1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама



Дата21.04.2023
өлшемі237,71 Kb.
#85035
Байланысты:
510682.pptx


Дәрісбаян тақырыбы:
Білім беру технологиялары

1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі 2. Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама


Жоспары:
«Технология» түсінігінің мәні - «шеберлік жөніндегі ілім»педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология
сипатын айқындаушы терминдер:
Оқу-үйрену
Білімдендіру
Тәрбиелеу
Дәстүрлі технологиялар
Оқыту технологиялары
Авторлық технологиялар
Бағдарламастырылған және
проблемді оқу технологиялары
Педагогикалық технология

  • бұл педагогикалық әрекеттер табысына
  • кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба.

Біріншісі- теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко,және т.б.)
Екіншісі- тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов және т.б.)
Педагогикалық технологиялардың
іске асу жолдары:
Дидактикада оқу технологиялары
төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
  • қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік);
  • философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл-әкімшіл (авторитарлы);
  • тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс жауапты (ассоциативті-рефлекторлы); іс-әрекетті (бихевиористік), іштей ұғу ( интериоризаторлы), дамытушы;
  • тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл- әрекеттік ( оперативті –ақыл-ой әрекеттері әдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру);
  • дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология және т.б.


Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы- оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі.Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
-білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейідегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсірісі орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту- бекіту-қадағалау- бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу.
Дәстүрлі (қайта жасау-репродуктивті)
технологиясы
Дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді
- оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы - мектеп тәжірибесіне енген оқу іс-әрекеттері арасындағы аса танымалы
(Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин және т.б.).
Педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос-жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, әсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі
оқу және тәрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нәтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дәлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі тереңдейді, жетекші роль теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Жауапты әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз өз әрекеттерін сезінуі түсінуі, оқу іс-әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байқап, тануы.
Проблемді оқыту технологиясы
-оқу ізденістер барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі,қызығуы, ой-өрісі,шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды.
- бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану.
Қашықтықтан оқыту технологиясы
Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі іс-әрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді. (Д.Б Эльконин )

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет