Байланысты: 13- күн Ерекше білім қажет балаларды саралау (1)
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың сараланған тәсілін ұйымдастыру Әрдеңгейлі тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың сараланған тәсілінің мәні материалдың мазмұнын жеңілдету емес, ал оқушының түпкі мақсатқа жетуіне, яғни тапсырманы өз бетінше орындауына әкелетін қарапайым жолды табу болып табылады.
Мұндай саралау өзіндік жұмыс үшін нұсқаулық сипатының өзгеруіне саяды, яғни өзіндік жұмысқа дайындық сұрақтары немесе жаттығулар кіреді, олардың орындалуы негізгі тапсырманы шешуге әкеледі. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға тапсырмадан басқа артта қалудың алдын алу үшін мұғалім жанама түрде көмек болып табылатын теориялық анықтамасы, нұсқауы, іс-қимыл алгоритмі бар карта береді.
Саралауды іске асыру шеңберінде үш шартты топ айқындалады. Әр топтың құрамы өзгеруі мүмкін:
1-топ- үнемі қосымша көмекті қажет ететін оқушылар.
2-топ– өз бетінше орындай алатын оқушылар.
3-топ– қысқа мерзім ішінде материалмен жоғары сапалы дәрежеде жұмыс істей алатын және басқаларға көмек көрсете алатын оқушылар.
1-топ оқушылары төмен және тұрақсыз жұмыс қабілеттілігімен, тез шаршағыштығымен, өз іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы қиындықтармен, есте сақтау, зейін, ойлау дамуының төмен деңгейімен сипатталады. Оларға тұрақты ынталандыру, жарқын уәждеме, уақыт режимін нақты бақылау, тапсырмаларды орындау сапасын тексеру, даму тапсырмаларын қосу қажет.
2-топ оқушыларының есте сақтау және зейін, ойлау қабілеті жақсы дамыған, сауатты сөйлейді, олар елгезектігімен, адалдығымен, жоғары оқу уәжімен ерекшеленеді. Оларға үнемі мұғалімнің жалықтырмайтын назары, кішігірім ынталандыру, шығармашылық тапсырмаларды қосу қажет.
3-топ оқушылары «академиялық дарындылыққа» ие, бұл танымдық қажеттіліктің бірлігін, эмоционалды қатысуды, уәжді және өз іс-әрекеттерін реттеу қабілетін қамтиды.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар негізінен қиындыққа тап болған оқушылардың 1-тобына кіреді, оларға мынадай көмек түрлері көрсетіледі:
1) көмекші карточкалар,
2) дайындық жаттығулары,
3) тақтадағы жазбалар.
Көмекші карточкалар 1-топтың барлық оқушылары үшін бірдей болуы керек немесе жекелеп таңдауға болады. Оқушы көмек деңгейінің өсуіне қарай бірнеше карточка ала алады. Әр сабақ сайын білім алушыға берілетін көмек деңгейі азаяды.
Карточкаларда әртүрлі көмек түрлері ұсынылуы мүмкін:
- тапсырманы орындау үлгісі, шешу тәсілін көрсету, пайымдау үлгісі;
- анықтамалық материалдар;
- алгоритмдер, жадынамалар;
- суреттемелер, қысқаша жазба, схема;
- сөздерді түсіндіру, тапсырманың кез-келген бөлігін көрсету;
- көмекші сұрақтар;
- шешім жоспары;
- шешімнің басталуы;
- оқу іс-әрекетінің сипаты.
Ұсынылған карточкаларды жеке тапсырмалар үшін, бағдарламаның нақты тақырыптары бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, тақтада өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін, сабақтарда зерделенген материалды бекіту кезеңіндегі шағын тексеру жұмыстары үшін пайдалануға болады.