Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар



бет2/3
Дата19.09.2023
өлшемі70,5 Kb.
#108567
1   2   3
2-тарау. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар

3. Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты ерекше білім беруді қажет ететін балалар екі топқа бөлінеді.


4. Бірінші топқа даму мүмкіндігі шектеулі балалар кіреді:
1) 1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған есту қабілеті зақымдалған (есту аймағында есту қабілеті орташа 40-тан 80 децибелге дейін, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалар);
2) көру қабілеті зақымдалған (көзі көрмейтіндер – көру сезімінің толық болмауымен, жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,04-ке дейін жарық сезуімен немесе қалдық көрумен және нашар көретін балалар – жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,05-тен 0,4-ке дейін көру өткірлігімен);
3) зердесі зақымдалған (ақыл-ой кемістігі бар);
4) психикалық дамуы тежелген;
5) сөйлеу қабілеті зақымдалған (1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу дамымаған, фонетикалық-фонематикалық сөйлеу дамымаған, ринолалия, дизартрия, ауыр кекіру, жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар (дислексия, дисграфия);
6) әртүрлі психикалық функциялардың (ақыл-ой қабілетінің, қабылдаудың, зейіннің, есте сақтаудың) жеткіліксіздігі салдарынан жекелеген мектеп дағдыларын игеру қиындықтарымен айқындалады.
7) тірек-қимыл аппараты бұзылған;
8) эмоциялық-ерік бұзылыстарымен: қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстарымен (аутизммен), мінез-құлық бұзылыстарымен және қиындықтарымен;
9) күрделі (біріктірілген) бұзылыстармен.
5. Оқу қиындықтары даму мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты туындаған бірінші топ балаларының ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша мынадай қызмет түрлері көзделеді:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының өзгеруі;
2) оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлерін өзгерту;
3) оқытудың вариативтік, арнайы және баламалы, оның ішінде мінез-құлықты қолданбалы талдау қағидаттарына негізделген әдістерін пайдалану;
4) оқулықтар мен ОӘК-ны іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау;
5)педагог-психологті, арнайы педагогті (оның ішінде олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед (мұғалім-логопед), педагог-ассистентті арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау;
6) оқыту бағдарламасын таңдау (жалпы білім беретін, арнайы);
7) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу;
8) компенсаторлық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
9) әлеуметтік педагогты сүйемелдеу;
10) жүріп-тұруы қиын мүгедек балаларға арналған жеке көмекшінің қызметін әлеуметтік қорғау ұйымдары медициналық-әлеуметтік сараптаманың оңалту-сараптамалық қорытындысы (оңалтудың жеке бағдарламасы) негізінде көрсетеді.
6. Бірінші топтағы балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін коэффициентті ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру есебінен қанағаттандырылады. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК) ұсынымдары бар қорытынды (дамудың бұзылу түрі туралы) ерекше білім беруді қажет ететін баланы оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың негізі болып табылады.
7. Екінші топқа ақыл-ой және физикалық дамуы бұзылған балалар кіреді, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері олардың білім беру процесіне енуіне кедергі келтіретін әлеуметтік-психологиялық және басқа факторлармен анықталады:
1) әлеуметтік осал топтағы отбасыларда тәрбиеленетін, микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балалар;
2) жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, қандастар);
3) соматикалық және өзге де аурулар салдарынан мүгедек балалар.
8. Екінші топтағы балалар үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша мынадай қызмет түрлері көзделеді:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгертпей оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз ету;
2) үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен қосымша сабақтарды ұйымдастыру;
3) оқу орнын бейімдеу;
4) мектеп психологін қолдау;
5) әлеуметтік педагогті қолдау.
9. Екінші топтағы балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша қызмет көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің және/немесе білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің ұсынымдары негіз болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет