалайды.

Қашықтан оқытуға тән ерекшеліктері:

модулділік, бұл белгілі білім салалары туралы толық түсінік беретін әр бөлек курстар   (минимальды уақыт алатын сыйымды және барынша нақты модуль жасақтау, баланың бос уақытта өз бетімен жұмыстану үшін қызығушылық тудырады);

- оқушыларға тұлғалық бағытталған оқыту (сабақ және уақыт шектеуі жоқтығы, әр оқушының сақталған әлеуетін қолдана отырып кестеден тыс жұмыстану мүмкіндігі, бала өзінің кемшіліктерінен ұялған жағдайда немесе отбасынан тыс қарым-қатынас жасауға келіспеген жағдайда қашықтан оқыту);

-  технологиялық, өз бетімен, бірақ білімді меңгеру деңгейі бақылатын үдерісте өзара әрекет етудің әртүрлі әдістері, формалары және құралдары;

-  интерактивтілік,  ерекше білім беру қажеттілі бар балаларды оқытуға толық сәйкес келетін және жеткілікті құралдар болып табылады.

-физикалық қашықтықта бөлінгеніне қарамастан мұғалім мен оқушының тиімді өзара іс-әрекеті.

-педагогикалық техниканы қолданатын;

-дайындалған әдістемелік материалдар тиімділігі және оларды жеткізу түрлері;

-кері байланыс тиімділігі.



ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС

Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.  Ата-аналардың мақсаты педагогтармен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Мамандар ата-аналармен тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек. Маманның  ұсыныстары ата-анаға өз баласын жақсы түсінуге көмектеседі, онымен өз қарым-қатынасын құруды  үйретеді және оған қоршаған өмірде толық бейімделуіне  көмектеседі.



Көптеген ата-аналар педагог уақыттарын үнемі «ерекше» балаларға жұмсайтындықтан, денсаулығы бар балаларға жеткіліксіз назар аударады деп уайымдайды. Алайда кәдімгі топтарға ерекше қажеттіліктері бар 3-4 баладан артық қосылмайды және педагог денсаулығы бар балаларға қанша уақыт бөлсе, оларға да сондай уақытын бөледі. Мамандар ата-аналарды өз баласымен ынтымақтастықтың психологиялық – педагогикалық технологияларына, оны түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді, сондай-ақ оларға психологиялық қолдау көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет