А.Т. Рыстыгулова, Г.Қ. Жұмабекова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
(E-mail: gulsairan555@mail.ru)
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ Қашықтықтан оқыту жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар басқа балалармен тең мүмкіндікте білім алуы тиіс. Қазірдің өзінде, еліміздегі коронавирустық инфекцияға байланысты, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудегі қашықтықтан оқытуды енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру мәселесі әлемдегі өзекті проблемалардың бірі. Қазақстанда бұл құбылыс, назардан тыс қалдырылмады. Бұл проблема өзіне қатты назар талап етеді, өйткені туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар балалардың саны жыл сайын артып келеді. Мемлекет дамуындағы ауытқулар бар балаларды ерте диагностикалау мен ерте түзету міндеттерін қояды. Қазіргі таңдағы қашықтықтан білім беру жүйесі, өз кезегінде осы санаттағы балаларды мүмкіндігінше педагогикалық-психологиялық қолдау арқылы жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік лицейлерде және жоғары оқу орындарында оқыту процесіне қосылуы тиіс деп ойлаймын.
2020 жылғы әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты барлық оқу орындарын жаппай қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Осы жағдайды ескере отырып, балалардың ерекше қажеттіліктерін және мектептегі білім беру жүйесінің талаптарын ескере отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру жағдайында, балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау арқылы, қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану даярлығының нәтижесін жорамалдауға болады, егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану даярлығының теориялық негіздері анықталып, құрылымдық-мазмұндық моделі мен оның тиімділігін бағалайтын, эксперименталды түрде дәлелденген ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру жағдайындағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану дайындығын қалыптастыратын арнайы курс бағдарламасы жоғары оқу орнында педагогикалық үдеріске енгізілсе, онда студенттердің қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану дағдылары дамып, кәсіби шеберлігі артады, өйткені осындай модельдегі болашақ маманды дайындау қоғам сұранысына ие.
Бүгінгі таңда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әр түрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, сапалы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты- әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиындықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден, білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы. Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан-ақ қиыншылықтарға тап болады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қашықтықтан білім берудің мақсаты: Даму ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Бұл арнайы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру болып табылады.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған .
Осы заңға сәйкес «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог- дефектологтардың, балаларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылып отыр. Осылайша мемлекетіміз ерекше білім беру қажеттіліктері бар жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға жақсы араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруға қолдан келгенше жағдай жасап отыр.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқытудың артықшылықтары . :
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектептің өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдар мен қарым қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқыту – барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді.
Әдебиеттер: Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы
Кобрина Л.М. Дистанционное обучение детей с ограниченными воз-можностями здоровья как средство интеграции в системе образованияЛенинградской области/ Л.М. Кобрина, Е.Т. Логинова. Равные возможности– новые перспективы.- М.: ГОУ ВПО МГПУ, 2010.